Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Батыр Баян - патриоттық шығарма

01 наурыз 2017, Сәрсенбі
М. Жұмабаев Батыр Баян - патриоттық шығарма.
Қазақ әдебиеті 8 - сынып
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Поэмадағы тарихи оқиғаларды түсініп оқып, Баян бейнесін ашу, оқушылар өз көзқарастарында дәлелдеу, өзекті ойды ала білу. адалдыққа, намысшылдыққа тәрбиелеу. Тәрбиелік: Поэма патриоттық шығарма екенін дәлелдей отырып, адалдық пен намыстылыққа тәрбиелеу; Дамытушылық: сөз астарына үңіліп, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, афоризм сөздерді тірек етіп қолдана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: дебат – пікірталас сабағы. (Карл Поппер пікірталасы бағдарламасы бойынша)
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың әдістері: танымдық ізденуші, зерттеу әдісі, СТО сстр. Венн диаграммасы, топтастыру, (кластер), топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, презентация, «Баян Сұлу» фильмінен суреттер.

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі
Үйге М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Батыр Баян» поэмасын оқып келу керек болатын.
1 - топ.
Мағжан өміріндегі жылдар үн қатады.
2 - топ.
Мағжан шығармалары.
Мұғалім сөзі. Мағжан лирик ақын, сыршыл ақын, эпик ақын. Мағжанның ақындық суретшілігі жайлы Жүсіпбек Аймауытов «Мағжанның ақындық күші, сөзге еркіндігі, суретшілігі - баянда толық көрінеді. абай айтқан сөз патшасы «Баянда» бар. Адамдардың мінезін дұрыс келтіру, махабатты, батырды, соғысты, өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді. «Баян» - қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс» дейді, ендеше сол айтылған ойға көз жеткізейік.
- Алдымен Баян туралы қысқаша дерек алайық.
- Мақсатына тоқталу.
- Батыр баян поэмасының қысқаша композициялық құрылысын талдайық.
2 - топ құрады салыстырамыз.
Оқиғаның болған кезі: Тарихи кезеңдер қазақ, қалмақ шапқыншылығы, жаугершілік заман, Абылай хан тұсы.
Оқиға неден басталады: Шапқыншылық кезінде қалмақ қызының қолға түсуі.
Оқиғаның дауы, өрбуі: Баян қызды еліне алып келуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Ноянның қызға ғашық болып, екеуінің қашып кетуі.
Оқиғаның шарықтау шегі: Ноян мен қыздың Баян қолынан қаза табуы.
Шешімі: Батыр Баянның жау қолына өзі барып түсуі.
Оқиғадағы негізгі кейіпкерлеріміз кім? Баян, Ноян, Лағда.
Ендеше осы кейіпкерлерімізге мінездеме бере кетейік.

Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай.
Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,
Сөздері – су сылдырлап құйылғандай.
Бір улап, көзқарасы бір айнытқан,
Жұлдыздай еркелеген сөнбей - жанбай...

Ақын бұл шығармада өзі де сұлулыққа табынады. Сұлулық - тылсым күш. Ол ер Баянды да тұтқындайды.
Қан жауып екі көзін қанды балақ,
Ілмекке қоңыр қазды көңіл бөлген...
Болмасын жас сұлудың білгеннен соң,
Ер Баян қарындас қып ерік берген...

Жанса да жап - жас ноян, сұм сұлу қыз
Көп заман жүрді бірақ көз де салмай...
Келесі негізгі сұрақтардың бірі - ақын қалмақ қызын сұлу деп қана жеткізбей сұм сұлу деп айтуының себебі неде?
- Осындай ерекше сұлулық иесі – қалмақ қызының қайсарлығы мен ақылы да қайран қалдырады. Сөз салмақ болған Баянды "ағатайлап" жүріп, өзіне қарындас ретінде қарауға мәжбүр еткен. Түпкі ойында туған жұрты, ата - анасы жатыр.

Алаштың аруы боп кетсе - дағы,
Жанымен өз жұртынан айырылмаған, –
күйі, ақыры, жас Ноянды өз дегеніне көндіреді.
Батырдың жан күйін, сезім тасқынын суреттейтін жер?
Боз үйде жалғыз қалып Баян енді.
Жаралы жолбарыстай күңіренді...
... Ойламай, белді бекем будым неге?
Қозымды қас дұшпандай қудым неге?
Майысып Ноян қалқам, ерке марқам,
Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге?
Бауырыма тас жүрегім жібімеді - ау,
Бір ата, бір анадан тудым неге?
Салдырап шіріп қалғыр саусақтарым
Қанымен өз қозымның жудым неге?
Күнәсіз екі жасты өлтіргенше,
Өлмедім ішіп уын...
Жоқ әлде жоқ, жоқ... әлде... өлтірдім бе,
Інімді алты алаштың намысы үшін?!
Коллизия деген не? – кейіпкердің азап шегуі, бір – біріне қарама – қарсы сезімдердің бір адамның бойында тоғысуы.
Ал, енді осы оқиғаны сараптай отырып, Ноянды кім дейміз?
Баянның інісін өлтіргені қылмыс па, қылмыс емес пе? Осы тақырыпқа пікір таластырайық. Ендеше балалар, осы пікір жайында пікірталас ұйымдастырайық.
Ақтаушылар:
Даттаушылар:

Қорытынды: Міне, балалар, сонымен түйін шешілді. Баян да, Ноян да кінәлі емес. Алтыбақан алауыз қылған сол заман келмеске кетсін.
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас....

Дей отырып, Батыр Баян бейнесі қалай болғанда да тарихи, реалистік, аңыздық, трагедиялық, романтикалық, батырлық бейне деп бүгінгі сабағымызды М. Жұмабаевтың жыр жолдарынан мына үзіндімен аяқтайық.
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға.
Шығарар олар бір таңға,
Мен жастарға сенемін!
Ақынның осы сенімін ақтайтын болашақ сендер екеніңді ұмытпаңдар.

Еліміз тыныш болып, Тәуелсіздігіміз асқақтай берсін.

Оқушыларға үй тапсырмасы: «Ерлік туралы дастан» атты шығарма жазуға даярлану.
Абылай хан туралы мәлімет.
Бағалау.

СҚО, Тайынша ауданы,
Чкалов селосы, «№2 Чкалов орта мектебі» КММ
Шауенова Алтын Балгановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 931
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Батыр Баян поэмасымен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, баға беру;
Батыр Баян поэмасы
Батыр Баян поэмасы
«Батыр Баян» поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту; Оқушылардың ой - қиялына ерік бере отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру
Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаев туралы білімдерін кеңейту. Поэманы жан-жақты талдау, тарихи мәліметтер беру. Сюжеттік желісі мен идеялық мазмұнын ашу.
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулебаева Асемкул Жумадиллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×