Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақылы асқан Аяз би

07 қараша 2016, Дүйсенбі
Ақылы асқан Аяз би
5 - сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ертегіні қаншалықты меңгергенін анықтау, бас кейіпкердің бойындағы қасиеттерді нақтылап көрсету;
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, жоспар құру дағдыларын дамыту, сөйлеу тілі мен жазу мәдениеті және сыни тұрғыда ойлауын дамыту;
Тәрбиелік: Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, адамгершілікке, адал да әділ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: ассоциация құру, араласқан жоспар, эссе, топтастыру, ой салыстыру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақта, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер.
Оқыту нәтижесі: Оқушы Аяз бидің бойындағы жақсы қасиеттерге еліктей отырып, бой түзейді. Қазақ халқының даналығынан тәрбие алады. Ертегі мазмұны арқылы, оқушылар жаман мен жақсының айырмашылығын таразылай біледі, бір - біріне кешірімді болуға үйренеді. Адамды тану үшін сыртқы келбетіне қарап бағалау дұрыс емес екенін оқушы ұғынады.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) алтын ережені сақтау
б) психологиялық ахуалды қалыптастыру (оқушылар бір - бірін қолын қысып амандасады, бір - біріне тілектерін білдіреді.)
Топқа бөлу
Тапқыр, алғыр сөздері жазылған қима қағаздар арқылы оқушылар 2 - топқа бөлінеді.
I. Ой қозғау
1 - топ 2 - топ
1. Үй тапсырмасын сұрау
Топпен жұмыс
Жоспар тарауларын дұрыс орналастыру және ертегінің мазмұнын айту.
1. Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі.
2. Жаманның сертке берік болуы.
3. Жаманның Барсакелмеске баруы.
4. Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.
5. Хан тағына отырған Жаман.
6. Ханның Жаманды уәзір етуі.
7. Мендінің Жаманды таңдауы.
8. Қырық уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы.
9. Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі.
10. Ханның Жаманды сағынуы.
2. Білімдерін тексеру.

1. Ертегі адам өмірінде қандай тәрбиелік мәнге ие?
2. Жаман адам ел билеуі мүмкін бе? (пікірталас )
3. Ертегі неге «Аяз патша» емес, «Аяз би» деп аталған?

II. Мағынаны тану
3. Берілген мақал - мәтелдерді жоспардың тарауларына сәйкестендіру:
1. Есірген хан елді ермек етеді.
2. Ащы мен тұщыны татқан білер.
3. Ақыл - ердің қорғаны.
4. Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.
5. Сертке берік бол, досыңа серік бол.
6. Арсыз адам жала жауып аздырады.
7. Жігітті намыс өлтіреді.
8. Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
9. Ежелгі дос жаңа достан артық.
10. Ақылды жетер мұратқа,
Ақылсыз алар ұятқа.

«Ой салыстыру» стратегиясы
1. Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажырат
2. Аяз бидің хан болуға лайықты қандай қасиеттері бар?
3. Аяз би неге өзін жаманмын деп есептеді?
4. Оған «Аяз би» деп ат қоюда қандай мән бар?
5. «Жыртық тон мен жаман тымақ»
6. « Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл»
7. «Елді осындай адам басқарса» «Арман ханы»

Концептуалды кесте (өз пікірлері)
Адамның қандай қасиеттеріне қарап бағалаймын?
Адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттер неге байланысты?
«Аяз би» ертегісінен қандай үлгі алдым?

III. Ойтолғаныс
«Ой түю» стратегиясы. ( Эссе жазу)
Бұрын елді хандар биледі, ал қазір елді кімдер басқарады?
Сен әкім немесе президент болсаң елің үшін не істер едің?/
4. Бағалау парақшасы
«3»- 10 - 13бал
«4»- 14 - 19 бал
«5»- 20 - 25 бал
Өзін - өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалайды, бірін - бірі бағалайды, мұғалім баға қояды.

5. Үйге тапсырма беру:
«Бала би»,«Ғажайып адам» тақырыптарына ертегі жазып келу.

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,
Кеңес ауылы, «Кеңес» орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жошыбай Құралай Жұмаханқызы
2 207
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Балаларға күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді бір-бірінен ажырату, жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге баулу
Керқұла атты Кендебай ертегісі
Керқұла атты Кендебай ертегісі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразалина Әсия Кабиденқызы
Бастауыш сынып қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Абай атындағы № 90 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
Керқұла атты Кендебай
Керқұла атты Кендебай
Жангелдин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» Мақсаты: Білімділік: ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын
Аяз би ертегісі
Аяз би ертегісі
Аяз би Жаманұлы- қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ертегісі мен «Аяз би, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×