Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)

10 қыркүйек 2016, Сенбі
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып
Тақырыптар:
51. М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық
52. Ж. Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен»
53. Нәсіреддин Серәлиев «Аңсау»
54. Әлем әдебиеті. А. Пушкин «Балықшы мен балық»
55. Д. Дефо «Робинзон Крузо» аралдағы өмірі


Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІV
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға поэзиялық туындының сюжетін меңгерту, әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға дағдыландыру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу, әдеби шығарманы талдау біліктілігін арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: пікір алмасу
Сабақтың әдіс - тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ - жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Мұхтар Шаханов портреті,
Мұхтар Шахановтың «Танакөз» жыр жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы
2. «Отырар» өлеңінің мазмұнын айту.

ІІІ. Білім тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.
• Шыңғыс пен Шағатай тілдесулерінен не ұқтыңдар?
• Шағатай әкесі Шыңғысқа не деп жауап қатты?
• Отырарды алу үшін Шыңғыс Шағатайға қандай зұлымдықты үйретті?
• Шыңғысхан алдына келген екі адам кімдер?
• Қайырханға Шыңғысхан қандай баға берді?
• Сатқынның әкесін алдырып Қайырхан не туралы сұрады?
• Қайырхан өлім сағатын күткен кезде не деді?

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Отырар өлеңінің ең түйінді, басты уақиғаларына тоқталу.
1. Отырар поэмасынан алынған үзіндіні кейіпкерлер атынан диалог әдісімен мәнерлеп оқу.
1) Автор 2) Шыңғыс хан 3) Шағатай 4) Қайыр хан 5) Қарашоқы 6) Қарашоқының әкесі
2. Шығармадағы басты ойды, негізгі пікірді анықтау: а) өлең сюжеті бойынша оқушылардың ойын, пікірлерін тыңдау; ә) «Отырар» поэмасындағы оқиғалар ретін көрсететін өлең шумақтарын анықтау.
Дәптерге әдебиет теориясы бойынша баллада терминіне түсінік жазу.
Баллада – лиро - эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл күйін, толғанысын жырлап қана қоймайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді.

VІ. Түсінік тексеру:
1. Тарих және география пәндері бойынша Отырар қаласына тарихи, аймақтық сипаттама беру.
2. Өлең құрылысындағы өзгешеліктерді анықтау, дәптерге жазу.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Сабақты дүниетанымдық сұрақтар бойынша қорытындылау.
1. Шығарманың бас қаһарманы кім?
2. Қайыр хан мен Қарашоқының Отырар трагедиясындағы орны.
3. Қайыр ханның соңғы арманы орындалды ма?
4. Баллададағы ұлт трагедиясының мәні неде? Оны қалай түсіндіңдер?
5. Қазіргі ұрпақтың міндеті мен парызы қандай болмақ?

VІІІ. Сабақты қорыту.
1. Бағалау:
2. Үй тапсырмасын беру:

1. Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы
2.«Отырар» өлеңі бойынша шағын ойтолғау жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
2 740
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Ерте келген тырналар» хикаятын меңгерту.
С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
С. Жүнісов өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні меңгере отырып, ақын идеясын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу; Өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 6. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып 7. Сөз бен мағына 8. Сөз мағыналарының сипаты 9. Сөз мағынасының өзгеруі 10. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 26. А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа» 27. М. Өтемісұлы Соғыс 28. М. Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлең тілі туралы мәлімет. 29. Ы. Алтынсарин «Өзен» 30. Ы. Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» атты
Мұхтар Шаханов "Отырар"
Мұхтар Шаханов "Отырар"
Ақмола облысы, Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Мұхтар Шаханов «Отырар»
Мұхтар Шаханов «Отырар»
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракемер мектеп - балабақшасы Пән мұғалімі: Әбдібаева Ырысгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×