Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)

10 қыркүйек 2016, Сенбі
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып
Тақырыптар:
46. С. Жүнісов« Ақырғы бәйге»
47. Т. Молдағалиев « Бауырлар»
48. Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» әңгімесі
49. Фариза Оңғарсынова «Оюлар»
50. М. Шаханов «Отырар»


Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: С. Жүнісов« Ақырғы бәйге»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: С. Жүнісов өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні меңгере отырып, ақын идеясын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу;
2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, шығармалар жинағы..
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. М. Мақатаев «Мен таулықпын» өлеңін жаттау.

ІІІ. Білім тексеру:
1. Ақан сері өмірі туралы не білеміз?
2. Неге Ақанды сері деп атаған?
3. Сал, сері деген не?
4. Ақан серіден басқа қандай серілік құрған ақын - жырауларды білесіңдер?

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Сәкен Жүнісовтің өмірі жайлы мәлімет.
• 1934 жылы Көкшетауда дүниеге келген.
• Көрнекті жазушы, белгілі драматург.
• Романдары: «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері»
• Хикаяты: «Заманай мен Аманай»

2. Ой шақыру стратегиясы бойынша Ақан сері өмірі туралы мәлімет беру.
Ақан сері

Атақты сері
әнші
саяткер
құсбегі
сазгер ақын

3. Жазушы Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романынан алынып отырған бұл үзіндіден атақты әнші, ақын, сазгер, саяткер, құсбегі Ақан сері мен Құлагер тағдырының ең бір күрделі де қай жылы кезімен танысасыңдар.
Оқиға Ереймен өңіріндегі атақты паң Нұрмағанбет болыстың тоқсанға келіп өлген әкесі Сағанайға берген асында болғандықтан әңгіменің өзегі нақты тарихи оқиғаға құралған.

VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап:
• Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты.
• Ат үстінде неше түрлі өнер көрсетіп, сырнай тартып жүрген бала кім?
• Мөңкеге Ақан неге «Байқа бала Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме, жел жағында отыр» деді?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Мәтінмен жұмыс.
• Үзіндіні бөлімдерге бөліп, әр бөлімге тақырып қойып, жоспар құрыңдар.
• Үзіндідегі сыншылық өнер, той жаршысының өнері, атбегі баланың өнері сияқты қазақтың ұлттық өнерінің әрбірін жекелей сипаттап жазыңдар.
• Шығарманың тіліне көңіл аударыңдар. Жазушы қолданған үздік эпитет, теңеу, метафораларды дәптерге жазу.
• Мертіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жан – күйін жазушы қалай суреттеген? Тауып оқу және жаттап алу.

VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1. С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» туралы шағын шығарма жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
3 569
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Молдағалиев «Бауырлар»
Т. Молдағалиев «Бауырлар»
Т. Молдағалиев 1935 ж Алматы облысы, Жерсу деп аталатын ауылда дүниеге келген. Тұманбай поэзиясымен туған елге, туған жерге, Отанға ата мен анаға, дос құрбыға деген сөнбес махаббат сезімін оқырмандардың жүрегіне ұялатып келеді.
М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәнерлеп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу, әдеби шығарманы талдау біліктілігін арттыру. Сабақтың типі: аралас сабақ
Сәкен Жүнісов "Ақырғы бәйге"
Сәкен Жүнісов "Ақырғы бәйге"
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
C. Жүнісов «Ақырғы бәйге»
C. Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №165 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Ж. Бисембаева
Қысқа мерзімді сабақ жоспары қазақ әдебиеті 7 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары қазақ әдебиеті 7 сынып
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тонтакаева Қаламқас Қайыркенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×