Білімділер поралы

Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау

Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Қазақ тілі, 8 сынып
Сабақтың мақсаты:
білімділік – сөйлем мүшелері туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту, қызығушылығын ояту;
дамытушылық – өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру;
тәрбиелік – мақал - мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ (оқушыларды екі топқа бөліп, сайыс сабағын өткізу арқылы сөйлем мүшелерінен өткен тақырыптарды қайталап қорытындылау).
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ – жауап, ізденушілік, талдау.
Көрнекілік: тірек сызбалар, постер, көмекші құралдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеп, сабақтың мақсатын хабарлау, оқушыларды топқа бөлу, бір – бірінің жауабын тыңдауды, бағалауды ескерту.
1. Олар екі күннен кейін келіп қалар.
2. Екеуі қуанғаннан жылап жіберді.
3. Әжесімен біраз сөйлесті
4. Жақсы жаңалықты естігенде балаша қуанды.
5. Мектепке қарай бет алды.
Сөйлемдегі қарамен берілген сөйлем мүшелері арқылы оқушылар 5 топқа бөлінеді.

Жаңа сабақ:
Бүгін біз сабағымызда сөйлем мүшелерінен алған білімімізді қайталаймыз.
Алдымен мына сұрақтарға жауап берейік:
1. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
2. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер?
3. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?
4. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
5. Атқаратын қызметіне қарай қалай бөлінеді?
6. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
7. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

1 - тапсырма Топ бойынша постер қорғау
/бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш/
Постерге қойылатын талап:
1. Көрнекі, әдемі болуы /сырты, безендірілуі, түс таңдауы/
2. Мазмұны тақырыпқа сай болуы
3. Топ мүшелерінің постер қорғауға түгел қатысуы
Постерді талдау: Өзіңе не ұнады? Не ұнамады? Қайта қорғайтын болсаң нені өзгертер едің?

2 - тапсырма. Сызба бойынша сөйлем құрастыру:
1. Анықтауыш - бастауыш – пысықтауыш – пысықтауыш – баяндауыш.
2. Пысықтауыш – бастауыш – пысықтауыш – баяндауыш.
3. Бастауыш – толықтауыш – пысықтауыш - баяндауыш.
Әр топ дәптерге жазады, топ мүшелерінің толық жазғанын күтеді, сөйлемдерін оқиды.

3 - тапсырма. Шапшаң әрі жылдам. Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, қай сөйлем мүшесінің сұрағы екенін табу керек.

1. Нені арман етесің?
2. Қайда барғың келеді?
3. Достар қайтеді?
4. Кімді құрмет тұтасың?
5. Немен шұғылданасың?
6. Кімге ұқсағың келеді?
7. Неге қызығасың?
8. Қандай орамал?
9. Неден әсер аласың?
10. Қалай сөйледі?
11. Кімнің оқулығы?
12. Кімнен үлгі аласың?
13. Досыңмен не туралы әңгімелесесің?
14. Кіммен жолдассың?
15. Неге риза боласың?
16. Кімді қуантқың келеді?
17. Кім барады?
18. Кіммен мақтанасың?
19. Нені талап етесің?
20. Қашан қайтасыңдар?
21. Кімге ризасың?
22. Неден қорқасың?
23. Кіммен сөйлескенді қалайсың?
24. Кімді күтесің?
25. Қанша оқушы?

4 - тапсырма
ЕГЕР, ОНДА, ӨЙТКЕНІ...
1. Егер сөз толық мағыналы болса және белгілі бір сұраққа жауап берсе,
Онда...
Өйткені...
2. Егер толықтауыш табыс септігінде тұрса,
Онда...
Өйткені...
3. Егер бастауышты тұрлаусыз мүше десек,
Онда...
Өйткені...
4. Егер қанша деген сұрақ етістікпен байланысты сөзге қойылса,
Онда...
Өйткені...
5. Егер зат есім ілік септігінде тұрса,
Онда...
Өйткені...

Сабақты қорытындылау
Менің көңіл - күйім
Қиындық туғызған мәселе
Мен үшін сәтсіз болды
Айтайын дегенім
Маған ұнағаны

Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Сөйлем мүшелеріне байланысты 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын құрастыру

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрманова Гүлназ Серікбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 269
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 268
Роботтар: 3
Сағыныш
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика