Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай сөйлемнің түрлері (күнделікті сабақ жоспарлары)

26 қыркүйек 2016, Дүйсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 8 сынып.
Тақырыптар:
21. Жай сөйлемнің түрлері
22. Жақты сөйлем
23. Жақсыз сөйлем
24. Жалаң және жайылма сөйлемдер
25. Толымды және толымсыз сөйлемдер


Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері
Сабақтың мақсаты: а) Жай сөйлемнің түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тіл дамыту, сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді.
Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.(Ә. Кекіл.) деген сөйлемде тұрлаулы мүшелері (күмбезі бой көтерді) түгел қатысып тұр. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді (Ғ. Мұст.) деген сөйлемде бастауышы жоқ, тек баяндауыш қана (соға кеткісі келді) қатысып тұр. Үскірік. Аяз. Тұлданған күн деген сөйлемдер іс - оқиғаны баяндамайды, тек атап қана қояды.
Жай сөйлемдердің осындай ерекшеліктеріне қарай мынадай түрлері болады: 1) жақты сөйлем және жақсыз сөйлем; 2) жалаң және жайылма сөйлем; 3) толымды сөйлем және толымсыз сөйлем; 4) атаулы сөйлем.
Жай сөйлемнің түрлері

Жақты
жақсыз
толымды
толымсыз
жалаң
жайылма
атаулы

Жаттығумен жұмыс: 69 - жаттығу. Сөйлесуде сөйлем басында жоқ пен ия қолданғанда, өздерінен кейінгі сөздерден олар үтірмен бөлінеді. Диалогті оқып шығыңдар да, әрбір сөйлемнің жақты сөйлем екенін дәлелдеңдер.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Бірнеше сөйлемге синтаксистік талдау жасап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
9 018
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Оқшау сөздер, олардың түрлерін түсіндіре отырып, қаратпа және қыстырма сөздерді сөйлемнен ажыратуға үйрету; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Атаулы сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Атаулы сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Кейбір жай сөйлемдер іс - оқиғаны баяндамайды, тек заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреді.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (күнделікті сабақ жоспары)
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (күнделікті сабақ жоспары)
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады. астық – біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)
Есімшенің сөйлемдегі қызметі (күнделікті сабақ жоспары)
Есімшенің сөйлемдегі қызметі (күнделікті сабақ жоспары)
Есімшенің сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру, сөйлемдерді синтаксистік талдауға машықтандыру; Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру, негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×