Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екпін, ой екпіні, сөз екпіні (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)

29 қыркүйек 2019, Жексенбі
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыптар:
61. Екпін, ой екпіні, сөз екпіні.
62. Тіркес екпіні, дыбыс екпіні.
63. Фонетикадан өткенді қайталау
64. Сөзжасам туралы түсінік
65. Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер


1. Пән аты: Қазақ тілі
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: IV
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Екпін, ой екпіні, сөз екпіні.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың екпін ой екпіні, сөз екпіні туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың екпін және оның түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV Жаңа сабаққа дайындық
1. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тілдегі сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін. Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.

Екі немесе оданда көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны тиянақты болды: екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі.

Сөйлем ішіндегі ерекше көңіл аударылуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап, бөліп айту ой екпіні деп аталады. Ой екпіні тұрақты болмайды. Өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге ерекше көңіл аударыла беруі мүмкін.
Мысалы: Атасы бүгін ауылға келді. Атасы ауылға бүгін келді. Ауылға бүгін атасы келді.
Осында бірінші сөйлем атасы ауылға келгенін, екінші сөйлемде атасы бүгін келгенін, үшінші сөйлемде ауылға басқа емес, атасы келгенін нақтылап хабарлау мақсаты көзделген. Сондықтан тыңдаушының назарын ой екпіні түскен сөзге аудару үшін ол сөздің қалыпты орны басқа орынға (баяндауыштың алдына) ауыстырып қолданылған. Назар аударылатын сөз сөйлемнің басында не соңында, көбінесе баяндауыштың алдында тұрады.

VІ. Түсінік тексеру
• Терме диктант
1. Тігін фабрикасынан әкелінген киімдер дүкендерде сатылды.
2. Мектеп оқушылары құс фермасын аралап көрді. 3. Ферма жиырма мың центнер құс етін тапсырды. 4. Менің ағам авиация училищесінде оқиды. 5. Менің тұңғыш очеркім аудандық газетте жарияланды.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту
1. Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1. Екпін дегеніміз не?
2. Мына мәтіннен сөз екпінін тап.
Жастардың бүгінгі міндеті - оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Сондықтан жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек.
(Ғ. Мұратбаев)
ІІ деңгей
1. Ой екпіні дегеніміз не?
2 Төмендегі шешендік сөзден ой екпінін тап.
Бостандықтың қадірін
Жабылғанда білерсің
Қалтаңдағы ақшаңды
Қағылғанда білерсің.
Денсаулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің.
Ақ бетіңнің қадірін
Қан кеткенде білерсің.
ІІІ деңгей
1. Мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндір және ой екпіні түсіп тұрған сөздің астын сыз.

VIІІ. Сабақты қорыту
1. Бағалау
2. Үйге тапсырма:
1. Тасымал туралы түсінік.
2. 334 - жаттығу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын көру
48 594
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Отбасы құндылығы" 5 сынып
"Отбасы құндылығы" 5 сынып
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады: • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: • Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес
Екпін кіріктірілген сабақ
Екпін кіріктірілген сабақ
Оқушыларға екпін және оның түрлері туралы білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы тереңдету, екпіннің буынмен тығыз байланысты екендігін ұғындыру, олардың үйлесуі, байланыстығының маңызын түсіндіру;
Екпін, оның түрлері
Екпін, оның түрлері
Екпіннің өзіндік ерекшелігін түсіндіре отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне білдірту, екпін түрлерін ажырата білгізу. Фонетикалық білім дағдыларын қалыптастыру.
Екпін
Екпін
Екпіннің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне түсіндіру, орыс тіліндегі екпін мен қазақ тіліндегі екпінді салыстыра отырып айырмашылықтарын білу
Тасымал. Екпін
Тасымал. Екпін
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады.
Екпін
Екпін
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,| Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі КАРЖАУБАЕВ РУСЛАН МУЛДАБАЕВИЧ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×