Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

28 қаңтар 2017, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс - әрекетіне, автор көзқарасына бойлау;
2. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны танып білуге, ажыратуға, ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
3. Табиғатты қорғауға, аялап баптап күтуге, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: білімді бекіту, сын тұрғысынан ойлау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б
Сабақтың көрнекілігі: интер. тақта, сызбалар, үлестірмелі қағаздар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Эпиграф
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап
Аспан қалай ашылмақ.
Назым Хикмет

ІІ. Бекіту. Бүгінгі сабағымыз 3 кезеңнен тұрады.
І. Талдау.
ІІ. Жалғау.
ІІІ. Самғау.

- Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар?
(Иә, әдебиет өміртану құралы. Көркем шығарма арқылы өмірді таныта отырып, адамды тәрбиелейді.).
Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы.
Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, талбесігі. Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?
Ендеше табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіздер?
Қоршаған орта
Табиғат
Халық қазынасы
Ал табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?
Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан, бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі, олардың іс - әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі, яғни сюжеті Көксерек іс - әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.
Топқа бөлу: «Аңшы» және «Қасқыр»
І кезең. Талдау.
• Шығарманың авторы кім? Мұхтар Әуезов.
(Тірек – сызба бойынша сөйлеу)
• Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Тақырыбы: Қасқырдың мінез - құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттері
Идеясы: Табиғат пен адам арасындағы байланыс, түсіністік

• Тақырыбы бойынша видеоматериал көру «Қасқырлар» (алған әсерлерімен бөлісу)
• Тірек – сызба бойынша сөйлеу.

• Шығарманың композициялық жоспарын құру.
1. Оқиғаның басталуы — Қасқыр мекені. Бөлтіріктер тағдыры.
2. Байланысы - Көксеректің ұяластарымен табысуы.
3. Дамуы - Қарадыр еліндегі мазасыздық
4. Шарықтау шегі - Құрмаштың қазасы
5. Шешімі - Көксеректің жазасын тартуы.

ІІ кезең. Жалғау.
• Видеоматериал «Көксерек» 1 минут
Көксерек әңгімесі желісі бойынша көркем фильм түсірілген болатын.
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген "Көксерек" көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті.
1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды.
Қызықты деректер:
Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.
«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.
Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.
Өзіміз жазушының жұбайы Валентина Әуезованың естелігінен түсінгеніміздей, жазушының осы әңгімені жазуына бала күнінде аңшылардан естіген әңгімелерінің есіне түсуі себеп болған екен. Әңгіме тақырыбы «Көксерек» деп аталғанымен тек қасқыр тағдырымен қоса адам мен табиғат арасындағы күрделі проблемалар көтерілген. Бұл шығарма – Әуезов туындылары арасындағы шоқтығы биік шығармалардың бірі. Енді осы шығарманың желісімен түсірілген көркем фильмнен шағын үзінді көрейік. (видео көрсетіледі)
• Фильм үзіндісінен нені байқадыңдар? Өз ойларыңды ортаға салыңдар. (оқушылар пікірі)
• Оқулықтағы әңгіме мәтінімен жұмыс істейміз. Оқулығымызды ашайық. Әңгімедегі кейбір сөздерді дәптерімізге жазып, мағынасын түсініп алайық. (Сөздік жұмысы)
Адыр – бір - бірімен ұласып жатқан дөңесті жер.
Боз қараған, тобылғы, сасыр – бұталы өсімдіктер
Жып - жылы мықты тұсаулар – бұл жерде: адамның қолдары
Тірсегі – артқы аяғының төменгі бөлігі
Жонданғандай – арқа тұсы жуандап, үлкейгендей болды
Көресіні көрді – жәбірленді
Зіңгіттей – ірі, үлкен
Тұрқы – тұла бойының ұзындығы, т. б.

• Топтық тапсырмалар орындау. (жеке оқушылар карточкамен жұмыс жасайды)
1 – 2 - топ.
Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе - кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?

2 - топ. Бес жол өлең стратегиясы. Синку - эй әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.
1. Қасқыр
2. Жыртқыш, қомағай.
3. Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды
4. Қасқыр - түз тағысы, перзенті.
5. Бөрі, көкжал.

1. Аңшы
2. Қырағы, сақ
3. Атады, көздейді, аулайды,
4. Аңшы қансонарда аңға шығады.
5. Мерген.

Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал - мәтел айтады.
1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар

ІІІ кезең. Самғау.
Енді сабағымыздың соңғы бөліміне келдік. Жазушымен, оның шығармасымен таныстық, талдадық, баға бердік. Ал сонда бұдан қандай әсер алдық? Енді сол туралы әңгімелейік.
Тақырыптар:
1. Жазушымен сырласу,
2. Табиғатқа тіл қату,
3. Адамдарға үн қату.

ІҮ. Үйге тапсырма беру. «Көксерек – табиғатың тағы перзенті» шығарма жазуға дайындалу.
Бағалау: «Бағдаршам» арқылы бағалау.

Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!
3 491
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы. Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, талбесігі. Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді? Ендеше табиғат
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Атырау қаласы, № 6 орта мектептің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
[right]Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утепова Нурбала Узакбаевна
Мұхтар Әуезов Көксерек
Мұхтар Әуезов Көксерек
Қостанай облысы, Рудный қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шынар Даниярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×