Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алпамыс батыр жырындағы кейіпкерлер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)

14 қыркүйек 2016, Сәрсенбі
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 6 сынып
Тақырыптар:
6 - сабақ. «Алпамыс батыр» жыры.
7 - сабақ. «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер
8 - сабақ. Әдебиет теориясы.
9 - сабақ. «Күлтегін» жыры
10 - сабақ. Тіл ұстарту.

7. Сабақтың өтілетін мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып, "Алпамыс батыр" жырындағы Алпамыс бейнесін сыни тұрғыда талдау арқылы жан - жақты ашу, меңгерту. Ол бейненің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.
ә) дамытушылық: топпен жұмыс негізінде Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, олардың көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын арттыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу. Өз Отанын, туған елін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: талдау
Сабақта қолданылатын стратегиялар:
1) "Сын тұрғысынан ойлау" бағдарламасы бойынша
а) Ой қозғау
ә) Топтастыру
б) Қарама - қарсы элементтер
2) "Оқушылардың көркем сөйлеу мен жазу шығармашылығын дамыту" бағдарламасы
бойынша
а) Ғылыми талдау
3) Тумалы бейне
б) Түйінді сөздер

в) Дыбыстар сөйлейді
Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: "Алпамыс батыр" бейнесі салынған плакат, нақыл сөздер жазылған плакаттар, магнитофон, касета, сыбызғы, ақ қағаздар, маркерлер.
Пән аралық байланыс: тарих, әуез өнері, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
э) Кезекші мәлімдемесі.
б) Журнал бойынша түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а)"Алпамыс батыр" жырының жалпы мазмұны жайлы сұрау.
ә) Сұрақ қою арқылы оқушылардың білімін тексеру.
3) Жаңа сабақты түсіндіру.
Алпамыс батыр. Қазақ елі өз арманындағы ердің, батырдың образын бір Алпамысқа біріктіре сомдаған. Алпамыстың бар күш - қуаты Отанына арналады. Алпамыстың әке - шешесі оны сонша тілеп барып, аңсап көреді. Алпамыс ерекше күшті болып өседі. Оның бірінші ерлігі кемпір айтқан «Алсайшы Гүлбаршынды, қу жүгермек» деген сөзінен соң, қалыңдығын іздеп шыққанда көрінеді. Гүлбаршынды алмақ болып, Сарыбай ауылын қамап жатқан қалмақты шабады. Демек, Алпамыс — сүйгені үшін еш нәрседен шошымас, ғашықтық үшін басын тіккен жан. Гүлбаршынды алып еліне келсе, өз жұртын тайшық хан шауып, мал - мүлкін алып кетіпті. Тайшық та Алпамыстың келерінде түс көріп, сезіп сасады. Бұдан Алпамыс атағы алыс кеткен батыр екені білінеді. «Батыр аңғал» дегендей жолда Тайшық жіберген мыстан кемпір сөзіне алданып арақ ішіп, қапыда жау қолына түседі. Осы кезде Алпамыстың айрықша қасиеттері көрінеді.
Зынданда жатқан Алпамысқа Қаракөзайымдай Тайшықтың қызы ғашық болады. Қойшы Кейқуаттың сырнай тартар өнері арқылы, Қаракөзайымның көмегімен, сырнай тартар өнері арқылы бостандыққа шығады.
Туған еліне келген Алпамыс қорлықта жүрген ата - анасын, қарындасын көріп егіледі. Осыдан оның адамдық қасиеті, Нәзік жүрегі көрінеді.
Жары. Тұлпары. Алпамысты шын сүйетін, атастырған ата салтын қадірлейтін жан — Гүлбаршын. Ол Қарамандай батыр келіп әкетем дегенде көнбейді. Ұлтандай құл алам дегенде бармайды. өйткені ол — адамдықтың символы. Бар өмірін жарына арнаған адал жолдас екенін танытады.
Шұбар жай ат емес, ол мыстанның арам екенін біліп мінгізбейді. Тайшық хан қанша қинаса да, Байшұбар ешкімді жанына жолатпайды. Байшұбар — Алпамыстай ерге лайық ат.
Қараман — Алпамыстың майданда жолықтырған, жауды ерлікпен жеңіп, достығын мойындатқан батыр. Қараман ерлікті ғана бағалайтын, Алпамыс үшін мұсылман дініне кірген, сол жолда баласы мен тұлпары құрбандыққа шалып, достыққа адалдығын танытқан ер екенін көрсетеді.
Жырдағы Кейқуат қарапайым қойшы бола тұра Алпамыстың ер екенін танып, көмектесіп кейін хан орнына хан болады.
Қаракөзайым — Алпамысқа ғашық болған, Тайшық ханның жаулықтан махаббатты биік қойған, сол жолда бәрін құрбан еткен сұлу қыз.
Ұлтан — бұған дейінгі жырларда кездеспеген ерекше бейне. Ол — бар зұлымдығын жауға емес, өз туғанына жұмсаған, асырап алған әкесі Байбөріге Алпамыс жоқта түйе бақтырып, Құлтайды қойға жұмсап, Алпамыстың баласы Жәдігерді аяқ - қолын кісендеп қозы бақтырып, Аналықты күң етіп, Гүлбаршынды алмақшы болған жат бауыр жан. Ол — іштен шыққан жау.
Мыстан — жаман қасиеттерді бойына алжыған, ел жиіркенер бейне. «Қабағы тырысқан, көрінгенмен ұрысқан, тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, бір ширек бойы бар, адам таппас ойы бар»— деп жырлаушы оны жек көре, ұнатпай суреттейді.
Залым мыстан Алпамысты күшпен емес, аярлықпен тәтті сөйлеп, алдап қолға түсіреді. Бірақ бәрібір соңында ит өліммен өледі.

Қызығушылықты ояту:— "Ой қозғау" стратегиясы.
Ердің бағын ашпаса, Ер мұратқа жетер ме?! Ерінің сағын сындырса,
Ел мұратқа жетер ме?! - деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық. бірлік сыйлаған батырлардың бірі - Алпамыс.
"Топтастыру" стратегиясы бойынша Алпамыс батырға сипаттама беру.
Алпамыс

Батыр
Нәзік жүректі жан
Арлы
Өнерлі
Айлалы
Аңғал

II. Мағынаны таныту
Сынып 5 топқа бөлінеді. Әр топқа Алпамыс бейнесін талдату тапсырмалары беріледі.
1) "Ғылыми талдау" стратегиясы
I топ - Алпамыстың батырлығы
II топ - Арлы батыр
III топ - Аңғалдық - батырға тән қасиеттің бірі
IV топ - Айлалы, өнерлі жан
V топ - Нәзік жүректі жан
Әр топ Алпамысқа тән осы қасиеттерді пікірлесе отырып, ғылыми тұрғыда талдап шығады.
2) "Тумалы бейне" стратегиясы IV топтың оқушылары Алпамыстың өнерлі
екендігін "Тумалы бейне" стратегиясы арқылы "Күйдің құдіреті " атты көрініспен дәлелдеп
шығады.
3) "Түйінді сөздер" стратегиясы
Ғылыми талдаудан кейін әр топ оқушыларынан өз таңдауларындағы ең түйінді сөздерді атауларын талап етемін. Мысалы:
I топ - батырлық
II топ - арлылық III топ - аңғалдық
IV топ - өнерпаздық V топ - мейірімділік
Алдымен бүл сөздерді "Топтастыру" әдісі бойынша сипаттап жазады. Кейіннен сипаттамадағы сөздерді байланыстыра отырып, (бір - екеуін қолданса да болады), сол сөздердің ой тұжырымын жазады. Мысалы:
Батырлық

Ер адамға тән қасиет
Ержүректілік
Отаншылдық
Намысшылдық
Мейірімділік

Батырлык - ержүректіліктен туған ер адамға тән қасиет.
4) "Қарама - қарсы элементтер" стратегиясы
Тақтада "Алпамыс - досқа берік, жауға - мейірімсіз батыр" жазуына назар аударайық.
Жырдағы Алпамыс бейнесі ондағы кейіпкерлер істерінен өрбіп отырады. Сондықтан сол
кейіпкерлерді Қарама - қарсы элементтер" стратегиясы арқылы бейнелейік.
Дос Жау
Гүлбаршын Мыстан кемпір
Қаракөзайым. Таймас
Кейқуат Тайшықхан
Қараман Ұлтан
Байшұбар
Жақсылық Жамандық
Қайырымды Қайырымсыз
Шыншыл Алдампаз

III. Ой - толғаныс "Дыбыстар сөйлейді" стратегиясы
А — айлалы
Л – лапылдаған
П — патриот
А – арлы
М — махаббатқа берік
Ы – ынталы
С – саналы

Міне, осы сөздерден - ақ Алпамыстың қандай батыр екендігі көрініп тұр, бейнесі ашылып түр. Олай болса, батырлыққа тән осы қасиеттер біздің, яғни Қазақстан ұрпақтарының бойынан табыла берсе екен деген тілек туады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жылдан - жылға гүлденіп келеді. Осы бейбітшілік өмірді бізге әперген еліміздің алып батырлары емес пе? Кән е, сол батырларды атап жіберейікші. ІҮ. Сабақтың қорытындысы:
Ақсұңқар ұшар жем үшін, Тоқтай алмай барамын,
Туады ерлер ел үшін. Ағайын - туған ел үшін, - демекші, елімізді, жерімізді
қорғаған батырлар әрқашан өз Отаны үшін қандай қиыншылық болса да жауға карсы түра алады. Біз де сол батырлар сияқты өз Отанымызды қорғайық, гүлдендірейік!

Ү. Үйге тапсырма
"Туады ерлер ел үшін" тақырыбына ой - толғау жазу. ҮІ. Оқушылар білімін бағалау.
Тексердім:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 388
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алпамыс батыр жырдағы кейіпкерлер бейнесі
Алпамыс батыр жырдағы кейіпкерлер бейнесі
Алпамыс батыр» жырдағы кейіпкерлер бейнесі Жалпы мақсат: Жырдың ерекшелігі, тақырыбы мен идеясы. Жыр тақырыбының ел бірлігін, тыныштығын, елді сыртқы жаудан қорғау, халық қамын ойлайтын батырды армандау мүддесінен туатындығын үйрету
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қысқа мерзімді жоспарлар
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы, Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп - балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулегулова Әсем Махамбетқызы
«Алпамыс батыр» жырының композициялық құрылысы
«Алпамыс батыр» жырының композициялық құрылысы
Жалпы мақсаты: Жырдың мазмұнын ашу, композициялық құрылысын, көркемдік ерекшелігін талдау. Жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып, «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыс бейнесін сыни тұрғыда талдау арқылы жан - жақты ашу, меңгерту. Ол бейненің
«Алпамыс батыр» жыры арқылы жыршылықты таныту
«Алпамыс батыр» жыры арқылы жыршылықты таныту
Астана қаласы, №56 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Какарманова Райгүл Ғалымқызы
«Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер
«Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер
Қызылорда қаласы, Н. Ильясов атындағы №9 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күздеубаева Алия Сайфуллақызы
Батырлар жырындағы сабақтастық
Батырлар жырындағы сабақтастық
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жырындағы сабақтастық Мақсаты: Білімділік: Батырлар жырының мазмұны мен идеясын игерте отырып, жырды талдау арқылы жан-жақты ашу, меңгерту. Батырлар бейнесінің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×