Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз құдіреті (күнделікті сабақ жоспары)

30 қыркүйек 2015, Сәрсенбі
Қазақ әдебиеті пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 8 сынып.
Тақырыптар:
1. Сөз құдіреті
2. Ежелгі дәуір әдебиеті
3. Алып - Ер Тұңғаны жоқтау
4. Орхон ескерткіштері (VIII ғ.)
5. Ескерткіштен үзінділер


Сабақтың тақырыбы: Сөз құдіреті
Сабақтың мақсаты:
а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қымбатты оқушылар! Сендер 8 - сыныпқа арналған "Әдебиет" оқулығын қолдарыңа алып отырсыңдар, мүмкін, мазмұнымен танысып та шыққан боларсыңдар. Бұған дейін, 5 - сыныптан бері, сендерді небір қиял - ғажайып ертегілер әлеміне, оқиғасы қызықты әңгіме - хикаяттар дүниесіне апарған, өлең жаттатып, көңілдеріңді шаттандырған әдебиет пәнін оқып - үйреніп келдіңдер.
Енді 8 - сыныпта оқитын "Әдебиет" оқулығының 5 — 7 - сыныптардағы әдебиет оқулықтарынан едәуір өзгешелігі бар. Ол өзгешелік — оқулық мазмұнында, тақырыптардың берілуінде. Оларда осы уақытқа дейін оқыған шығарма - ларыңнан алған әсерлеріңді, өздеріне ұнаған кейіпкерлерден бойларыңа ауысқан адамдық, тазалық, ұлтжандылық қасиеттерді, ең бастысы, осы кезге дейін алған әдеби білімдеріңді әрі қарай тереңдете түсетін жалпы түркі халықтарына ортақ жазба әдебиетіміздің бастауы — ежелгі дәуір әдебиетінің үлгілері берілді. Рас, бүл әдебиет сендерге алғашында осы уақытқа дейін оқыған туындыларыңнан тосындау көрінуі ықтимал. Сонау алыс ғасырлардан жеткен асыл мұраның тілі де үйреншікті емес, сондықтан да түсінуге қиындау соғар. Бірақ оларды сендердің шамаларың келмейтіндей қиындық деуге болмайды. "Ежелгі дәуірдің өзінде менің ата - бабамның керемет жазба өнері болған екен. Сонда мынадай асыл ойлар айтылған екен, сондағы тіл, мақал - мәтелдер бүгінге жетіп, оны біз айтып, қолданып жүр екенбіз" дегенді сезінудің өзі қаншалық ғанибет десеңдерші! Осы мақтаныш сезім мен сана ежелгі әдебиетті оқып - үйренуге сендерді құлшындыра түсетініне күмәндануға бола ма!
Әдебиет адамға сөз қуаты, көркем бейне арқылы әсер етеді. Жазушы өткен тарихты, ондағы адамдардың жан – күйін, сезімін, қайғы – мұңын тебірене жазып, күшті әсерге бөлеп, ойға шомылдырады. Кейбір көркем шығарманы оқып отырып, оқиғасына өзің араласып кеткендей күй кешесің, кейіпкердің түр түсін, қуанғанын, ренжігенін жан жүрегіңмен қабылдайсың. Бұның бәрі көркем әдебиеттің, яғни сөз өнерінің құдіреті. Адам баласына қуаныш сыйлайтын, сезімімізді тәрбиелеп, байытып, азаматтық тұлға қалыптастыратын, жарасымды әдеби тілде сөйлеуге үйрететін әдебиеттің жеке адам өмірінде, қоғамдық болмыс тіршілікте алатын орны ерекше.
Ал нағыз оқырман болу үшін, көркем шығармалар туралы ғылыми білімге ие болып, оларды талдай білуге үйрену керек. Көркем туындыны талдау оқулықтан алған біліміңе ғана қатысты емес. Оқыған шығарма мазмұнын терең түсініп қабылдап, автордың ойы мен қөзқарасын айтпай танып, осы шығарма туралы өз сөзіңді, пікіріңді айту – талдаудың басы да, негізгісі де осы.
Оқырман шығарманы оқи отырып, шын қуаныш сезімін бастан кешіріп, эстетикалық ләззат алу үшін автордың өз туындысын жасау үстіндегі сезіміне жақындай түсу қажет. Оқулықта ұсынылған шығармаларды оқығанда, сендер де сөйтіңдер. Талантты жазушының талантты оқырмандары болуға тырысыңдар.
Сөз өнері – мәңгілік мектеп, оның өмірінің шегі жоқ.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Сөз құдіреті туралы ойтолғау жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


6, 7, 8, 9, 10 сабақтарды қарау
11, 12, 13, 14, 15 сабақтарды қарау
16, 17, 18, 19, 20 сабақтарды қарау
21, 22, 23, 24, 25 сабақтарды қарау
26, 27, 28, 29, 30 сабақтарды қарау
31, 32, 33, 34, 35 сабақтарды қарау
36, 37, 38, 39, 40 сабақтарды қарау
41, 42, 43, 44, 45 сабақтарды қарау
46, 47, 48, 49, 50 сабақтарды қарау
51, 52, 53, 54, 55 сабақтарды қарау
56, 57, 58, 59, 60 сабақтарды қарау
5 661
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Халық ауыз әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Халық ауыз әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржандарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, арман -
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған, өзін - өзі іздеген, өткен күндерін аңсай еске алып, бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді.
Етістіктің райлары (күнделікті сабақ жоспары)
Етістіктің райлары (күнделікті сабақ жоспары)
оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау; тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау; Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Сөз басы (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Сөз басы (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Қазақ әдебиетінен сабақтар топтамасы 7 сынып
Қазақ әдебиетінен сабақтар топтамасы 7 сынып
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Кошбаева Алтынгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×