Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар Әуезов Қараш - қараш оқиғасы (күнделікті сабақ жоспары)

25 қыркүйек 2016, Жексенбі
Қазақ әдебиеті пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 8 сынып.
Тақырыптар:
51. Мұхтар Әуезов Қараш - қараш оқиғасы
52. Тахауи Ахтанов
53. Күй аңызы
54. Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты»
55. Қабдеш Жұмаділов


Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов Қараш - қараш оқиғасы
Сабақтың мақсаты: білімділік – Мұхтар Әуезов шығармаларын оқыта отырып, повесінің тақырыбы мен идеясын ашу, ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;
дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге, ойлау қабілетін арттыруға, шығармашылық ізденіске жол ашу;
тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа, елін, жерін, туған отбасын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұл көркем шығарманың жазылуына өмір шындығы негіз болады. Жазушы өзін қызықтырған өмір оқиғаларын жан - жақты зерттеп, байыптап барып, шығармасын жазуға отырады. Көркем туындыда қаламгер өмір оқиғаларын, алуан түрлі тағдырларды суреттей отырып, осы арқылы қоғамдағы бір немесе бірнеше әлеуметтік жайларды көтереді. Міне, осындәй көркем шығармада жазушы көтерген мәселені тақырып деп атайды. Мәселен, "Қараш - Қараш оқиғасы" повесін алайық. Повестің тақырыбы — ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі. Бұл тақырыптың көркемдік шешімі аталған повесте зорлықшыл ел жуандары - Сәлмен мен Жарасбайдан қорлық көрген ағайынды Бақтығұл мен Тектіғұлдың азапты тағдырлары арқылы танылады. Ағайынды екі жігіттің бірі (Тектіғүл) адамгершіліктен ада, өктем де қатыгез Сәлменнің әділетсіз, аяусыз жазасына жазықсыз ұшырап, мерт болса, екіншісі (Бақтығұл) жоқшылық пен жамандықтың екі жақты қыспағына мейлінше түсіп, адамдық намысы үшін күресіп, өзін ашындырған озбырлық иесінен кек алуға — жауыз болыс Жарасбайды өлтіруге мәжбүр болады. Бақтығұлды кісі өлтіруге итермелеген себеп — өмір шындығы, әділетсіздік, ел билеуші жуандардың шектен асқан зорлығы мен қулық - сұмдығы. Демек, тақырып шығармада кейіпкерлердің түрлі мақсат жолындағы іс - әрекеттері, өзара күрес - тартысы, осы бағыттағы жемісі немесе жеңілісі арқылы айқындалады.

Жазушы шығармада адамдардың тағдырын, күрес - тартысын жайдан - жай бейнелемейді. Адамдар тағдырына, оқиғаның сипатына, шешіміне қатысты өз көзқарас - ойын да білдіреді. Яғни жазушы өзі суреттеп, көркем баяндап отырған құбылыстарға бағасын да береді. Бұл бағалау, яғни идея — кейіпкерлер арасындағы тартыстың шешімінен, оқиғаның аяқталуынан, т. б. танылады. Демек, көркем туындының идеясы дегеніміз — жазушының өзі көтеріп, көркем бейнелеген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ой, танытпақ шындығы.
"Қараш - Қараш оқиғасы" повесінде жазушы теңсіздік азабын қанша тартса да, намысымен адамдық арын жоқтай білген нар тұлғалы азамат — Бақтығұл тағдырын оның Жарасбай болысты өлтіріп, түрмеге қамалуымен аяқтайды. Оқиғаның осылай аяқталуы мен тартыстың бұл шешімінен біз жазушының бар ниет тілегі Бақтығүл жағында екенін, ал қарғысы мен қаһары әділетсіздік иелеріне арналғанын көреміз. Жазушы Бақтығұлдың тағдырын суреттей отырып, оның стихиялық күресі арқылы халықтың әділетсіздікке қарсы тура алар қайраты мен биік рухын, жігерін көрсеткен. Повестің басты идеясы да осы.
Повестің жазылуына негіз болған — көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі — Рысқұлдың басынан кешкен оқиға.

Кітаппен жұмыс: кітаптан повесті мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.
Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Тектұғұл өліміне не себеп болды?
2. Інісінің өлімі Бақтұғұлға қалай әсер етті?
3. Оның алғашқы әрекеті неліктен сәтсіз аяқталды?
4. Бақтұғұл Жарасбай болыстан неге пана іздеді?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қараш - Қараш оқиғасын оқып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
2 144
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты
М. Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты
Мұхтар Әуезовтің өмірі мен әлемдік әдебиетке қосқан үлесін, хикаяттағы тарихи тұлға арқылы оқушылардың көзін шындыққа жеткізу. Мағжан Жұмабаев, Шерхан Мұртаза шығармаларымен байланыстыра отырып, кейіпкерлерге мінездеме беру
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
БҚО, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хасанова Алия Салимовна
Мұхтар Әуезов "Қараш – қараш оқиғасы"
Мұхтар Әуезов "Қараш – қараш оқиғасы"
Карменова Бахытжамал Базылрахманқызы Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ШҚО Көкпекті ауданы Самар ауылы
Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі
Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Қазақ әдебиетін тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Қазақ әдебиетін тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 8-сынып. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту (аптасына -3 сағат. Барлығы -102 сағат)
Мұхат Әуезов "Қараш-Қараш оқиғасы"
Мұхат Әуезов "Қараш-Қараш оқиғасы"
Прототип – көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам. Шығармадағы Бақтығұлдың інісі Тектіғұл - Молдабек, баласы Сейіт – Тұрар, Қатша - Тұрардың анасы Ізбайша, Жарасбай болыс – Саймасай Үшкемпіров.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×