Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алакөл атауының мағынасы. Алакөлдегі өсімдіктер мен құстар. Тұзды ағынсыз көл

03 желтоқсан 2016, Сенбі
Алакөл атауының мағынасы
Қазақ тілі 8 сынып
Мақсаты: Мәтінге қатысты жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорларын байыту, тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, қарым - қатынас тілін байыту, грамматиканы тапсырмалар барысында пайдалана білу біліктіліктерін дағдыландыру.
Түрі: жаңа білім меңгерту.
Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, оқулық.

Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Түгендеу, психологиялық ахуал тудыру:
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге
2. Үй тапсырмасын тексеру:
5 бет 3 - тапсырма: Мәтіннен негізгі етістіктерді тауыпжазып, қай шақта тұрғанын анықтаңдар. Ауызша сұрау.

3. Жаңа білім меңгерту: Мәтін 5бет.
«Алакөл» атауы ежелгі түрік және монғол сөздерінен аударғанда «ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына береді. Көл суының түсін бір қарағанда анықтау қиын. Ұсақ көлдердің түсі алуын болады. Айталық, Сасықкөл - көгілдір түсті, Қоржынкөл – сұрғылт, Қылытұз – сары. Жергілікті тұрғындар көлді пішіннің түсінің, көлемінің әртүрлі болғаны үшін «Алакөл»деп атап кеткен.

4. Бекіту кезеңі:
5 - бет. 1 - тапсырма. Мәтінді орысшаға аудару.
6 - бет, 3 - тапсырма: сөйлемге синтаксистік талдау жасап, көмекші етістікті анықтаңдар:
Жергілікті тұрғындар көлді пішіннің түсінің, көлемінің әртүрлі болғаны үшін «Алакөл» деп атап кеткен.
5. Үйге тапсырма беру:
6 - бет. 2 - тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.
6. Қорытынды: Алакөл тақырыбында кластер құрып, не үйрендік, не білдік.

Тақырыбы: Алакөлдегі өсімдіктер мен құстар
Мақсаты: оқушылардың мәтінмен жұмыс барысында функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру, ой - өрісін кеңейту арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтыру.
Түрі: жаңа білім меңгерту
Көрнекілігі/: оқулық, дәптер.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу.
1. Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша диалог оқытқызу.
2. Жаңа білім меңгерту: Мәтінмен жұмыс: 6 - бет. 1 - тапсырма.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы (lang - ru| Алакольский государственный природный заповедник), Тентек өзені сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е. Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т. б.) және балқаш алабұғасы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 270 - ке жуық түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай - ақ «Табиғат жылнамасы» жазылады. «Табиғат мұражайы» жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығы 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен БҰҰ - ның Қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.

4. Бекіту: мәтінді ауызша оқытқызу.
Сұрақтар қойғызу, жазу.
3 - тапсырма: алакөл туралы негізгі және көмекші етістіктерді пайдаланып шағын мәтін жазыңдар.
5. Үйге тапсырма беру: 7 - бет 2 - тапсырма. Диалог оқыңдар.
6. Қорытынды: Сөзжұмбақ құрастыру. Бағалау.

Тақырыбы: Тұзды ағынсыз көл. Көмекші етістік
Қазақ тілі 8 сынып
Мақсаты: Мәтінге қатысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы тілдік қорларын байыту. Айтылым әдісінде қазақ тіліне тән әріптердің айтылу жағдайларын бақылау. Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы қатесіз көшіріп жазуға, сөйлемдерге сұрақ қоя білу біліктіліктерін арттыру.
Түрі. Жаңа білім меңгерту.
Көрнекілігі: оқулық, алакөл суреті бар плакат.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, жаңа 4 дәптер жинау. Сырттарын толтыртқызу.
2. Үй тапсырмасын тексеру: 3 бет 1 - тапсырма

3. Жаңа білім меңгерту:
Алакөл – тұзды ағынсыз көл. Ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан. Көлдің оңтүстік – шығыс жағында Жоңғар қақпасы орналасқөан. Батыс жағында Көктұма ауылы бар, ол қазақ - қытай шекарасынан 80шақырым жерде. Шығысында - Қабанбай ауылы. Қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде «Барлық - арасан»курорты орналасқан.
Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу секбебі – суының минералдарға бай болуында, оның құрамында Менделеев кестесі элементтерінің басым бөлігі кездеседі, құрамы жағынан Қара және Өлі теңіздерге ұқсайды. Сондықтан бұл аймықты демалушылар емдік туризммен шұғылданады.

4. Бекіту
Сөздік:
Шығыс Қазақстан – Восточно Казахстанский
Шақырым – киллометр
Емдік - оздравительный
3 деңгей:
1. Мәтінге бірнеше сұрақ қойыңдар.
2. Мәтінге жоспар құраңдар.
2 деңгей:
1. Бос орынға тиісті сөздерді қойып жазыңдар:
1. Алакөл............. – ағынсыз көл.
2. Ол.......... шекарасында орналасқан.
3. Алакөлде курортты демалыс ор...

5. Үйге тапсырма беру: 5бет 3 - тапсырма.
6. Қорытынды:
Рефлексия: Білдім Білгім келеді Білмедім

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Боровской облыстық санаторлық мектеп - интернаты»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің: мұғалімі: Алгалиева Гулжанат Султанкызы
30 030
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бата беру
Бата беру
оқушыларды тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету. ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз? Тіркесті сөздер
Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз? Тіркесті сөздер
Сұрақтарға жауап беріңдер: - Сіз таңертеңгілік жаттығумен шұғылданасыз ба? - Сіздерде қай ойынды көбірек ойнайды?
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Мәтінді пішімдеу. Абзац
Мәтінді пішімдеу. Абзац
Абзацты (азат жолды) пішімдеуді және мәтіндерді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім ретінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды меңгерту. Теорияны тәжірбиеде іске асыра білу.
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×