Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұяң дауыссыздар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)

10 қыркүйек 2016, Сенбі
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыптар:
51. Ұяң дауыссыздар
52. Үнді дауыссыздар
53. Буын, оның түрлері
54. Жаттығу талдау
55. Тасымал


1. Пән аты: Қазақ тілі
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: IІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Ұяң дауыссыздар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың ұяң дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру:
a. Қатаң дауыссыздар туралы түсінік
b. 267 - 269 - жаттығулар

ІІІ Білім тексеру
Терме диктант
Иса әрі әнші, әрі ақын еді. Оның әншілігіне жұрт қатты риза болды. Исаға сыйлық тапсырылды. Жұрт Исаны сыйлап, қол шапалақтады. 2. Оқушылардан бір бригада құрылды. Ол бригада қауын, қарбыз жинады. 3. Гүлжан сабақты жақсы оқиды. Ол жолдастары арасында сыйлы.

IV Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V Жаңа сабақ
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.
Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздар мыналар: б, в, г, ғ, д, з, ж.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дайыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, й, у (тау), м, н, ң.

VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1. Оқулықпен жұмыс

271 – жаттығу (жазбаша)
* Суреттер топтамасындағы 24 - суретті зер салып қараңдар да, мәтінді оқыңдар.
* Мәтіннен ұяң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.
274 – жаттығу(ауызша)
• Суреттер топтамасындағы 11 - суретке қарап, жыл мезгілдеріне байланысты мәтін құраңдар.
276 – жаттығу
• Мәтінді көшіріп жазып, ұяң дауыссыздары бар сөздердің астын сызыңдар.

VІІ Сабақты бекіту
Өздік жұмыс.
І топ
1. Ұяң дауыссыздарды жаз.
2. Бидай, сиыр сөзіне фонетикалық талдау жаса
ІІ топ
1. И – дыбысының ерекшелігі туралы айт.
2. Кеш түсті, айна сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса
ІІІ топ
1. Қос дауыстылардың ерекшелігі туралы айт.
2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Жайдары, сөйлейді.

VІ. Сабақты қорыту
1. Бағалау
2. Үйге тапсырма:
1. Ұяң дауыссыздар туралы түсінік
2. 276. 277 – жаттығулар

51, 52, 53, 54, 55 сабақты жүктеу

Толық нұсқасын көру
3 583
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын үндестігі
Буын үндестігі
Буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Екі я оданда көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Сырдария, Болатбек, тасбақа, т. б. Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.
Үндестік заңы, буын үндестігі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Үндестік заңы, буын үндестігі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен – бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады.
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×