Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Әуезовтің «Абай Жолы» эпопеясы (күнделікті сабақ жоспары)

30 қыркүйек 2016, Жұма
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
61. М. Әуезовтің «Абай Жолы» эпопеясы
62. М. Әуезовтің драматургиясы
63. Ғабит Мүсірепов
64. Ғабит Мүсіреповтің әңгімелері
65. Ғабит Мүсіреповтің романдары


Сабақтың тақырыбы: М. ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫ
Сабақтың мақсаты: а) Абай жолы эпопеясы туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру т. б.
Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер, кітаптар т. б.
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
1. М. Әуезов қай оқу орнында оқыған?
2. М. Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәселені көтерген?
3. Қандай шығармаларын білесіңдер?
4. «Көксерек» повесін жазуға не себеп болды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
М. Әуезов шығармашылығының үлкен арнасы – ұлы Абай жайындағы еңбектері.
Бала кезінен данышпан ақынның өлеңдерін жаттап, ұлылығын құлағына сіңіріп өскен М. Әуезов бұл тақырыпқа әңгіме де(«Татьянаның қырдағы әні»), «Абай (Ибарагим) Құнанбайұлы» атты зерттеу, либретто, пьеса, сценарий, «Абай» романын жазды. Жазушының 30 - 40 жылдары ұлы ақынның туған еліне, Семей, Абай ауданына қайтадан арнайы барып, Абай өмір сүрген дәуір мен өмір туралы замандастары мен көз көргендерінен естіген, ойда жүрген деректерді қағазға түсірген ерліктері де бар. Бұл тұрғыда жазушының өзі шығармаға материал жинау мен қордаланған деректерді қорыту, көркем әлемге енгізу туралы былай дейді: «Жалпы бұл кезеңдегі романға байланысты жұмыс сипатымды мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп, сөнуге айналған ошақ орнынан қызуы бар соңғы шоқты тауып алып, оны демімен үрлеп қоздатып, жалынды алауға айналдырмақ болған кешеуіл жолаушының әрекетімен салыстырар едім
Көне көз қариялардың күңгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас дәуіріне жетелеп, жол көрсетіп отырды, алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын заманындағы сұлу ажарын елестетуге тырыстым. (М. Әуезов. «Абай Құнанбаев»).
Жазушы Абай заманын бейнелеуде нақты тарихи деректерді ала отырып, соның негізінде ақынның өз өмірінің басты мәліметтерін қажетке жаратып, кейіпкер мен орта қатынасын неғұрлым шынайы көрсетуді мақсат тұтты. Ұлы ақын өмірі мен эпопеядағы кейіпкерден аса сом тұлғалы көркем бейне жасалған.
«Абай жолында» Абайдың бүкіл өмір жолы, саналы шығармашылық, жеке бас тіршілігі молынан қамтылған. Абайдың балалық шағынан алынған эпизодтар жазушы қиялы болғанымен де, бұл болашақ азамат, ақын, ел ағасы, ұлт қадірі Абайдың мінезін ашып, қалыптасу кезеңдерін суреттеу үшін алынған.
Алғашқы роман «Абай» деген атпен 1943 жылы жарыққа шыққанда Ғ. Мүсірепов: «Абайдай» шығарма бұл күнге дейінгі бүгінгі қазақ әдебиетінде болған емес.»Абай» пьесасы жазушы М: Әуезовтың «Абай жолы» романына барар жолдардың бірі десе де болады.
Шешен тілді, көркем суретті, оқшау оқиғаны шебер қиыстыратын классик жазушы М. Әуезов әлем әдебиетіне қосылар ірі тұлға екенін оның туындылары дәлелдейді.

Кітаппен жұмыс: романдағы кейіпкерлерге мінездеме береді
Хронологиялық таблицамен жұмыс: таблицадағы елеулі жылдарды белгілейді
Білімді бекіту: «Абай жолының» бірінші баспасы қай жылы жарық көрді?
2. Романдағы Қамқа мен Қодардың іс - әрекеті тарихи шындық па?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Абай жолын» оқып келуге беремін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
5 893
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эссе: Абай жолы
Эссе: Абай жолы
Абай жолы — Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі роман - эпопеясы. “А. ж.” — қазақтың көркем прозасын классик. стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетик. талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды.
Жетім Мұхтар Әуезов
Жетім Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру;
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Қазақ халқының мәдени ерекшелігін әлемге «Абай жолы» романы арқылы танытқан жазушы шығармасымен таныса отырып, оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған, өзін - өзі іздеген, өткен күндерін аңсай еске алып, бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді.
Мысалдар (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Мысалдар (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Мысал өлеңдердің адамға сабақ болатын тағлымдық шығарма екенін түсіндіру; оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы М.Әуезов атындағы орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қонақаева Жібек Балтақайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×