Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ер Төстік ертегісіндегі халық арманы

28 сәуір 2016, Бейсенбі
Алматы облысы, Іле ауданы,
Боралдай кенті, №39 гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Нуримова Мира Сатбайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісіндегі халық арманы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ертегі мазмұнын талдата отырып, ғажайып құбылыстар сырын ашу, оқушы сезімімен ұштастыру.
Дамытушылық: Ертегі жайлы түсінігін кеңейтіп, пікір алмастыра білуге үйрену, өмірмен байланыстыра келе өзіндік ой қорытындысын жасай білуді дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған жер, ел алдындағы парызын терең түсіне білуге, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Бекіту сабағы
Әдіс тәсілі: Сұрақ - жауап, салыстыру, топтастыру стратегиясы, ойға шығу стратегиясы.
Көрнекіліктер: Кесте, слаид кестелер, кітап көрмесі
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а. Сәлемдесу, түгендеу.
ә. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
б. Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындату.

IV. Сабаққа дайындық кезеңі
«Шаттық шеңбері» (Оқушылар бір - біріне тілек айтады)

VII. Оқушылардың білімдерін тексеру және сабақты бекіту
Ертегінің мазмұнын ашқыза отырып, құрылысына қарай талдату, тәрбиелік жағын ашу.
Ертегілер елінде
1. Ертегі дегеніміз не?
2. Ертегінің қандай түрлері бар?
3. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
4. Ауыз әдебиетінің түрлері қандай?
5. Ер Төстік ертегісі қай ертегінің түріне жатады?
6. Ертегінің қандай керемет ғажайыптарын аңғардың?

Ертегі бойынша шатасқан оқиғалар тізбегі
1. Төстіктің ағаларын іздеп шығуы
2. Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы
3. Төстіктің дүниеге келуі
4. Төстіктің жер астына түсуі
5. Тоғыз ұлды үйлендіру
6. Шойынқұлақ пен Ер Төстік
7. Елге оралу
8. Ер Төстік және оның адал достары

Композициялық құрылымына талдау
1. Ертегінің басталуы. Ер Төстіктің дүниеге келуі
2. Ертегінің дамуы. Төстіктің ағаларын іздеп шығуы
3. Ертегінің байланысы. Тоғыз ұлды үйлендіру
4. Ертегінің шиеленісі. Ерназардың сорқұдықтың басына қонуы
5. Шарықтау шегі. Төстіктің жер астына түсуі
6. Ертегінің шешімі. Елге оралу

«Мынау кім?» ойыны
1) Сегіз ағаңның бары рас еді, жұт жылы кетіп еді, содан қайтқан жоқ. Қайда жүргендерін білмейміз,- дейді. Кімнің сөзі? (Анасы)
2) Әкем маған жылқыдан таңдатсын, Шалқұйрық атты берсін, жасаудан ақ сырмалы сауытты берсін, түйеден құба інгенді берсін дейді. Кімнің сөзі? (Кенжекей)
3) Төр алдына бара бергеніңде екі сұр жылан ысылдап келеді де екеуі жеңінен кіреді, қойыныңнан шығады, қойыныңнан кіреді де қонышыңнан шығады. Олар кімдер? (Бабыханның ұлы мен қызы)
4) Жұрттан асқан алыппын, жер үстінде де, астында да маған шақ келетін адам жоқ. Ол кім? (Таусоғар)
5) Шырағым, шаршадың ғой, деміңді алып, ұйықта, жарысарда өзім оятамын,- деп ұйықтатып тастайды. Ол кім? (Мыстан)
6) Ей адамзат, бұл жерге не жұмыспен келдің? Менің балапандарымды аулай келдің бе? Бұл жерді адам басқан емес, бұл менің мекенім. Бұл кім? (Қарақұс)

Мәтінмен жұмыс
Ертегінің аты: «Ер Төстік»

Біріккен сөздер: Шалқұйрық, Көлтаусар, Таусоғар, Желаяқ, Шойынқұлақ.
Көнерген сөздер: Сауыт, хан, бақыр, лашық, қылбырау, кездік

Концептуалдық кесте
Кейіпкерлер
Ер Төстік →Ер мінезді, батыл →Зұлымдықты жеңді
Кенжекей→Мейірімді, ақылды →Қиындыққа қарсы тұра алады, ақылымен шешеді
Мыстан кемпір→Қу, өтірікші → Өз басының қамын ойлайды

Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы Ерназар мен Мыстанның диалогы (сөздікпен жұмыс)

«Ой тастау»
Ертегі сендерге ұнады ма? Қалай ойлайсыңдар осы ертегі бойынша мультфильм түсіруге бола ма?
Ертегідегі халық арманы
Менің арманым

Оқушылардың білімін бағалау
VIII. Үй тапсырмасы.

Осы ертегіге ұқсас ойдан ертегі жазып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 852
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Физикалық және химиялық құбылыстар
Физикалық және химиялық құбылыстар
Физикалық және хим. құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту. Тәжірибе арқылы білім берін толықтырып, өмірмен ұштастыру. Құбылыстарды ажырата біледі. Өмірмен байланыстыра алады.
«Ер Төстік» ертегісі
«Ер Төстік» ертегісі
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
«Ер Төстік» ертегісі
«Ер Төстік» ертегісі
Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батешова Гулжазира Қайырғалиқызы
Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ – нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Борина Аккенже
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×