Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есімнің жасалуы (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)

16 қыркүйек 2016, Жұма
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар. 6 сынып
барлығы: 102 сағат.
ІІ тоқсан
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 6 сынып.
Тақырыптар:
6. Сын есімнің жасалуы.
7. Сын есімнің мағыналық түрлері.
8. Сын жұмысы. Ата - ана.
9. Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан
10. Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер.


6. Сабақтың өтілетін мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің жасалуы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға сын есімнің жасалуы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, Сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: Ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
З. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
3. Дәптерлерін алмастыру.
4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сын есімнің жасалуы» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы; қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең, т. б. Бұл сияқты сөздер - әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі түбірлер.
Басқа сөз табынан Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді. Мысалы: көш - пелі (ел), кеш - кі, (ауа.), өнер - лі (жігіт), аудан - дық (әкімшілік), азамат - тық (борыш), тарих - и (оқиға), үрк - ек (ат), т. б. Тұлғасы жағынан туынды сын есім негізгі түбір мен қосымшадан (жұрнақтан) тұрады. Демек, туынды сын есімдер дегеніміз - Жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер. Туынды сын есімдер Жұрнақтар арқылы есім сөздерден де, етістіктерден де жасалады. Мысалы: қыс - қы (күн), су - сыз (жер), сөз - шең (адам), т. б. сын есімдердің түбірі зат есімдер болса, тол - ық (адам), көтер - іңкі (көңіл), ауыс - палы (егіс), үсте - ме (ақы), т. б. сын есімдердің түбірі - етістіктер. Сондықтан да сын есім жасайтын жұрнақтар екі топқа бөлшек есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтар және етістіктен сын есім тудыратын Жұрнақтар. Сын есімдер, сондай - ақ қосарлану және тіркесу арқылы да жасалады. Мысалы: үлкен - кіші, апалы - сіңлі, биік - биік, жақсы - жаман, балалы - шағалы және шұбар - ала, қара көк, ақ сақалды, жирен қасқа, т. б. Бұлар құрамына қарай күрделі сын есімдер деп аталады. Ал бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды түбірден) тұратын сын есімдер дара сын есімдер деп аталады.

Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі Жұрнақтар мыналар:
1) - лы, - лі, - ды, - ді, - ты, - ті: тау - лы, тас - ты, дене - лі, көрік - ті, өнер - лі, т. б.
2) - сыз, - сіз: үй - сіз, жер - сіз, қызмет - сіз, жолдас - сыз, атш - сыз, т. б.;
3) - ғы, - гі, - қы, - кі: жаз - гы, іш - кі, сырт - қы, соң - гы, күз - гі, түн - гі, т. б.;
4) - лық, - лік, - дық, - дік, - тық, - тік: азамат - тық, жыл - дың, көлем - дік, күн - дік, өлке - лік, т. 6.;
5) - шыл, - шіл: жер - шіл, үйқы - шыл, күлкі - шіл, үй - шіл, сыр - шыл, т. б.;
6) - шаң, - шең: бой - шаң, сөз - шең, киім - шең, тер - шең, т. б.;
7) - дай, - дей, - тай, - тей: үй - деп, қой - дай, арыстан - дай, ат - тай, түлкі - дей, т. б.;
8) - кер, - гер, - қой, - қор, - паз (- ымпаз, - імпаз): та - быс - кер, найза - гер, әуес - қой, бәле - ңор,
жем - қор, шай - қор, өнер - паз, жең - імпаз, т. б.;
9) - и, - ы, - і: тарих - и, дін - и, әдеб - и, ресм - и, мәден - и, қазақ - ы, түрк - і, қалмақ - ы, алтай - ы, т. б.

Етістіктен сын есім тудыратын негізгі Жұрнақтар мыналар:
1) - ғак, - гек, - қақ, - кек, - ақ, - ек: ұрыс - қақ, тай - ғақ, үр(і) к - ек, қор(ы) қ - ақ, бөл - ек, т. б;
2) - ық, - ік, - қ, - к: тол - ық, сын - ық, аш - ың, ақса - қ, сире - к, біт - ік, т. б.
3) - ғыш, - гіш, - қыш, - кіш: біл - гіш, жаз - ғыш, көр - гіш, айт - қыш, бар - ғыш, т. б.;
4) - ғыр, - гір, - қыр, - кір: өт - кір, ұш - қыр, ал - ғыр, тап - қыр, біл - гір, т. б.;
5) - шақ, - шек: ұрын - шақ, жасқан - шақ, сүрін - шек, қызған - шақ, мақтан - шақ, т. б.;
6) - ыңқы, - іңкі, - ңқы, - ңкі: бас - ыңқы, көтер - іңкі, шаш - ыңқы, салбыра - ңқы, т. б.;
7) - ынды, - інді, - нды, - нді: жаса - нды, асыра - нды, құра - нды, түй - інді, т. б.;
8) - малы, - мелі, - балы, - белі, - палы, - пелі: көтер - мелі, таңда - малы, айны - малы т. б.;
9) - ымды, - імді, - мды, - мді: жара - мды, шыда - мды, қон - ымды, келіс - імді, т. б.;

10) - аған, - еген: қаш - аған, сүз - еген, теб(п)- еген, қаб(п)- аған, т. б.;
11) - улы, - улі: қаңтар - улы, іл - улі, ая - улы, ас - улы, т. б.;
12) - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе: қыз - ба, бұра - ма, ес - пе, боя - ма, т. б.
Ескерту.
1. Көрсетілген жұрнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі. Мысалы: - лық, лік, - дық, - дік, - тық, - тік жұрнағы зат есім де жасайды: жақсы - лық, жаман - дық, дос - тың, күнде - лік, орын - дық, т. б.; - сыз, - сіз, - дай, - дей, - тай, - тей, - шаң, - шең, т. б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы - сыз берді, ат - сыз келді, қыс - тай дайын - дшды, тоты - дай сайрады, көйлек -

Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: 145 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Тірек
сөздерді пайдаланып, өздеріңе таныс бір адамға мінездеме жазыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
8 045
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып №1 билет 1. Сын есімнің шырайлары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу, қаншау деген Сұрақтарға жауап береді. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге - ау, - еу жүрнағы жалғану арқылы жасалады.
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлерін таныстыру, есептік және реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыра білуге үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
Реттік сан есімдер
Реттік сан есімдер
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×