Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл Жабаев “Аттандыру”, “Атаның әлдиі” өлеңі

29 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Тақырыбы: Жамбыл Жабаев “Аттандыру”, “Атаның әлдиі” өлеңі.
Мақсаты:
- Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, ауыз әдебиетінің көңіл айту, естірту, жоқтау, үлгілерінің Жамбыл өлеңдеріндегі көрінісі, әкенің мейірімі, тақырыптың ерекшелігі туралы білуі тиіс.
- Оқушылардың қосымша материалдармен жұмыс істей білуге, дәлелді деректер айта алуға, ой қорытынды жасай білуі тиіс..

Сабақтың түрі: мәнерлеп оқу, ізденіс сабақ, сұрақ – жауап, ой толғау
Көрнекілігі: Жамбыл ақын шығармашылығы туралы слайд, кесте - сызба.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Әнші Әмірқан әңгімесіндегі Әмірқанға мінездеме беру.
3. Білімді жан - жақты тексеру.
-“Әнші” әңгімесінің басты кейіпкері.
- Жетішатыр қандай қала?
Адамдардың тұрмысы қалай суреттеледі?
Әңгімедегі көркем өрнекті ата.

4. Жаңа сабақ
№1 тапсырма. Толықтыр. Талда. Жазыңдар.

Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы «Аттандыру» өлеңі «Алғадайды жоқтау»


2 тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

Жоқтау дегеніміз не?
Талдау.
“Аттандыру” өлеңі оқылады. (Идеялық - мазмұндық жағынан мынадай үш бөлімге бөлінеді).
1. Әке батасы. Атаңнан бата ал, балам!
Арғымаққа атқа мін, балам!
Ақсақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам;
Құлағанда, құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған.

“Балам” деген сөзді үстемелеп қайталау әсерлілік қуаты, А дауысты,
Қ - дау - з
2. Алғадайдың адамгершілік қасиеті.
Алғадайым арлы едің, Ата сөзін сыйлаған.
Алғадай - Жамбылдың сүйікті ұлы.“Ата сөзін сыйлау - халықтық қасиет көрінісі”.
3. Қоштасу. Абыройға ие бол, Ағат баспа, бір қадам! Хош, балам, Хош балам! деп келеді.

Алғадайды жоқтау.
1. Баласын жоқтаған әке.
2. Әкесінің өзіне тоқтау айтуы.
Алатауды айналсам“гипербола”,
Сарыарқаны сандалсам,
Алғадайды табам ба?
Саңлағымды табамын ба.
Өлең - табиғаты жағылап – элегия (мұңды, шерлі өлең).

І топ. Әке. (Қамқоршы, тілекші, дүниеге келтірді, бақытым, жанұя ұйытқысы, асқар тау, ауыл, ел азаматы).
ІІ топ. Соғыс. (Әрқашан күн сөнбесін, бейбітшілік, тілеймін, азаматтан айырылу, аңыраған жанұя
ІІІ топ. Жамбыл.

Қорытынды:
Жамбыл ерекше ақын болған. Ақын газет оқытуды ұнататын еді. 97 жасына дейін атқа мініп жүрген.
Жамбыл ұлы Абайдың бір - ақ жас кіші. Сол кезге көз салсақ, Абай мен Жамбыл бір мақсатқа, бір тілекке ақындықтың екі түрлі саласын өрлей аттаған сияқты. Бірі - жаңа әдебиет өнегесін жазу арқылы, бірі - халықтың байырғы өнегесі суырып салма ақынның жолы. Жамбыл - айтыскер де күйші болған. “Қарлығашқа тимеңдер” әңгімесі бар.
Бағалау 3 мин. Формативті бағалау: Өлшемдер арқылы бірін - бірі бағалау, түсініктеме арқылы бағалау, кері байланыс, бауырсақ арқылы ынталандыру.

Рефлексия. 5 мин. Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар
Не сәтті боды?
Не сәтсіз болды?
Нені жақсартуға болады?
Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым?
Нені өзгертуге болады?

Қарағанды облысы, Шет ауданы,
«Ақши» негізгі орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тасымбекова Майя Жұмағалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 603
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Жыр алыбы, Жамбыл ата!
Жыр алыбы, Жамбыл ата!
Повладар облысы, Екібастұз қаласы, «Солнечный» поселкесі, № 28 Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Айжан Абилгаламова
Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек
Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ы. Мұхамеджанов атындағы негізгі мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қаражанова Бибігүл Төлегенқызы
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×