Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістікті сөз тіркесі

08 тамыз 2016, Дүйсенбі
Алматы облысы, Қаратал ауданы,
Жылыбұлақ орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Тұрсынбекова Гүлмира Бейсенқызы

Қазақ тілі 7 сынып

Сабақ тақырыбы: Етістікті сөз тіркесі
Сабақтың мақсат: білімділік – етістікті тіркес туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту;
тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып, алыс - жақынын тани білуге шақыру.
Сабақта қолданылатын материалдар: Проектор, үнтаспа, слайд, видеоролик
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер, оқытуда АКТ - ны пай - далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» үнтаспа /музыка/ ұсынылып, топқа бөлу.

Қызығушылықты ояту
«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға билеттердің біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді
Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады? Сөйлем құрауда сөздердің бір - бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше? Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

Жаңа тақырып: Етістікті тіркес
Жаттығумен жұмыс: Көшіріп жазып, етістікті сөз тіркестерінің астын сызып көрсетіңдер.
«Қай сөз өз сыңарларын іздейді?» ойыны Мәтінді оқып, сұрақ құрастырып, келесі жұп жауабын табады. Жұптық тапсырма

Айлалы торғай
Галапагос дейтін аралда тоқылдақ торғайдың бір түрі тіршілік етеді. Бұл торғай тамағын байырғы құстардай тұмсығы мен тырнағы арқылы емес, адам сияқты басқа бір құрал жұмсау арқылы табады. Мәселен, олар ағаш тесігіне ұялаған құрттарды өсімдіктің кішкене шыбықшасымен шұқып шығарып алады.
Жуырда ғалымар торғайдың тіршілік әрекетін әбден зерттеп, кинофильге түсіріп алған. Торғай құлап жатқан ағаштың шіріген қабығын тұмсығы не тырнағымен сыдырып тастап, содан кейін ағаш тесігінде жатқан құртты кішкене шыбықшамен шұқып шығарып жей береді екен. Егер шыбықша ұзын болса, оны ыңғайлап сындырып алады. Тойғаннан кейін құрттарды шыбықшамен қайта – қайта шығарып алып, оларды қайта - қайта өз ұясына тыққыштап қор жинаған.

Сергіту сәті «Қара жорға» әніне кірпінің қимылымен билеу

Шығармашылық жұмыс
Сөз тіркесіне мысал ----- Талдап көрсету --------- Синаксистік қатынас түрі
Шымшыма әзіл --------- Сын есім - зат есім ------- Анықтауыштық қатынас

Төмендегі мәтінді оқып, кестеге үлгі бойынша талдау
Бұл қай күн?
Қазақта шымшыма әзілмен, қағытпа қалжыңмен өткір тілдесетіндер - нағашы – жиен, қатар - құрдас және жеңге мен қайны.
Жалпы бір - бірін жеңу мақсатында түрлі жұмбақ сұрақ қойып, тосын тапқырлыққа да жол беріп отырған. Тамаша тапқырлық пен түрлі тапқырлық әдісіне жол беретін «Тобық жығу» ойынын білетін боларсыңдар?
Жұмбақ айтыстар өз алдына бір әңгіме. Ал жеңгесі қайнысына жасырған жұмбақ есепті бәріміз бірге шешіп көрейік. «Егер бұл күн дүйсенбіден кейінгі немесе бейсенбінің алдындағы демалыс күн болмаса, ал ертеңнің арғы күні сенбі болмаса және кешенің арғы күні сәрсенбі болмаса, онда бұл қай күн?»

Үйге тапсырма беру Әдеби шығармалардан 10 етістікті тіркес жазып келу.
Бағалау Формативті бағалау
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

Толық нұсқасын жүктеу
4 290
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақпаевтың өмірі, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру, толықтыру;
Осы шақ, нақ осы шақ
Осы шақ, нақ осы шақ
Ойлау, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізе білу, шығармашылық қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, олардың өзіне тән ерекшелігін түсіндіру, тіліміздегі басқа тіркестерден ажырата білу;
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік беру. «Ұлпан» повесінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру
Батыр Баян поэмасы
Батыр Баян поэмасы
«Батыр Баян» поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту; Оқушылардың ой - қиялына ерік бере отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×