Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті (күнделікті сабақ жоспары)

22 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып
Тақырыптар:
86. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
87. Портрет
88. Диктант
89. Қатемен жұмыс
90. Диалог


Қазақ тілі 7 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру
ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып, логикалық ойын дамыту жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне, ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету.
б) Оқушыларды тілдерін бұрмаламай ашық, таза сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тіл дамыту әдістері
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар
Халықтық педагогика
элементтерін қолдану: Көз жетпеген жерге сөз жетеді
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Шылау дегеніміз не? 2. Шылау нешеге бөлінеді?
3. Септеулік шылау дегеніміз не? 4. Жалғаулық шылау дегеніміз не
5. Тіл мәдениеті дегеніміз не? 6. Тіл қанша түрде қызмет етеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жұрт алдында сөйлеуге адам бірте - бірте дағдыланады. Сондықтан сөйлеуге үйренудің жолдарын меңгеру әр адамға қажет нәрсе. Ол үшін, біріншіден, адам сөйлеуге өзін - өзі психологиялық жағынан дайындауы тиіс. Өз бойындағы қорқынышты, сенімсіздікті жоюдың бірден - бір жолы – сол сөздің айтылу қажеттігіне деген сенім, не айтатынды және не үшін айтатыныңды анық түсіну, өз ойыңды қалай жеткізетініңді жоспарлап алу. Екіншіден, жұрт алдында сөйлейтін сөздің мағыналы, жүйелі шығуы үшін, әрине, күнделікті оқып, жинайтын ақпараттардың мәні зор. Атап айтқанда, түрлі ғылыми - көпшілік әдебиеттер, баспасөз материалдары, көркем әдебиеттер саған үлкен көмек береді. Оларды жай оқып қана қоймай, олардан қажетіңді іріктеп жазып алып отыруға, дәйек сөздерді арнайы қойын кітапшаңа түсіріп алуға дағдыланасың, ол қашан да саған сүйеніш болады. Оның үстіне қаламмен қағазға жазғаның ойыңа жазғаның емес пе?! Өзіңнің жеке папкіңде газет - журнал қиындыларын, өзіңе ерекше әсер еткен сұрақтарды, үлкен оқымыстылардан естіген сөздеріңді жинақтаудың да көмегі үлкен. Үшіншіден, сөйлеу техникасына төселуің қажет. Оңашада айнаға қарап, өзіңнің бет құбылысыңды байқап, дене, қол қимылдарыңды басқаруға үйренуге тырыс. Дауысыңды айтатын сөзіңе қарай құбылту – тыңдаушыны еліктірудің бір тәсілі. Сөзің қанша мәнді болса да, оны соған лайық әуенмен, әуезбен айта білмесең, еңбегің еш болатынын жадыңда ұста! Төртіншіден, ауызша сөйлейтін сөзіңді ең әуелі жазбаша құрып ал. Сонда сөзің әрі жүйелі, әрі көркем болып шығады. Бірақ, мүмкіндігінше, қағазға қарамай сөйлеуге дағдылан. Қағаздан оқып сөйлеу сөздің әсерлілігін төмендетеді. Бесіншіден, шешендердің сөзіне үнемі құлақ түріп жүр. Өзің үлгі тұтатын достарыңның, мұғалімдеріңнің, ата - аналарыңның сөзін мұқият бақылап, жақсысын үйренуден, жаманнан жиренуден жалықпа! Егер осы кеңеске құлақ асып, үнемі есте ұстасаң, сен де өзіңнен кейінгілер үлгі алатын шешен боларың анық. Саған табыс тілейміз, оқушым!

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай, сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Өздерің ұнататын өнер түрі туралы шағын шығарма жазыңдар. Мәтіндегі сөздердің мағыналы, жүйелі, әсерлі болуына көңіл бөліңдер. Биылғы өткен грамматикалық тақырыптардың пайдасы тиді ме, өзіңе есеп бер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын жүктеу
12 890
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Монолог (күнделікті сабақ жоспары)
Монолог (күнделікті сабақ жоспары)
Монолог - бір кісінің сөйлеуі немесе ойы. Монологте белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді. Онда адамның ойы, пікірі, көңіл - күйі, психологиялық ішкі толғанысы, саяси, ғылыми көзқарасы, дүниетанымы - бәрі
Бұйрық рай (күнделікті сабақ жоспары)
Бұйрық рай (күнделікті сабақ жоспары)
Бұйрық рай іс - әрекеттің тыңдаушыға я бөгде біреуге қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды! Бір жаққа қаратылып, қимылдың іс - әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, тіл, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×