Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз таптары. Сан есім

11 мам 2016, Сәрсенбі
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Сан есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға сан есім, оның мағыналық түрлері туралы тереңірек білім беру.
Тәрбиелік мақсаты: Қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік - эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, сан есім туралы түсініктерін дамыту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандыру.
Түрі. Жаңа материалды игеру сабағы.
Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ - жауап, СКТ технологиясы.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа арналған кесте, оқулық, флипчарт.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
- оқушыларды түрлі түсті гүлдер арқылы 3 топқа біріктіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Абайдың «Аттың сыны» өлеңінен сын есімдерді табу.
I топ. Сын есімнің мағыналық түрін ажырату.
II топ. Сапалық және қатыстық сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрау.
III топ. Мақал - мәтелдер ойлап жазу.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
1) Сын есім нені білдіреді?
2) Мағыналық жағынан қандай түрлерге бөлінеді? Мысалмен дәлелде.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Жаңа материалды кабылдауға дайындық:
а) Тақырыптың аты жазылып, сабақтың мақсаты түсіндіріледі.
ә) «Сан есім» терминінің мағынасын проблемалық жағдаят тудыра отырып, оқушылардың өзіне анықтатқызылады.
б) Жаңа ұғымдар мен әрекеттерді қалыптастыру. Жаңа материалды көрнекіліктерді пайдаланып түсіндіру. Сан есім сұрақтары: қанша? неше? нешінші? нешеу?

«Топтастыру» стратегиясы бойынша:
Сан есім

жинақтық
есептік
болжалдық
топтау
реттік
бөлшектік

Жаңа сабақты бекіту:
Мысалдарды сан есімнің мағыналық түрлеріне қарай ажырату.
1. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі — еріншектік, үшіншісі - зұлымдық.
2. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына жолдауында ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 серпінді бағытын белгілеп берді.
3. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
4. Қазіргі Қазақстан Республикасында 60 пайызға жуық (57%) қазақ халқы төмендейді.
5. Жиналғанын төрттен бірі - балалар.
6. Олар бес - бестен топ құрды.
Оқулықпен жұмыс. 58 - жаттығу.

IҮ. Абайдың ұлағатты сөзін алып, талдау жұмысын жүргізу.
Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
1. Сын есімдерді табу.
2. Адамның сөзіне сатылай кешенді талдау жасау.
I топ: дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.
II топ: дауыссыз дыбыстарға.
III топ: фонологиялық талдау жасау.

Берілгені: Адамның = О=----=?
Шешуі. Адамның = 70 = 3 (а², ы) =?
4 Δ(д, м, н, ң)
1) 3 = 3 (а², ы) жуан немесе тіл арты
Ø жіңішке
2) 3 = 2 (а2) ашық
1 (ы) қысаң
Фонологиялық сатылай кешенді талдау жүргізу
Надандыққа
Жуан буынды сөз -
На - дан - дық - қа
۷а. б.۷б. б.۷б. б.۷а. б.
На -
дан -
дық -
қа -
жағдайда тасымалданады.
надандық – қа – (ке, - ге) буын үндестігі заңдылығына бағынады.

Тақтамен жұмыс.
«Отыз», «Алтау» сөздеріне фонологиялық және морфологиялық талдау жасап жазу.
«екіншісі» сөзіне ауызша (2 мин) үш сатыда талдау.
Жиырма беске.
1. Жиырма беске 3 кұрамынан түр.
2. Кұрылысына қарай; күрделі
З. Тұлғасына қарай; туынды.
4. Сөзде I лексикалық 2 грамматикалық мағына бар.
5 Лексикалық мағынасы санға берілген атау.
б 1 - грамматикалық мағына жиырма бес неше? сан есім
2 - грамматикалық мағынасы - ке барыс септігі арқылы берілген
8. «Жиырма беске» күрделі есептік сан есім.

«Сөз жарысы» ойыны. Берілген сан есімдердің орысша, ағылшынша аудармасын табу.
Бес, он бес, жиырма тоғыз, жүз жетпіс бес, екі мың, үш жүз алты, тоқсан тоғыз, сегіз жүз елу бір, алты жүз тоқсан бес.

Қорытындылау. Не білдім? Нені үйренгім келеді?
Үйге тапсырма. Сан есімдерді пайдаланып, «Біздің сынып» деген тақырыпта мәтін құрастыру.
Оқушылар білімін бағалау. Топ сарапшылары оқушылар білімін бағалайды.
5 165
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Семгалиевна Баршагул
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Еліктеу сөздер туралы түсінік
«Қостанай қаласындағы №9 орта мектебі» ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Скендирова Г.А
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары. Зат есім.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Ж. Бисембаева
Сын есім
Сын есім
Қызылорда қаласа, Қараөзек ауылы №39 «Қызылөзек» ортамектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сұлтанова Гүлсім Дәуітқызы
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×