Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі

01 ақпан 2017, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға әңгіменің идеясын жан – жақты талдай отырып ашу;
“Көксерек” әңгімесін қайталай отырып, алдыңғы алған білімдерін тиянақтау. Қасқыр туралы пайымдаулар жайында ой жинақтау.
Дамытушылық: Сөздік қорларын байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, бір пікірге келу, өз пікірін дәлелдей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлесе жұмыс жасауға, яғни ұйымшылдыққа және қарым - қатынас шеберлігіне баулу.
Сабақ түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс, мақал – мәтелдер, кері байланыс,
Технология: АКТ, СТО, Дамыта оқыту технологиясы
Көрнекіліктері: Ақын портреті, слайд, бейнефильм, үлестірме қағаздар.
. Сабақтың барысы:
I.. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық тренинг.
1. Амандасу
2. Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау
3. Құрал жабдықтарын тексеру, топқа бөлу.
Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме балалар?. Отырыңыздар.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
 Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз».
Оқушылар сабақты бір - біріне смайлик доп арқылы жылы сөз айтып, жаңа сабақты меңгеру барысында көңіл - күйлерінің жақсы болуына тілек білдіреді.
- Балалар, қазақта мынадай сөз бар «Жылы сөз жанға қуат береді» дейді. Ендеше бүгін сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жылы сөз айтып, бүгінгі күнге жақсы тілек айтып бастайық.
 Суреттер арқылы топқа бөлу
біз қазір топ болып, 2 топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.
1 - топ «Құрмаш»
2 - топ «Көксерек»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Видеоролик «Көксерек» фильмінен үзінді
Тақтадағы бейнефильмге назар аударайық.

Бүгін сабағымыз. Әуезовтің әңгімелерінің ішіндегі тілі жатық жазылғаны «Көксерек» әңгімесі. Ал бүгінгі сабағымызда тақырыпты қорытындылаймыз. Алдымен шығарманы есте жаңғырту үшін әңгіме мазмұнын қаншалықты меңгеріп түсінгендеріңді байқаймыз. Ол үшін дайындалған сұрақтарға жауап береміз
2. Мағынаны тану. Жеке, Топпен жұмыс жасап келесі сұрақтарға жауап беріледі.
І Бөлім: Қасқырлар мекені.
1. Қасқырлар қай жерді мекен етті?
- Олар немен және қалай қоректенді?

ІІ Бөлім: Екі аяқтылар қатыгездігі. Бөлтіріктер тағдыры.
2. Мүйіз тұяқтылармен келген екі аяқтылар қандай қатыгездік жасады?
3. Неліктен бөлтіріктерді көздеріне қарап өлтірді?
ІІІ Бөлім: Құрмаштың мейірімі.
4. Құрмаш Көксерекке қандай қамқорлық жасады?
5. Ал Көксерек қандай тағылық қылықтар көрсетті?
ІҮ Көксерек - ауыл тұрғыны.
6. Көксерек қандай қорлық көрді?
. Ала төбеттен қалай кегін алды?

Ү. Көксеректің ауылдан кетуі.
Ұяласымен табысуы.
7. Көксерек ұяласымен қалай табысты?
ҮІ Қараадыр еліндегі мазасыздық. Тағылардың тағылық істері.
8. Қараадыр елінде неге қайтадан мазасыздық туды?
- Тағылар қандай тағылық іс жасады?
ҮІІ Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.
9. Құрмаш қалай қаза болды?
10. Көксерекке қандай жаза берді?

III. Сергіту сәті
IV. Топтық жұмыс. Постер құру.
1. 1. Қасқырдың қасиетін суреттеңіз.

2. Адамдардың қасиеттерін суреттеңіз.
V. Шығармашылық жұмыс
Ой толғаныс: Еркін жазу стратегиясы.
Егер мен автор болсам...
(Әңгімені көңіл - күйді көтеретіндей етіп аяқтау)
VI. Сабақты бекіту.
«Сиқырлы сандықша» сұрақтары:

Өтілген тақырыпқа байланысты әр топқа бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді, жазалады?
2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?
3. Көксерек ауылдан не үшін қашып кетті?

4. Көксерек Құрмаштан көрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
5. Құрмаш қалай қаза болды?
6 Көксерек туралы ел адамдары не деді?

VII. Сабақты қорытындылау.

Адам, жануар – табиғат жаратылысы. Олар өмір сүру үшін, ұрпақ сақтап қалу үшін өмір сүреді. Қасқырлар жыртқыш да болса тіршілік иесі. Адамдар осыны түсіну керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу, бөлтіріктерін өлтіру - адамның табиғатқа жасаған қиянаты.

«Табиғат – тал бесігің»
Табиғатты аялаңдар, адамдар!
Жыртқыш болсын, мейлі өскен бұлаңдап.
Жер - ана да көздің жасын бұлайды,
Жапа шексе перзенттері – құс - аңдар
VIII. Өзін - өзі бағалау.
Рефлексия.
IX. Үйге тапсырма беру
«Менің әңгімеден алған әсерім». Эссе
10 261
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Мұхтар Әуезов "Көксерек"
Мұхтар Әуезов "Көксерек"
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темкенева Толқын
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Көксерек
Көксерек
Астана қаласы, №66 мектеп - лицей. Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Баймолдина Сәнім Шәкірқызы
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі (7 сынып)
Мұхтар Әуезов Көксерек
Мұхтар Әуезов Көксерек
Қостанай облысы, Рудный қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шынар Даниярқызы
Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі
Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ағыбай Асылбек Абдиәлімұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×