Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдебиетте кездесетін қасқыр бейнесі

25 желтоқсан 2016, Жексенбі
Әдебиетте кездесетін қасқыр бейнесі

Қасқырдың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Ежелгі Қытай жазбаларында елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды.
Қасқыр - қайсар, аса сақ хайуан. Қайсарлығы оның кез келген айқаста жетістікке жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Қулығында асыра алады. Қауіп - қатерден сақтану үшін ұлиды. Ол өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді. Қасқыр түнде де айналасындағы қозғалыстарды айқын көре алады, өйткені көзінде жарықты шағылыстыратын қабат болады.

Бір - біріне деген адалдығы қасқырдың басты ерекшелігі ретінде атауға болады. Олар жақсылықты түсініп, қайтарымы болған. Адам сияқты қайғырғанына куә болған.
Қасқырлар туралы ырымдарда аз емес. Қасқырды өлтірген қаруды пайдаланбаған. Өлген қасқырдың бауырлары міндетті түрде кек алуға ұмтылған.
Әдеби шығармаларда қасқыр бейнесі көп кездеседі. Мысалға М. Әуезов /Көксерек / әңгімесінде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады. Жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етеді. Мұнда қасқырлардың адам үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксерек баланы жрып кетуінен айқын көрініс табады.

Ш. Мұртазаның /Ай мен Айша /романындағы /Жалаңаш қасқыр /үзіндіде ханның бағында жайылып жүрген семіз елікті жарып жеген арлан, әлгі мол етті сіңіріп, тарғыл жартастың астындағы үңгірде ұйықтап жатса керек. Не керек, бүкіл әлем жиналып, әлгі арланды тірідей ауылға алып келіп, ханның алдына тастайды. Аяқтары қыл шылбырмен матаулы. Аузын да қайыспен құрсаулап тастапты. Тек ызадан от тұтанған көздері ғана аласұрады. Хан қасқырдың терісін тірідей сыпырыңдар,- деп бұйырады.

Тірі қасқырға пышақ салып, терісін сыпырғанда әлгі арлан бір қыңқ етпеді. Тек шоқ көздерінен бірер тамшы жас шықса керек. Жанына жаман батса да артқы аяқтарымен шоқшиып отыра қалып, алдыңғы екі аяғымен жер тіреп, хан отырған таққа қарап қойып содан соң, қан толы көзін жұмып алып, тұмсығын көкке көтеріп, әй, бір ұлыды. Жалаңаш қасқыр жалаң еті дір - дір етіп, безгек қағып, көкке қарап зарлана ұлығанда, жұмулы көзден қан тамшылады. Патшаға да шүкіршілік, тәуба керек қой. Содан соң әлгі айбынды асқақ ханның билігі бешінге, ақшамға қарай құлдырай береді.
Көкбөрі баласы ит сияқты адамға жарамсақтана алмайды. Ол үрмейді де, қыңсылап жыламайды да. Тек, көктегі Тәңірге ғана мұңын шағады. соған ғана бағынады. Әйтпесе, адамдар қасқырды асырап, қолға үйретпек боп талай әуреге түскен.

Ш. Айтматовың /Плаха/ романы өз оқырмандарын ерекше кейіпкерлері және көрінісімен қызықтырды. Жазушы табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынасқа көп көңіл бөледі.
Бірінші желі - екі қасқыр - Акбар мен Тайшайнардың тағдыры. Ш. Айтматов өз шығармасын адамдар туралы емес, қасқырлар жөнінде бастауы. Адам тағдыры жануарлардың тағдырымен жиі қиылысады. Қасқырлар адамдардан кек ала бастайды. Оларға да адамдарға тән сезім мен уайым берілген.

Мұхтар Мағауин /Қасқыр - Бөрі/ әңгімесі. Автор шағын ғана әңгімені төрт бөлімге бөліп берген.
«Қазақтың қасқыры бағзы заманда әлемдегі ең айбарлы аң болған»деп басталады. Түркілер өздерінің ата - тегі қасқыр деп санаған. Туға алтынмен әріптелген бөрінің басын бейнелеген.

Көк бөрі бейнесі Әлем әдебиетінің інжу - маржаны «Қоқыт ата кітабында» да ұшырасады. Көк бөрі бейнесі ауыз әдебиетінде хандар мен батырлардың ұлылығын, ерлігін суреттеу, бірде – бір теңестіріле көрсететін образ. Қазақ эпостарында көк бөрі ерлік пен батырлықтың баламасы ретінде алынған. Басқа да түркі халықтарының эпостарында қасқыр бейнесі көп кездеседі. Хақас халқының халық эпосы «Албынжида» Аққасқыр Албынжи батырдың басты көмекшісі қызметін атқарады.
Қиял - ғажайып ертегілеріндегі қасқырлар басты кейіпкермен адамша сөйлесіп, достасып жүреді. Адамға жол көрсетіп, арман - мақсатына жетуіне көмектеседі.

Көк бөрі бейнесі түркі халықтарының мақал - мәтелдерінде, қанатты сөздерінде үлкен орын алған.
Бөрінің орнына қасқыр келді, бірақ екеуі бір - ақ аң. Кейінгі қасқыр бұрынғы бөріден бола алмайды. Ырыс, ұран, батыр болған Бөрі енді қасқыр болып сорға айналды. Шын мәнінде сыпырылған - тері емес, Рух! Кешегі қызыл бөрі, көк бөрі ұрпағы өзінің әуелгі қалыбын табуы үшін, тек жүрек қана басқаша соғуы керек.

Шымкент қаласы, Түлкібас ауданы
№ 15орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Аймаханова Зағипа Асқарқызы
16 599
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті лақ
Жеті лақ
Жеті лақ Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады: - Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
Түлкі мен қасқыр
Түлкі мен қасқыр
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...
Ақылды лақ
Ақылды лақ
Ақылды лақ. Бір бұзау, бір тоқты, бір лақ ел көшкенде жұрттан қалыпты. Үшеуі дос болып, қос тұрғызып алыпты. Қосы бір бұлақтың бойында екен, қасында бәйтерегі бар екен. Бұлардың хабарын естіп бір аю жеймін деп қостың қасына келген екен
Бақылау жұмыстары 2 – сынып
Бақылау жұмыстары 2 – сынып
Есепті шығар. Түлкі мен қасқыр балық аулауға барды. Түлкі 7 балық аулады, ал қасқыр 3 балық аулады. Түлкі мен қасқыр екеуі қанша балық аулады?
Мұхтар Әуезов Көксерек (повестінен үзінді)
Мұхтар Әуезов Көксерек (повестінен үзінді)
Көксерек әңгімесін оқушылардың өз бетімен іздене отырып түсінулеріне мүмкіндік беру. Әңгіменің мазмұны бойынша талдау жасау. Шығармаға сын тұрғысынан ойлап, талқылауға үйрету.
Көксерек – табиғаттың тағы перзенті
Көксерек – табиғаттың тағы перзенті
Ақтөбе қаласы, №1 орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Анесова Бейбит Бисенгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×