Білімділер поралы
загрузка...

Абайтану 9 сынып

Абайтану 9 сынып
Кіріспе. Адамзаттың Абайы.
Білімділік: Пән туралы түсінік, мақсат - міндеттері. Абайтанудың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы.
Дамытушылық: оқушылардың ойын тұжырымдап айта білуге үйрету, тіл байлағын өрістету.
Тәрбиелік: Қазақ тарихындағы Абай орны, мұрасын насихаттау, білімдерін кеңейту, толықтыру.
Әдіс - тәсілдері талдау, салыстыру, ой шақыру, кубизм әдісі, мағынаны тану.
Көрнекіліктері: портрет, әдебиеттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті, қазақ тілі.
І. Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе.
(22. 08. 1845 қазіргі Семей обл., Абай ауд. – 05. 07. 1904)
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір - бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайға бар, арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған. Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Құдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдың “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын - ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл - қалжыңға шебер, жөн - жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік - билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.
2. Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте, 1995 жылғы тамыздың 9 - да жасаған баяндамасы

• Ардақты отандастар! Қадірлі меймандар!
• Бүгін - ұлы мереке. Халқымыз ең аяулы перзенті мен ең дана ұстазына мәңгі өшпес махаббатын білдіруге жиылып отыр. Оның дүниеге келгеніне әр он жыл толған сайын осылай бас қосып, өткеніміз бен кеткенімізді, жеткеніміз бен жетпегенімізді бір сарапқа салып алу әлдеқашан әдетімізге айналған. Соның әрқайсысында Абайдың аты жаңаша асқақтап, халқымыздың мәртебе - мерейі жаңа биікке көтерілумен келеді. Бір кезде абзал ақынымыздың асыл мұрасының таптық идеология табанында тапталып қалмай, жаңа ұрпақтармен бірге жасайтын мәңгілік құбылысқа айналғанына қуандық. Сосын оның қадір - қасиетінің өз аумағымызбен шектеліп қана қоймай, іргелес халықтар мен елге де кеңінен танымал бола бастағанына масаттанып, марқайдық. Ал бұл жолғы сүйінішіміздің жөні тіпті бөлек. Ол үшін бір - бірімізді қуана құттықтап, бір - бірімізден шүйліге сүйінші сұрасақ та, ешқандай ерсілігі болмас еді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
  • Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек

    "Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек деп ойлаймын. Сол себепті "банан бағы" жобамды ұсынамын. Қаланың Еуропа бөлігінде Досмұхамедов университетінің артында пішіні бананға ұқсайтын ...
  • Пайдалы таңғы ас мәзірі

    Таңғы асқа отырмас бұрын не істеу қажет? Таңертең ұйқыдан тұра салысымен адамның асқа тәбеті бола қоймайды. Жуынып алғаннан соң, 1 стакан қайнаған су ішіп алған жөн. Бұл асқазан, ішек жолдары мен қан ...
  • Педагогика және психология негіздері тест сұрақтары №4

    Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ...
  • Педагогика және психология негіздері тест сұрақтары №3

    Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ...
  • Жүрегіңді тыңда бірақ, ақылмен шешім қабылда

    Сабыр - ең жақсы қасиет. Ол кез - келген жағдайдан алып шығады.
  • Болады деп арманда

    - Ал енді мен ақыл айтам, Ақыл айтам, таңданба. Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге, Жалғанға. Мына өмірде, жүрегіңде, Бойыңда ыстық қан барда. Болмысты да, болмасты да, Болады деп арманда!
  • Қателескен екенмін. Бір - ақ рет

    Қателескен екенмін. Бір - ақ рет. Өкініштен өртен де жыла, жүрек. Әр қадамды мысықша аңдамаппын, айыптаңдар, қайтемін, кінәлі деп.
  • Педагогика және психология негіздері тест сұрақтары №2

    Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ...
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 110
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 109
Роботтар: 4
Гайрат
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика