Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұйық етістіктің түрленуі (күнделікті сабақ жоспары)

22 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
61. Тұйық етістіктің түрленуі
62. Тұйық етістіктің емлесі
63. Етістікке байланысты жаттығу жұмыстары
64. Етістіктің сөйлемдегі қызметі
65. Синтаксис


Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына, ана тілімізді сүюге, ана тілін аяққа баспай биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу;.
ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.
б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап. түсіндіру, іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: плакат, үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. көсемшенің қандай ерекшелігі бар?
2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
3. Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс - әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де, байланысты болмайды Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс - әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, жақтық мағынаны да білдірмейді.
Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына – у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра - у, жүр - у, бар - у.
Тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне қимылдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көскеу, (отты, шоқты көсейтін темір), сабау (жүнді сабайтын шыбық), егеу (темірді егейтін құрал) сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған.
Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді.
Кітаппен жұмыс: 210 - жаттығу Көшіріп жазып, тұйық етістіктердің астын сызыңдар.
Бүкіл оқушылармен жұмыс: Оқушыларға мақал - мәтелдер айтқызып, тұйық етістікті тапқызамын.
1. Отанды сүю от басынан басталады.
2. Аяққа кісен салуға болар,
Тілге кісен салынбас.
3. Жақсының қасиеті – жарастыру,
Жаманның қасиеті – таластыру
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
1. Тұйық етістік дегеніміз не? 2. Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Жалғау, Көсеу, Құрсау, Оқу, Басу, Жабу етістіктеріне сөйлем құрап келуге беремін.

56, 57, 58, 59, 60 сабақтарды жүктеу

Толық нұсқасын жүктеу
5 214
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ түрлерін тілдесім барысында қолдана алады.
Етістіктің райлары (күнделікті сабақ жоспары)
Етістіктің райлары (күнделікті сабақ жоспары)
оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау; тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
Осы шақ. Нақ осы шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Осы шақ. Нақ осы шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай екіге бөлінеді. 1. Нақ осы шақ. 2. Ауыспалы осы шақ Нақ осы шақ қимылдың іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.
Тұйық етістік (күнделікті сабақ жоспары)
Тұйық етістік (күнделікті сабақ жоспары)
Етістіктің ерекше бір түрі тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру, оқушылардың етістік жайлы ілімдерін кеңейту. оқушыларға тұйық етістіктің түрленуінің ерекшеліктерін ұғындыру, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Білімділік - тұйық етістік, оның жасалуы мен түрленуі, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру, оқушылардың алған білімдерін кеңейту.
Тұйық етістіктің емлесі
Тұйық етістіктің емлесі
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Аймағанбетова Ильмира Қожайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×