Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нәсіреддин Сералиев «Аңсау»

29 сәуір 2016, Жұма
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№17 орта мектеп Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Сутбаев Абубакир

Сабақтың тақырыбы: Нәсіреддин Сералиев «Аңсау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Нәсіреддин Сералиев «Аңсау» әңгімесін талдау, шығарманың тақырыбын, мазмұнын аша отырып оқушыларды ауызша өз ойын айтуға дағдыландыру.
Дамытушылық: шығарманы өмірмен байланыстырып дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Халқымыздың атаны сыйлауға үйрету, адамгершілікке, тәрбиелеу, ата - ана мен немере байланысын сезіндіру.
Түрі: Бекіту сабағы.
Көрнекілігі: Н. Сералиев портреті, топтастыру, интертақтадан слайдтан сұрақтар көрсету.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Оқушыларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Слайд түрінде сұрақтар әдісі бойынша тексеру. (Әр топ тиісті сұрақтарға жауап береді).
І топ: Сұрақтары
1). Шығармадағы атаның есімі кім? (Қалымбет)
2) Оқиға қай айда болған? (шілде)
3). Шығармадағы кішкене баланың аты кім? (Ермек)
4). Ермектің жасы нешеде?(бесте)
5). «Мында кел, мында тығыл». Кімнің сөзі? (атаның)

ІІ топ: Сұрақтары:
1). Қалымбет ата қай жер тұрады?(Сырдың арғы жағында «Мақпалкөл» кеңшарында)
2). Бала қазақша қалай сөйледі?(Бала қазақшаны орысша араластырып сөйледі)
3). «Ермекжан өз атасына ұқсатқан ғой. Ауылдан келген сайын немереме деп бауырсақ ала келетін еді»Кімнің сөзі? (Ермектің мамасы)
4). Баланың өз атасы қайда кеткен?(қайтыс болған)
5). Шал қалаға неге келді?(кенже баласы үйленіп, құдалығына зат алуға келген)

ІІІ топ: Сұрақтары:
1). Атаны қонақүй неге қабылдамады?(паспорты жоқ)
2). Есік ашқан жылы жүзді, қара торы келіншек қарияға қалың қасын көтере таңырқады. Осы кім? (Ермектің мамасы)
3). Шіркін немере деген тәтті - ау. Кімнің сөзі? (атаны4)
4). Ол күшіктерде мені сағынып жүр ме екен. Ата кім туралы ойланып отыр? (немерелері) 5). Ермек түсінде не көрді? (Сары бауырсақтар)

ІY топ: Сұрақтары:
1). Ата қай қонақ үйге келді? (Сырдария)
2). Кемпірім талмарсың деп бес - алты түйір құрт салып еді, содан басқа ештеме... Осы кім? (Ата) 3). Бала шаттанып, шалдың алдынан секіріп түсті де... тетігін қосты? Көп нүкте орнындағы сөз. (теледидар)
4). Баланы жазушы қалай суреттеді? (қара домалақ бала)
5). Атаның арқалап жүрген нәрсесі? (қоржын)

Топ басшы сұрақтары:
1). Бала қартты не үшін үйіне ертіп әкелді?(Атасына ұқсатты)
2). Баланың шешесі не үшін балаға қарттың қасына жатуға рұқсат етті? (Баланың атасын қатты сағынып жүргенін білген соң)
3). Қалымбет қария не үшін кетіп бара жатқанда мекен жайын айтты? (Баланың ықласын риза болған соң)
4). Бала не үшін қарттың қасынан шықпады?(атасын аңсап жүр еді)
(Әр топтан топ басшысы сайланып оқушылардың сабаққа қатысын бағалап отырады. 1 балдық жүйемен бағалайды)

Дәптермен жұмыс:
І топ: Ата туралы мақал - мәтелдер жазу.
ІІ топ: Бала неге қазақ тілін бұзып сөйлеп жүр, түсіндіріп көр.
ІІІ топ: Баланың түсіне неге сары бауырсақтар кіріп жүр. Осыған өз түсінігіңді жазу.
ІҮ. Шығармашылық тапсырма: «Менің атам». Өз ойын айту.

Ү. Сабақты қорытындылау
ҮІ. Оқушыларды бағалау:
Әр топтағы топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды.
ҮІІ. Үйге тапсырма: «Мен атамды мақтан тұтамын» тақырыбына шығарма жазып келу.
3 444
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 2-сабақ
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 2-сабақ
Бөлім Әдеби шығарманың құндылығы Оқу мақсаты 5. Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу. Оқушы мақсаты Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашады.
М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәнерлеп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу, әдеби шығарманы талдау біліктілігін арттыру. Сабақтың типі: аралас сабақ
Т. Молдағалиев Бауырлар
Т. Молдағалиев Бауырлар
Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысы, Жарсу деп аталатын ауылда дүниеге келген. Тұманбай поэзиясымен туған елге, туған жерге, Отанға ата мен анаға, дос құрбыға деген сөнбес махаббат сезімін оқырмандардың жүрегіне ұялатып келеді.
Т. Әбдіков «Қонақтар»
Т. Әбдіков «Қонақтар»
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін талдау, шығарманың тақырыбын, мазмұнын аша отырып сұрақтарға жауап алу, шығарма мазмұнын баяндауға дағдыландыру.
Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
Қ. Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесін оқып келгенін тексеру, шығарманың тақырыбын, мазмұнын ашып, сұрақтарға жауап алу, шығарма мазмұнын айтып беруге дағдыландыру.
Нәсіреддин Сералиев «Аңсау»
Нәсіреддин Сералиев «Аңсау»
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×