Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Байтұрсынов өмірбаяны мен шығармашылығы

09 қараша 2016, Сәрсенбі
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы.
Қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру.
Тәрбиелілік: оқуға, білімге деген қызығушылығын ояту, қазақ әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ой - өрісін, таным қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: жаңа сабақ, топпен жұмыс
Әдісі: сұрақ - жауап, кесте толтыру, мәтінмен жұмыс, СТО
Көрнекіліктер: А. Байтұрсыновтың суреті, шығармалар жинағы, кестелер, схемалар, интерактивті тақта, түрлі карточкалар, т. б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
а) амандасу
б) түгендеу
в) үй тапсырмасын тексеру:
Балалар өтілген сабақтарда қандай ағартушы педагог жайлы өттік?
Ы. Алтынсарин кім? Қандай қызмет атқарған?
Қазақ тіл біліміне қандай үлес қосты?
Өткен сабақта ақынның қандай туындысымен таныстық?

ІІ. Жаңа сабақ
• Жаңа тақырыпқа даярлау
А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы видеоролик көрсетіледі.
Балалар бүгінгі біз қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі А. Байтұрсынов жайлы өтеміз.
Кітаппен жұмыс: А. Байтұрсыновтың өмірбаянын мұғалім оқиды да балалар тыңдайды. Одан кейін бұл мәтіннің бөлшектерін балалар кезекпен дауыстап оқып, мұғалім сұрақтар қояды.(әр дұрыс жауап үшін балаларға стикер беріледі)
Сөздікпен жұмыс
Тапсырма №1: хронологиялық кесте құрастыру, әр топтан бір - бір баладан шығарып тақтаға жазғызу
Тапсырма №2: А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы кластер құрастыру (әр топ А3 форматты қағазға кластер жасап тақтаның алдында қорғайды

Сергіту сәті: 2мин
Мәтінмен жұмыс «Балаларды оқуға шақыру» өлеңін оқу, мазмұнын талдау (оқылым, тыңдалым, айтылым)
Тапсырма №3 Барлық топтарға бірдей
«Білім»туралы мақал - мәтелдер айту.(әр мақал үшін стикер беріледі)
Енді А. Байтұрсынов пен Ы. Алтынсариннің екі шағармасын еске алып, салыстырайық
Венн диаграммасы арқылы «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі мен Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңдерін салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.(әр дұрыс жауап үшін балаларға стикер беріледі)
Бекіту:«А. Байтұрсынов кім?» Оқушылардың кестені қалай толтырғандарын тексере отырып, негізгі айтылатын ойларды былай жинақтайды..
Ахмет Байтұрсынов - газет редакторы, ұстаз, шебер аудармашы, қоғам қайраткері, ақын, әдебиет зерттеушісі

Қорытындылау
Донна Огл кестесін толтыру
Б. Нені білдім
Б. Білгім келеді
Нені білдім

Үйге тапсырма. Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны жайында толықтай оқып келу.
2. Сұрақтар мен тапсырмалардағы 2 - 3 сұраққа жауап беру.

VIII. Оқушы білімін бағалау.
Сабақ барысында жинақтаған стикерлердің жиынтығына байланысты бағалау.
4 004
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал»,«Маса» жинақтары
Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал»,«Маса» жинақтары
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын айту, аудармаларына шолу, «Қырық мысал» мысалының идеясын ашу, әдеби - теориялық талдау жасау
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздерді табу. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңімен танысу. Оқушылардың тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтардаТорғай уезінде Ақкөлдің жанында Сартөбек деген жерде туған. Әкесі Байтұрсын кедей кісі болған, бірақ ағайын арасында сыйлы, сабырлы болған.
Ахмет - сөз көсемі
Ахмет - сөз көсемі
№З Алға қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Изтлеуова Гүлшат Бисенқызы
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық аудан Жаңабұлақ ОЖББМ – ің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
ШҚО, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылы, Рахмадиев о/м қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жұманова Жанат Ескінқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×