Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарланым

13 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Өткізген: Даулова Ақынсара

Сабақтың тақырыбы: «Тарланым»
Сабақтың мақсаты: Махамбет шығармаларымен идеясын анықтау, білімдерін жүйелеу, өлеңдерінің мәні мен мазмұнын ұғындыру. танымдық көкжиегін – кеңейту, отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті әдістер
Көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу «Бағдаршам түстері» бойынша бөлеміз. «Қызыл», «Жасыл», «Сары»
ІІ. Психологиялық дайындық
Әр топ бір – біріне бүгінгі сабаққа қатысты жақсы тілек айту.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Әр топтан 3 оқушы шығып «Мені жалғастыр» әдісімен жаттау айтып, сұрақтарға жауап береді.
1. топ «Аягөз кімнің жері еді?»

2. Жезден қарғы тағынды: Майырға болды жағымды, – деген жолдарды қалай түсінесіңдер?
3. Датыңды айтсаң майырға, Сібірге кеттің айдалып, – деген жолдарды қалай түсінесіңдер?
4. Сонымен, балалар, Зар заман ақындары кімдер екен? Олар неге зарланып, өлең шығарды? Сұрақтарды жалпылама қойып, үй тапсырмасын пысықтау.

ІҮ. Жаңа сабақ
М. Өтемісұлы «Тарланым»
Махамбет Өтемісұлы кім?
ақын батыр күйші

Оқушылар сөйлеп болған соң қосымша мәліметтермен толықтыру. «Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар. Махамбет 1803 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келген.» Махамбет әкесі Өтеміс сөзге шешен, батыр адам болған. «Өтемістен туған он едік, онымыз атқа қонғанда жер қайысқан қол едік» - деп ақынның өзі жырлағандай, Махамбеттің бауырларының көбі кескілескен майданда немесе көтерілістен кейінгі қуғын – сүргінде қаза тапқан. Тумасынан өжет мінезді Махамбет әуелі мұсылманша үйреніп, артынан орысша сауат ашады. Шешендігімен, ақындығымен ерте көзге түседі.

Махамбеттің ақындығына атында қалған өршіл рухтағы өлеңдері дәлел. Батырлығына елі үшін атқа қонып, қарумен де қаламмен де елін қорғағаны дәлел. Көтерілісшіл ақын шығармаларынан ақындығымен қоса батырлығын көреміз. мысалы «Соғыс», «Ереуіл атқа ер салмай» т.б.
Махамбет сонымен бірге жыршы, күйші «Қырымның қырық батыры» сияқты жырларды жатқа айтады екен. Күйлері «Жұмыр қылыш», «Өкініш», «Шілтерлі терезе», «Жайық», «Асу» , «Қайран Нарын»

Күйді тыңдату.

«Тарланым» – ақынның досы батыр Исатай Таймановқа арналған өлеңдерінің бірі. Исатайдың ерлік істерін қаћармандық бейнесін көрсететін жоқтау сарынындағы өлең. Исатайға арналған өлеңдері: «Мінкен ер», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатайдың сөзі», «Исатай деген ағам бар», «Ей, Махамбет, жолдасым»

Ү. Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтқызу. Топтармен жұмыс.
1 топ. Ақынның өкініші өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?
2 топ. Исатайдың сырт бейнесі жырдың қай жолдарынан көрінеді?
3 топ. Исатай бейнесін батырлар жырындағы Алпамыс бейнесімен салыстыр.

ҮІ. Өлеңді құрылысына қарай талдау.
1 топ.
Таудан мұнартып ұшқан, тарланым,
Саған ұсынсам қолым жете ме?
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным коп болды – ау,
Саған да менің арманым!
Кермиығым, кербезім.
Керіскедей шаңдозым,
Құландай ащы дауыстым.
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым,
Тебіренбес ауыр мінездім!

2 топ
Садағыма сары жебені салдырған,
Садағының кірісін сары алтынға малдырған.
Тереңнен көзін ойдырған,
Сұр жебелі оғына
Тауықтың жөнін қойдырған.
Маңдайын сары сусар бөрік басқан,
Жауырынына көшіген жөнді оқ шанышқан.

3 топ
Айғайласа белдік байлаған,
Астана жұртын айналған,
Атына тұрман болсам деп,
Жұртына құрбан болсам деп
Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен.
Атқан оғы Еділ-Жайық тең өткен.
Атқанын қардай боратқан,
Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан,
Арыстан еді-ау Исатай,
Бұл фәнидің жүзінде
Арыстан одан кім өткен?!

ҮІІ. Бүгінгі ұрпақтың Махамбет сияқты өршіл ақынға, азамат ақынға жыр арнамауы мүмкін емес. 10-сынып оқушылары Нұртуған мен Ақтілектің арнау өлеңдерінен кезек береміз.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма
1 топ. Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табу.
2 топ. Исатай туралы қосымша мәлімет жинау.
3 топ. Шығармашылықпен жұмыс. «Махамбетше жырлаймын»

ІХ. Оқушыларды бағалау.
15 367
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызыл, сары, жасыл
Қызыл, сары, жасыл
Балаларға бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру.
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы өздігінен білім ала отырып, өзара білім алмастыру. Өлеңдерінің тақырыбы мен автор идеясын ашу, әдеби теориялық тұрғыдан талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.
М. Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» өлеңдері
М. Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» өлеңдері
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдету, қосымша мәліметтер арқылы ақын туралы деректермен таныстыру, өлеңдерінің мазмұнын меңгерте отырып, тақырыбы мен идеясына, тілінің көркемдік
Махамбет - күрескер ақын
Махамбет - күрескер ақын
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жардемқызы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова Ғалымжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×