Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығармашылық жазу жұмыстары. Хат (күнделікті сабақ жоспары)

22 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
81. Шығармашылық жазу жұмыстары. Хат.
82. «Қазақ тіл білімі» бойынша тест сұрақтары
83. Тіл ұстарту
84. Қайталау
85. Тіл мәдениеті


Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жазу жұмыстары. Хат.
Сабақтың мақсаты: 1) шығармашылық жазу жұмыстары туралы түсінік беру, жеке адам өміріне қатысты іс - қағаздардың бірі – хат, оның түрлері, тілдік сипаты туралы ұғым беру; 2) жазу және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқушыларды қарым - қатынас жасау әдебіне, тіл мәдениетіне тәрбиелеу; 3) өз бетімен жұмысты дамыту, оқушы шығармашылығын арттыру, эпистолярлық жанрдың түрлері мен типтерін ажырата білу.
Сабақтың типі: жаңа білім меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: топтастыру стратегиясы, екі жақты күнделік, БҰҰ стратегиясы, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: магнитті тақта, плакат «Монолог», плакат «Хат», тірек сызбалар (графапроектор), хат - кеспелер, таблица - кеспелер, плакат - конверт.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, адам және қоғам.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын есепке алу, оқу құралдарын, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын ұйымдастыру, оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. үй тапсырмасын сұрау.
1. Еркін жазу стратегиясы. Оқушылардың жазып келген монологтары бойынша газет шығару.
2. Топтастыру стратегиясы. тақтадағы плакатты толтыру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (тірек сызбаларының көмегімен).
Мұғалім сөзі. – Балалар, мен сендерге сәлем әкеліп отырмын. Қане, оқып көріңдерші (бір оқушы шығып оқиды).
- Осы арқылы мен сабақтың тақырыбын ашқалы тұрмын.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыздар?
- Хат туралы.
- Олай болса, алдымен шығармашылық жазу жұмыстарына тоқталып өтейік. (Тірек сызба пайдаланылады).
- Балалар, осы күні бір - біріңмен хат алысып тұрасыздар ма?

- Қазір хат неге мүлде сирек жазылады?..
- Ия, қазіргі ғылым мен техниканың дамуы хатты күнделікті қажеттіліктен ысырып шығарды. Адамдар қазір бір - бірімен телефон, интернет арқылы, ұялы телефон арқылы кез - келген уақытта байланысқа шыға алады, бірақ хаттың олардан үлкен айырмашылығы бар. Хатта сырыңды, ішкі сезіміңді сеніп жаза беруге болады. Бұл - әр адамның шығармашылық өз еңбегі. Хат үлкен сауаттылықты, жазу мәдениетін талап етеді.
Үнтаспадан оқушы хатының мәтінін тыңдатып, хаттың жазылу ретін, құрылысын оқушылармен бірге отырып талдау.
1. Амандасу.
2. Айтылмақ ой.
3. Қоштасу.
4. Хат жазушының аты - жөні.
5. Хаттың жазылған мерзімі.

Пысықтау жаттығулары.
311 - жаттығу. Кітаппен жұмыс (ауызша)
Шығармашылық жұмыстар (өз бетімен жұмыс)
Еркін жазу стратегиясы.
• Дос құрбыңа хат жаз.
• Мен сүйетін тұлғаға хат.
• Бастауыш сыныпта сабақ берген ұстазыңа хат жаз.
• Болашаққа хат.
• Туысқандарыңның біріне хат жазып көр.
• Б. Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» шығармасы, хаттың қай түріне жатады?
• Мына хаттан не ұқтың?
• Ойыңды жинақтап айтып бер. (Ш. Уалихановтың Ф. Михайловичке жазған хаты)
• Берілген хатты толықтырып көр
• Хат кімге жазылған Эпистолярлық жанрдың қай түріне жатады
• Хат үзіндісін негізге ала отырып, Ыбырайдың қызметі туралы айтып бер. (Ы. Алтынсариннің В. В. Катаринскийге жазған хатынан үзінді беріледі)
«Екі жақты күнделік» стратегиясы.
Хат - хабаршы.
Плакат – конвертпен жұмыс. Тақтаға ілінген плакат конверттің сыртын толтырып үйрену.
Сабақты бекіту.
1) БҮҮ стратегиясы.
Хат

Сауаттылықты талап етеді.
Жазылу реті болады
Бірнеше түрі бар
Қара сөзбен де, өлеңмен де жазылады. Шығармашылық жазу жұмысының бір түрі
Сырыңды сеніп жазуға болады
Үйге тапсырма. Болашаққа хат жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын жүктеу
6 500
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл дамыту күнтізбелік жоспар
Тіл дамыту күнтізбелік жоспар
Қазақ тілі пәнінен 4 сыныптарға арналған «Тіл дамыту» атты факультативінің жұмыс жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Қызықты грамматика
Қызықты грамматика
Қазақ тілінде оқытылатын орта мектептердің 3 - сыныбына арналған факультативтік курсқа жылдық жоспар мен сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №165 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Хасенова
Көркем жазу 2-сынып
Көркем жазу 2-сынып
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 13 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Науризова Оразхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×