Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағынасы жуық сөздер

22 сәуір 2020, Сәрсенбі
Мағынасы жуық сөздер (290 – 294 жаттығулар)
Сабақтың мақсаты: 1. Мағыналары қарама - қарсы сөздер туралы алған білімдерін пысықтай отырып, кей сөздердің мағыналас болатыны жайлы түсінік беру;
2. Сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқата отырып, керекті жерде сөздерді дұрыс қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру, ой - өрістерін кеңейту.;
3. Мағынасы жуық сөздерді мәтін арасынан таба білуге үйрете отырып, сөздік қорларын молайту мақсатында көркемдеп, шебер сөйлей білуге үйрету, сауаттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, көрнекіліктік, талдау - жинақтау, т. б.
Көрнекілігі: сызбалар, үлестірмелі дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балаларды сабаққа дайындау
2. Үй тапсырмасын тексеру: парта бойынша тексеріп өту;
3. Өткенді пысықтау: Дыбыс түрлері, сөйлем, сөз туралы алған білімдерін еске түсіру;

4. Мотивациялық – бағдарлау кезеңі: (мысалды оқи отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
«Ертеде бір ханның Батыр, Ержүрек, Өжет, Батыл, Өткір деген ұлдары боыпты. Хан ұлдарына үлкен жер бөліп беріп, өз алдарына жеке хандық еткісі келеді. Бірақ балалары бір хандықта өмір сүре беретіндіктерін айтыпты. Сөйтіп олар бір хандықта, бір жерде тату - тәтті өмір сүріпті. Ол хандыққа өздері ат қойыпты». Ол хандықтың атын білгілерің келсе мына жұмбақтарды шешу керек. Сол жұмбақтардың шешімінің бас әрпін алып құрасақ хандықтарының аты шығады екен.
1. Белі бүкір, Алысқа түкір (Мылтық)
2. Шұқшитқан сені бір әріпке, Суреттері де әдемі, ол -... (Әліппе)
3. Жарқ етсе сабау қамшы, көрсетіп жауар тамшы. (Найзағай)
4. Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де,
Тебеміз сәті түссе аяқпен де (Доп)
5. Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді (Ерін)
6. сырт - сырт соғады, уақыт озады (Сағат)
Жұмбақтардың алғашқы әріптерін біріктіріп, МӘНДЕС» деген сөзді шығарып, таныстыру;

5. Операциялық орындаушылық кезең: Тақтаға байқату - кесте ілінеді:
МӘНДЕС СӨЗДЕР
Сөйлемдер
1. Апам жолға тамақ әзірледі.
2. Апам ас пісірді.
3. Апам тағамдарды сөмкеге салды.
4. Апам қонақтарға дәм ауыз тигізді.
Мағынасы ұқсас сөздер: тамақ, ас, тағам, дәм.

- Осы кестедегі мағынасы ұқсас сөздерге назар аударайықшы. Бұл сөздердің барлығы нені білдіріп тұр?
- Демек, жазылулары әр түрлі болса да барлығы бір мағынада тамақ туралы айтылып тұр екен. тілімізде мағыналары бір - біріне жақын, мәндес сөздер болады.
290 - жаттығу: берілген өлеңді оқытып, талдау жасау. Өлең ішінен мағынасы жуық сөздерді тауып, ол сөздердің неліктен жуық сөз болып тұрғанын дәлелдету;
- Бұл жаттығу бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? (өз ойларын ортаға салады)
291 - жаттығу: көп нүктенің орнына мағынасы жуық сөздерді тауып жазу:
Алыс - қашық, ұзақ, шалғай; Әдемі – сұлу, көркем,
Зәулім – биік, заңғар батыр – ержүрек, батыл, қаһарман,

6. Сергіту сәті: Аспанды бұлт басып, жаңбыр жауды
Жел тұрып, дауыл соғып мазаны алды,
Жаңбыр басылды, бұлт ашылды, кемпірқосақ асылды.
Жұптық жұмыс: 292 - жаттығу: мәндес сөздерді бір бөлек, мағынасы қарама - қарсы сөздерді бір бөлек топтап, жұптастырып жазу,
293 - жаттығу: берілген мысалды оқытып, талдау жұмысын жүргізіп, мысалдың тәрбиелік мәнін ашу;
Қарамен жазылған ІРІ – сөзінің мағыналас сөздерін тауып жазу.

7. Рефлексиялық – бағалау кезеңі:
«Өз орныңды тап» ойынын ойнату. Шарты: әр балаға араның бейнесінде жасалған үлестірмелі қағаз кигізіп, ондағы жазылған сөз арқылы әр маса өз омартасына барып қонады.
- Сонымен сөз неден құралады екен? Ал бүгін мағынасы қандай сөз туралы білдік?
- Олар неліктен мағынасы жуық сөздер делінген?
Үлестірмелі карточкалармен жұптаса жұмыс жасату. Әр карточкадағы сөздердің мағынасына жуық тауып жазу.
7. Үйге тапсырма: 294 - жаттығу
7. Бағалау.

Қарағанды облысы Жаңа арқа ауданы
Б. Амалбеков атындағы ЖОББ мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Сауытбаева Гульжазира Серикбаевна
Бастауыш сынып мұғалімі Ибикенова Карлыгаш Кылышевна

Толық нұсқасын жүктеу
67 093
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету
Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Сөз туралы оқушылардың алған білімдерін пысықтай отырып, кейбір сөздердің мағынасы қарама-қарсы болып айтылатынын түсіндіру; Сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқата отырып, сөздерді дұрыс қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрістерін
Сөз туралы түсінік
Сөз туралы түсінік
Сөйлемнің сөздерден, сөзді дыбыстан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіре отырып, сөз белгілі бір заттың атауы екенін ұғындыру; Сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқата отырып, сөздерді дұрыс қолдана білу қабілеттерін
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Барлық оқушылар: мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік алады. Сөз және оның мағынасына қарап ереже шығара алады.
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы туралы түсінік беру. Мағынасы жағынан әр түрлі сөздер туралы түсінік беру
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Қызылорда қаласы, №112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Караулова Гүлбарам Нұрсұлтанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×