Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен "KAZsport" телеарнасын қараймын

12 ақпан 2017, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Мен "KAZsport" телеарнасын қараймын
Мақсаты: Оқушыларға "KAZsport" телеарнасы туралы білімді өз беттерімен іздену мүмкіндіктері арқылы қалыптастыру.
Негізгі дереккөздер мен ресурстар:
АКТ, бағалау парағы, стикерлер, маркерлер, бейнероликтер, таныстырылым, маркерлер, таратпа материалдар, смайликтер.
Күтілетін нәтиже: "KAZsport" телеарнасы туралы мағлұмат алады.
Негізгі идеялар: «Қазақстан» ұлттық телеарнасы эфирге алғаш рет 1958 жылы 8 наурызда шықты. «КТК» телеарнасы 1991 жылдан бастап жұмыс істейді. «Хабар» агенттігінің алматылық филиалы «Хабар» телеарнасы 1995 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасының ақпараттық қызмет базасының негізінде құрылды.
"KAZsport" телеарнасы 2013 жылдың 1шілдесінен хабар тарата бастады.
Дереккөз: С. Жұманова 8 сынып оқулығы
Әдістер:
«Миға шабуыл»
Топтық жұмыс.
Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Сұрақтармен жұмыс жасау
3 - тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
1 - тапсырма. Спорт сөзіне ассоциативтік қатар құраңдар.
2 - тапсырма. Спорт сөзінің мағынасын ұғыну.

4 - тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну.
Менің атым - Марғұлан. Мен теледидардан "КAZsport" телеарнасын көремін. "KAZsport" телеарнасы 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап хабар тарата бастады. Таратылатын хабарлардың 70 пайызы тікелей және түпнұсқа трансляциялардан тұрады. Олардың негізгісі - елімізде кең қанат жайған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық бәсекелер. Теле көрсетілімдер қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. "KAZsport" телеарнасында қазақстандық жанкүйерлер ,Ұлттық құрама командалар қатысатын құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды, ел біріншілік терін тікелей эфирде көре алады. Атап айтсам, олар: қазанда өткен Жазғы Универсиада, теннистен әлемнің қас шеберлері жиналатын "Australian Open", "Roland Garros", дзюдодан өткен әлемдік Гран - при турнирлері, Инчхонда өткен Азия ойындары, ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты. Біз үй ішіміз бен кәсіпқой бокста қазақстанның атын әлемге танытып жүрген Геннадий Головкиннің жекпе - жегін тікелей көрсетілімнен қараймыз.
Ұлттық спортты дәріптеу мақсатында "KAZsport" телеарнасы қазақ күресінен өткен "Қазақстан барысы", "Еуразия барысы" сияқты айтулы додаларды тікелей эфирде көрсетті. Мен KAZsport" телеарнасын қараймын, өйткені өзім спортты жақсы көремін.

5 - тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрып, мәтінді мазмұндау.
6 - тапсырма. Берілген етістіктерді өткен шақтың болымды/болымсыз түрінде жазыңдар.
Етістіктің ережесін қайталап өту
Сабақты бекіту. Сұрақтарға жауап беру.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 120 бет 7 - тапсырма
2 017
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Х, Һ дыбыстары
Х, Һ дыбыстары
Дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау. Х дауыссыз дыбыс негізінен орыс тілі арқылы кіргенін, ал һ дауыссыз дыбыс кейбір шығыс сөзінде қолданатынын түсінеді.
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның түрлері. Телевидение
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның түрлері. Телевидение
оқушылардың тіл байлығын дамыту, ой - өрісін кеңейту, ойларын ауызша жүйелеп жеткізуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту. оқушыны мемлекеттік тілге құрметпен қарауға, оны саналы да ерікті меңгеруге тәрбиелеу.
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Ақпараттық - коммуникациялық, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған, модульдік оқыту технологиясы
Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация
Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация
Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырата білу. Электролиттік диссоциация процесінің мәнін ашу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×