Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл Жабаевтың айтыстары (күнделікті сабақ жоспары)

25 қыркүйек 2016, Жексенбі
Қазақ әдебиеті пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 8 сынып.
Тақырыптар:
46. Жамбыл Жабаевтың айтыстары
47. Мағжан лирикасындағы ақынның өз бейнесі
48. Мұхтар Әуезов
49. Міржақып Дулатов
50. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы


Сабақтың тақырыбы: ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ АЙТЫСТАРЫ
(1846 - 1945)
Сабақтың мақсаты: а) ақын туралы түсінігін кеңейту, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
ә) білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т. б.
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген Ж. Жабаевтың өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын..
1. Ж. Жабаев пен Жетісу ақындары туралы не айтасыңдар?
2. Бүгінгі күн көзқарасымен қарағандағы Жамбылға берілетін баға қандай?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ақын атағын шығарған, елге танытқан – айтыстары. Жамбыл айтыстарының ерекшелігі қашанда бір бағытты ұстап, сол жолда бар өнерін жарқырата көрсететіндігі. Айтыстағы Жамбыл тақырыбы - әлеуметтік теңсіздік, ел ішіндегі қиянат. Халық басындағы мұң - мұқтажды, арман - тілекті айтып, қашанда ел атынан жырлаған ақын жеңіске жетіп отырған.
Жамбыл айтыстарының ішіндегі ең көрнектісі, ең кең жайылғаны – 1881 жылы Құлмамбетпен айтысы. Құлмамбет Албан, Дулаттың бай, билерін мақтап, өз руын көтеріп, барын әспеттейді. Жамбылдың жеңісі – адамдық байлық мал, дәулет емес, батырлық, татулық, ынтымақ, әділдік сияқты қасиеттер екенін жеткізе айтқанында. Жамбыл рулық мақсат, мүддеден халық, жалпы адамшылық тілекті жоғары қояды.
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай үйіңе қайт.
Досмағамбетпен айтысы 1902 жылы өткен. Бұнда Жамбыл:
Екі жүзді болмасаң,
Байды неге мақтайсың?
Қайыры көпке тимеген,
Әкімдікпен билеген,
Жарлы - жалшы сүймеген
Ханды неге мақтайсың?
Халыққа тиген пайдаң жоқ,
Қайтіп тұзыңды ақтайсың? – дейді, ел тілегі, ой, арманымен қабысып ортақ арна табады.
Жамбылдың Айкүміспен, Жамбылдың Бөлектің қызымен (1880жылы) айтыстарында жастық, мөлдір сезім, сыйластық, жарасым бар.
Жамбыл Жабаев – халық поэзиясының ірі өкілі, жазба әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған, көпшіліктің мұрат мүддесін, арманын шырқаған ақын.

Кітаппен жұмыс: кітаптан Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ж. Жабаевтың айтыстарын оқып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
3 293
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Қазтуған жырау (күнделікті сабақ жоспары)
Қазтуған жырау (күнделікті сабақ жоспары)
Ол өзін "айдаса қойдың көсемі", "сөйлесе қызыл тілдің шешені", "буыршынның бұта шайқар азуы", "бидайықтың көл жайқаған жалғызы" деп таныстырады. Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған.
Ахмет Йасауи хикметтері (күнделікті сабақ жоспары)
Ахмет Йасауи хикметтері (күнделікті сабақ жоспары)
Ахмед Ясауи өзінің «Хикмат» атты өлеңінде софылық ілім негіздерін баяндайды, тұрмыс - тіршілікке тартымды кеңестер береді, байлыққа құмар болмауға шақырады, әділеттілікті жақтайды.
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Лиро - эпостық жырлар
Лиро - эпостық жырлар
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Кошбаева Алтынгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×