Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қосарлама қос сөздер (күнделікті сабақ жоспары)

17 қыркүйек 2016, Сенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар. 6 сынып
барлығы: 102 сағат.

Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 6 сынып.
Тақырыптар:
21. Қосарлама қос сөздер.
22. Сын жұмысы. Жақсы кітап — жан азығы.
23. Қысқарған сөздер.
24. Тіркесті сөздер.
25. Сөзжасамнан өткенді қайталау.


21. Сабақтың өтілетін мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға қосарлама қос сөздер, оның түрлері, қосарлама қос сөздер жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
э) Үй тапсырмасын сұрау.
1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
3. Дәптерлерін алмастыру.
4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Қосарлама қос сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейді. Әдетте мағыналары бір - біріне жақын синоним сөздер немесе мағыналары бір - біріне қарама - қарсы келетін антоним сөздер қосарланады. Мысалы: аяқ - табақ, құрт - құмырсқа, кәрі - жас, үлкен - кіші, т. б. Мұнда аяқ та табақ та ыдыстар, құрт та, құмырсқа да — жәндіктер. Ал кәрі - жас, үлкен - кіші деген қос сөздердің бірінші сыңары екіншісінің мағынасына қайшы келіп тұр. Осы қасиеті жағынан қосарлама қос сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне ұқсас, жақын болып келеді, олардың сыңарлары тұлғалас болып отырады. Бүл тәрізді қос сөздерді кейде арасына жалғаулық шылауларды келтіріп, бірыңғай мүше етіп қолдануға болады. Мысалы: кәрі - жас түгел жиналды — кәрі мен жас түгел жиналды.

Қосарлама қос сөздердің құрамы мынадай болады:
1. Мағынасы бір - біріне жақын (синоним) немесе қарама - қарсы (антоним) сөздер қосарланады. Мысалы: аға - іні, жата - жастана, т. б.
2. Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады. Мысалы:
бала - шаға, келін - кепшік, т. б. Қазіргі кезде мағынасыз делінетін сыңарларының ерте кезде мағынасы болған, тек кейін ұмытылып қалған. Ондай сөздердің көпшілігі көне сөз немесе
басқа тілден енген сөз болып табылады. Мысалы: бала сөзі түсінікті, ал шаға көне дәуірде «бала, кішкентай» деген ұғымды білдірген (қызыл шақа дегенге мән беріп көрің - дер. Сол мағына қазірге дейін кейбір түркі тілдерінде (мысалы, түрікмен тілінде) бар.
3. Екі сыңары да мағынасыз сөздер қосарланады. Мысалы: ығы - жығы, оқта - текте, т. б. б9л сияқты сөздер қазіргі кезде ешбір мағына білдір - месе де, бұрыңғы кезде мағынасы болған. Мысалы: ығы сөзі де, жығы сөзі де көне түркі тілінде «жиын» деген мағынаны, оқта - текте «кейде» деген мағынаны білдірген.
4. Кейінгі кезде ғана қалыптаса бастаған бір топ қосарланған сөздер бар. Олардың сыңарлары кейде бір тұлғада, кейде әр түрлі тұлғада бола береді. Мысалы: үгіт - насихат, оқу - ағарту, қоғамдық - саяси, т. б.

Қос сөздердің қайталама түрі де, қосарлама түрі де әрқашан дефис арқылы жазылады. Қосымша сөйлем ішінде негізінен қос сөздің екінші сыңарына жалғанады. Мысалы: Барар - бармасымды Құртқа біледі деген сөйлемде І - жақ тәуелдік жалғауы (ым) мен табыс септік жалғауы (ды) қос сөздің екінші сыңарына (бармас) жалғанған, бірақ бүл қосымшаның білдіретін мағынасы (І - жақ тәуелдік және объектілік) қос сөздің бірінші сыңарына да ортақ: барар - ым - ды.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 93 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін. Қосарлама қос сөздерді көшіріп жазып, олардың қалай жасалғанын айтыңдар, дефис арқылы жазылатынына көңіл аударыңдар.
Келесі тапсырма: 94 - жаттығу жұмысының шарты: Қос сөздердің мағыналарын айқындап, жасалу жолына қарай топ - топқа бөліп жазыңдар.
Келесі тапсырма: 95 - жаттығу жұмысының шарты: Берілген қос сөздерді пайдаланып, сөз тіркесін жазыңдар.
Келесі тапсырма: 97 - жаттығу жұмысының шарты: Мәтінді көшіріп жазып, қос сөздердің арасына дефис қойыңдар.
Келесі тапсырма: 98 - жаттығу жұмысын ауызша түрде орындатамын: Жұмбақтарды оқып шешуін табыңдар.
Келесі тапсырма: 99 - жаттығу жұмысын да ауызша түрде орындатамын: Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Қос сөздің түрлерін анықтап, олардың қандай жолмен жасалғанын айтыңдар.

Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: 100 - жаттығу жұмысының орындалу барысын түсіндіремін:
Берілген тірек сөздерді пайдаланып шығарма жазыңдар.
Тексердім:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 448
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара сөздер мен күрделі сөздер.
Дара сөздер мен күрделі сөздер.
оқушыларға сөз түлғасы және дара сөздер мен күрделі сөздер жайлы толық түрде мәлімет беру. ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту.
Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер (қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспары)
Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер (қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспары)
Сөйлемде қолданылған сөздердің мағыналары бірдей бола бермейді. Сөздердің көпшілігі белгілі бір ұғымның атауы болады да, жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіреді.
Лексикадан өткенді қайталау. Күнделікті сабақ жоспары
Лексикадан өткенді қайталау. Күнделікті сабақ жоспары
Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргіземін. Алғашқы орындалатын тапсырма: 49 - жаттығу жұмысының шарты. Сөз тіркестерін, тұрақты тіркестерді жөне күрделі сөздерді бөлек -
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру. Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы, №32 В. В. Маяковский атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мықтыбекова Фатима Жексенбековна
Қосарлама қос сөздер
Қосарлама қос сөздер
Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді қосарлама қос сөздер дейміз.(Экраннан көрсету) - Енді қосарлама қос сөздер қалай жасалады? Оны білу үшін мына экранға көңіл аударамыз Елу түйесі, екі жүздей қой – ешкілері тағы бар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×