Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер (күнделікті сабақ жоспары)

30 қыркүйек 2016, Жұма
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
6. Ертегілер
7. Жұмбақ
8. Қиял - ғажайып ертегілері
9. Аңыз әңгімелер
10. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу


Сабақтың тақырыбы: Ертегілер
Сабақтың мақсаты: а) ертегі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, т. б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертегілер — халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу - сызу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармаларының бір түрі.
Ертегілер көбінесе қара сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы ауызша шығарылып айтылатын көркем әңгіме деуге де болады.
Халық әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбек кәсібі, тұрмыс - тіршілігіне байланысты туған. Онда халықтың ой - арманы, әдет - ғұрпы, мұң - шері, арман - мұраты баяндалады.
Қазақ ертегілерін, академик М. О. Әуезовтың пікірінше, үш жікке бөліп қарастыруға тура келеді. Олар: қиял - ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, тұрмыс - салт ертегілер. Солардың ішіндегі ең көне түрі — қиял - ғажайып ертегілері. Ертегілердің бұл түрі халықтың сана - сезімінің табиғаттың дүлей күшінің ішкі сырын танып білмей тұрған сәбилік кезінде пайда болған. Олардың бәрі жанды, киелі деген түсініктен туған. Табиғат сырларын білсем екен деп армандаған халықтың ой - тілек түйінінен шыққан.
Ертедегі адамдар ауыр еңбекті жеңілдетсек, жақсы шат өмір сүрсек екен деп армандаған. Бұл арманға олар өздерінің қиялы арқылы ғана жеткен.
Қиял - ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым еңбек адамдары, аңшы - мергендер, бақташы - малшылар болып келеді. Олар өздерінің күн көрісі жолында неше түрлі жыртқыш аңдармен немесе табиғаттың дүлей күшімен күресуіне тура келеді. Ал бұған қарама - қарсы қиял - ғажайып ертегілерінің нағыз жағымсыз кейіпкерлері ретінде жалмауыз кемпір, жеті басты жылан, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ, айдаһар, қорқау қасқыр, т. б. алынады. Сөйтіп, қиял - ғажайып ертегілерінде жанды - жансыз кейіпкерлер арасында орасан зор тартыс, күрес басталады. Жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады. Сөйтіп, қоршаған, күресетін жаулары қанша мықты болса да адам баласы өздерінің ақыл - парасатымен оларды жеңіп отырады. Жағымды кейіпкерлер өзінің мақсат - мұратына жетеді..

Топтастыру стратегиясы:
Ертегі

Қиял - ғажайып ертегілері
Шыншыл ертегілер
Хайуанаттар жайлы ертегілер

Суретпен жұмыс: Түрлі ертегінің суреттеріне қарай отырып, ертегілер құрастыру.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Ертегі дегеніміз не?
2. Ертегі нешеге бөлінеді?
3. Шыншыл ертегілеріне қандай ертегілер жатады?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ертегілер туралы түсінікті оқып, кез - келген ертегіні оқып, мазмұндап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
7 438
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халық ауыз әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Халық ауыз әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржандарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, арман -
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған, өзін - өзі іздеген, өткен күндерін аңсай еске алып, бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді.
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау; Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Мысалдар (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Мысалдар (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Мысал өлеңдердің адамға сабақ болатын тағлымдық шығарма екенін түсіндіру; оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу.
Сөз басы (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Сөз басы (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Қазақ әдебиетінен сабақтар топтамасы 7 сынып
Қазақ әдебиетінен сабақтар топтамасы 7 сынып
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Кошбаева Алтынгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×