Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Жеңіс мерекесі

08 мам 2016, Жексенбі
Атырау қаласындағы химия - биология бағытындағы
Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна

Ерлікке тағзым
Сол бір күн жадыраған жаз болатын,
Адамдар жанарынан нұр таматын.
Кенеттен соғыс ашып фашистер,
Бұзды ғой бейбіт күннің салтанатын.

Бұл өзі қырық бірдің маусымы еді,
Құлаққа аттан деген дауыс келді,
Бозбала, өрімдей кіл жас жігіттер,
Сұранып қан майданға, соғысқа енді

Аналар қалды аңырап, құлыным деп,
Сәбидің іңгәлаған шырылы көп.
Жас ару шығарып сап сүйген жарын,
Күні - түн еңбек етті, бұрылу жоқ.

Хат жазып жас жарына, анасына.
Боздақтар шайқасты ұрыс даласында.
Майданнан келген елге қара қағаз.
Өзгеріс салды адамдар санасына.

Қансырап қан майданда ес жия алмай,
Өмірден кетті боздақ жар сүйе алмай,
Қайтпады қан майданнан арулар да,
Қос жұлдыз Мәншүк пенен Әлиядай.

Әйтеуір жойқын соғыс аяқталды.
Аударып қасиетті парақтарды.
Қуантып келді Жеңіс төрімізге,
Алқызыл қызыл туға бояп таңды.

Өтіпті жетпіс бір жыл содан бері,
Әрине әркімге ыстық туған жері.
Құлпырып кетті бүгін мұнайлы аймақ.
Көк байрақ төбемізде жібереді.

Майданнан қайтпай қалған жерлесім көп,
Соғысты енді басқа бермесін деп,
Майдангер қарт айтады ақ тілегін,
Бейбіт күн сәбилерді тербесін деп.
4 396
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі
Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі
Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр бабалар мен туған жер топырағынан соғысқа қатысып, Отанын қорғаған ардагер - майдангерлерді еске алу.
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы. Ересектер тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Ерлік - дастан, Жеңіс - думан
Ерлік - дастан, Жеңіс - думан
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледж оқытушысы А. Нұржанова Сауранбайқызы
Шығыстың  қос  шынары
Шығыстың қос шынары
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серімбетова Салтанат Темірханқызы
Жеңіс туы желбіре
Жеңіс туы желбіре
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×