Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Диктант (күнделікті сабақ жоспары)

26 қыркүйек 2016, Дүйсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 8 сынып.
Тақырыптар:
31. Диктант
32. Ыңғайлас салалас
33. Себеп - салдар салалас
34. Қарсылықты салалас
35. Түсіндірмелі салалас


Сабақтың тақырыбы: Диктант
Сабақтың мақсаты:
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты, мейірімді, кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру;
Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

Қазақтың ұлттық тағамдары.
Сөк. Қуырған тарыны қазақ сөк деп атайды. Ол үшін тары жел өтіне суырылып, екшеленеді, тазаланады. Бірнеше рет таза суға жуылады. Дегдігенше оны аздап кептіреді де, қазанға су құйып, тарыны соған салып, қайнатады. Қазандағы тары қауызы ашыла бастағанда, сүзіп алады. Содан соң таза сумен бірнеше қайтара жуып, дегдуі үшін, жайып қояды.
Дегдіген соң, қызған қазанға салып, қуырады. Қуырған кезде бұлғауышпен үздіксіз бұлғап отыру керек. Әйтпесе, тарының астыңғы беті қуырылып, үсті қуырылмай қалады. Ал ала - құла қуырылған тарынын ақтаған кезде, қауызынан ажырату қиын. Әрі мұндай тарының сөгі де ала болады.
Қуырған тары тым суып кетсе, жасып қалады. Сондықтан оны көп суытпай, келіге түйіп алу керек. Тары түйетін келінің де, келсаптың да қатты ағаштан жасалғаны дұрыс.
Түйілген тарыны табаққа салып алып, суырады. Сөйтіп, қауызынан айырады. Бір түйгеннен тары қауызынан түгел айырылмайтындықтан, оны екінші рет түйеді. Мұны ақтау деп атайды. Ақталған тарыны тағы да желпіп суырады. Сонымен сөк дайын болады. Сөктің түсі сарғыш, хош иісті аса дәмді келеді.
Сөк көбінесе шай дастарханына қойылады. Сондай - ақ тағы да басқа неше түрлі тағамдар дайындауға болады.
(«Қазақ күнтізбесі», 1991.) (154 сөз)
Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.
Үйге тапсырма: қайталап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
3 729
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Өткен шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Өткен шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.
Осы шақ. Нақ осы шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Осы шақ. Нақ осы шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай екіге бөлінеді. 1. Нақ осы шақ. 2. Ауыспалы осы шақ Нақ осы шақ қимылдың іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.
Есімдіктің сөйлемдегі қызметі (күнделікті сабақ жоспары)
Есімдіктің сөйлемдегі қызметі (күнделікті сабақ жоспары)
Каспий суының жаңа ашылған кезі. Лай судың үстінде болбырлау сұрғылт сеңдер теңселе жылжиды. Оларды біздің қайығымыз қуып жетті де, басып озды. Сеңдер қайықтың жақтауына соқтығып, шатынай айырылып қалып жатты.
Диктант (күнделікті сабақ жоспары)
Диктант (күнделікті сабақ жоспары)
Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру. Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, тіл, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×