Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фонетика. Тіл дыбыстары туралы түсінік.

27 қаңтар 2017, Жұма
Фонетика. Тіл дыбыстары туралы түсінік.
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың негізделген оқу мақсаты: Фонетика туралы түсінік беру, шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы білімдерін тереңдету, фонетикалық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.
Табыс критерийлері: Барлық оқушылар ережені айтып бере алады, шығармашылық тапсырмалар орындайды.
Кейбір оқушылар: Жекелей тапсырма орындайтын оқушылар жоқ.
Тілдік мақсат қою: Оқушылар нені істей алады?
Жаңа тақырыпты меңгереді. Тапсырмаларды тиянақты орындайды, есте сақтайды.
Алдыңғы оқу: Лексика тарауы бойынша Постер құру.
Жоспар:
1. Басталуы. (Сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу, қазақ алфавиті бойынша топқа бөлу, топ жетекшісін сайлау.)
І - топ Дауысты дыбыстар
ІІ - топ Дауыссыз дыбыстар болып екі топқа бөлінді.
2. Ортасы. Жаңа сабақ, «Төрт сөйлем» әдісі бойынша 233 - жаттығу.
«Сөз ойла, тез ойла» әдісі бойынша 234 - жаттығу (Ауызша) «Еркін жазу» музыка желісі бойынша «Жұлдызды сәт» тақырыбына эссе жазу. Топтастыру.
3. Аяқталуы. Рефлексия, үйге тапсырма, бағалау.

Үй тапсырмасы: «Өткенге ой жүгірту» Постер арқылы қорғау.
1. Лексика тарауы бойынша не білеміз?
2. 230 - жаттығу Мауглидің бастан кешкен бір сәті туралы мәтін құрау.
(«үлгілі дәптер» әдісі бойынша оқыту) Басбармақ әдісі арқылы бағалау.

Жаңа сабақ
Фонетика дегеніміз не?
Тіл дыбыстары туралы түсінік. ( Тыңдалым әдісі )
Мұғалім сөзі: Фонетика тіл дыбыстарының жасалуы жолдары мен естілуін зерттейтін тіл білімінің саласы. Фонетика дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді. Мысалы: Мал, тал, қал. Бұл сөздердегі дыбыстардың саны бірдей, бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан, мұндағы сөздердің мағынасы да әртүрлі болып тұр. Тіл дыбыстары үн мен салдырдың қатысына қарай дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінеді. Дауысты дыбыстар үннен ғана құралса, дауыссыз дыбыстардың жасалуына үн де, салдыр да қатысады.

Оқулықпен жұмыс: «Төрт сөйлем әдісі» 233 - жаттығу.
Берілген сөздердің дыбыстарын өзгерте отырып, сөз, сөйлем, мақал - мәтел, тұрақты сөз тіркестерін жасау.
ІІ топтың оқушылары берілген тапсырма бойынша төмендегідей жазды.
І топ Сал, жат, тас.
Сал, тал, мал, жал. Жат, хат, сат, ат. Тас, бас, жас, қас, лас, ас.
Сөйлем Мақпал гүлді суға салды. Тұрақты сөз тіркесі Салы суға кетті.
Сөйлем: Асқар әжесіне хат жазды. Тұрақты сөз тіркесі: Хат хабарсыз кетті.
Мақал - мәтел
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
ІІ топ Тық, қаш, жан.
Тық, шық, сық. Қаш, шаш. Жан, нан, сан, қан.
Сөйлем: Айгүл шашын тарады. Тұрақты сөз тіркесі: Төбе шашы тік тұрды.
Мақал - мәтел
Шаш ал десе, бас алады
Сөйлем: Балалар үйдің жанында ойнап жүр. Тұрақты сөз тіркесі: Жаны жай табу.
Мақал - мәтел Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.

«Сөз ойла, тез ойла» әдісі жұптық жұмыс. (Ауызша)
234 - жаттығу Берілген сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы басқа - басқа сөздер жасау.
Ал, ат, у, ыс, ас.
І топ
Ал, ала, алтау, алау. Ат, ата, атау. У, уық, уыс, улы.
ІІ топ
Ыс, ыстық, ысқырық, ыссы. Ас, астау, асық, аспан, астық.
«Еркін жазу» Жұлдызды сәт Оқушы өз ойын қағаз бетіне түсіру. (Музыка желісі арқылы)
Айғаным: Бақыт, қуаныш, молшылық аңсаған арманымызға жеттік.
Мадина: Тәуелсіздік алғанымызға 25 - жыл толды. Тәуелсіздік күні қырандай қалықтап, күндей жарқырай берсін.
Шұғыла: Біз әлем картасынан ойып орын алатын егемен елміз. Мен өз еліммен мақтанамын.
Сағыныш 25 - санын көргенде Тәуелсіздік алғанымыз есіме түседі. Математика сабағында 5 - ті өз - өзіне бес рет қосамыз, 25 - саны тақ санға жатады.
Топтастыру
І топ: Фонетика

Естиміз, айтамыз
Буын
Екпін
Интонация
ІІ топ: Тіл дыбыстары

Дауысты
Дауыссыз
Үн, салдар
Сөйлеу мүшелері
Рефлексия

Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын қорытындылады.
Сайлаубекова Мадина Тапсырма қиын, соған қарамастан тапсырманы орындай алдым. Мен өзіме өте сенімдімін.
Еркінова Ақбота Тапсырмалар қиын бірақ сабақты игерген сияқтымын.
Үйге тапсырма
236 - жаттығу
Сурет бойынша ертегі құрастыру.
Бағалау.

Далибаева Куралай Жумабековна
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,
Қарасу ауылы, Қасым Қайсенов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 432
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
И, й әріптерінің жазылуы.
И, й әріптерінің жазылуы.
Й, и, у әріптерінің емлелік ережесін еске түсіреді, сөздерде дұрыс жазуын үйренеді.
Х, Һ дыбыстары
Х, Һ дыбыстары
Дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау. Х дауыссыз дыбыс негізінен орыс тілі арқылы кіргенін, ал һ дауыссыз дыбыс кейбір шығыс сөзінде қолданатынын түсінеді.
Тіл дыбыстары
Тіл дыбыстары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы кеңінен түсінік беру.
Буын
Буын
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің мұғалімі Нарымбекова Гульнар Шайзадаевна
Тіл дыбыстары
Тіл дыбыстары
Астана қаласы, «№66 мектеп - лицей» мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Толеубаева Самал Жақсылыққызы
Фонетика
Фонетика
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×