Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл Жабаевтың сатиралық өлеңдері "Кәдірбайдың төбеті" атты өлеңі

09 мам 2016, Дүйсенбі
Жаңаөзен қаласының
№18 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Асқанбаева Қалжан

9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың сатиралық өлеңдері "Кәдірбайдың төбеті" атты өлеңі.
Сабақтың мақсаты: Білімділік - оқушылардың ақын туралы алған білімдерін молайту, сатиралық өлеңдері мен таныстыру.
Дамытушылық - ақын өлеңдері арқылы жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, шындықты ашық айту дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік - адамгершілікке, адалдыққа, шыншылдыққа, ұлтын сүйе білуге, өнерді құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, мазмұнын талдау, өлеңге сатылай талдау
жүргізу, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл суреті, ақын өмірінен деректер, шығармалар жинағы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
а ) оқушылармен амандасу.
ә ) оқушылардың сабаққа қатынасын, дайындығын тексеру.
б ) оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы.
Ж. Жабаевтың сатиралық өлеңдері. "Кәдірбайдың төбеті" атты өлеңі.
Топтастыру.
"Кәдірбайдың төбеті"
Бұл сюжетке құрылған, композициялық құрылымы бар өлең.
Оқиғаның байланысы - Жамбылдың жолаушылап шығуы.
Оқиғаның байланысуы - Жамбыл мен жолаушының кездесуі.
Оқиғаның шиеленісуі - Жамбылдың Кәдірбайдың итін мақтап жатқан жиынға баруы.
Оқиғаның шарықтау шегі - Кәдірбайдың мақтау айтқан ақындарға сыйлық дайындауы. (2 жорға, ет, қымыз, 100 тақта шәй, 1 қатын...).
Оқиғаның шешімі - Жамбылдың иттік мінезін бетіне басып, жырлауы.

"Кәдірбайдың төбеті"
1. Авторы: Ж. Жабаев 1846 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге
келген.
2. Тақырыбы: Кәдірбайдың өлген төбет иті жайлы баяндалады.
3. Жанр түрі - поэзия (өлең). Өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыстырып,
үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі. Яғни, бұл - сатиралық өлең.
4. Идеясы - мақтаншақ байдың итін ақынсымақтардың сыйлық үшін қызыл кеңірдек
болып жырлауы.
5. Шумақ - 43 (төрт бөлімнен тұрады).
6. Тармақ - 176.
7. Бунақ саны - 2.
8. Буын саны - 7, 8 буын.

4 -----------------3
Аяқтары /алдырып, а/7
3 -------------2 -----------3
Астымда атым /болдырды. б/8
4 ----------------3
Айдалада /қалдырып, а/7
2--------- 2 -------------3
Құба жонға /қондырды. а/7
9. Ұйқас түрі - кезекті ұйқас а, б, а, б.
10. Әдеби теориялық ұғымдар:
Теңеу - төредей, оттай жалынды.
Эпитет - шынжыр балық, шұбар төс.
Метафора - жорғаң - судың құндызы, өз мінезің - қырмызы.
11. Сөздікпен жұмыс.
Бәйіт - баяндау, қотан - мал түлейтін орын, ашық қора.
12. Өлеңнің тәрбиелік мәні. Өлеңде мақтаншақтық жат әдеттен сақтануға, адал, шыншыл болуға, өзгеге қиянат жасамай, адамгершілікті болуға тәрбиелейді.

Сабақты бекіту.
Сабақты қорытындылау.
Жамбыл - ақыл - ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет - бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бір өзі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны.
М. Әуезов
Үй тапсырмасы.
Ж. Жабаевтың сатиралық өлеңдері, "Кәдірбайдың төбеті" өлеңінен үзінді жаттау.
17 532
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Жүз жасаған Бәйтерек. Жамбыл - айтыс шебері
Жүз жасаған Бәйтерек. Жамбыл - айтыс шебері
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нұрмұханбетова Гүлбадан Тачстыбайқызы
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Жамбыл - айтыс шебері
Жамбыл - айтыс шебері
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Н.Бозжанов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абылхапова Баян Тұрсынбайқызы
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өлеңдері
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өлеңдері
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Рахимова Жаңылған Ынтықбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×