Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Деңгейлік тапсырмалар 7 сынып

05 ақпан 2012, Жексенбі
Деңгейлік тапсырмалар.
7 сынып
2012 оқу жылы
Түсінік хат
Мақсаты: Оқушыларды деңгейлеп саралап оқыту, әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.
Оқушылардың сөздік қорларын толықтыру, тілін, ойлауын мазмұндай білу қабілеттерін дамыту.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған біліктерін пысықтауға арналған.

Міндеті:
1. Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқу - тәрбие процесіне енгізу.
2. Оқушының пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.
Нәтиже: Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі Ж. Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған білімдерді және біліктерін пысықтауға арналған.
Деңгейлік тапсырмалар 7 - 9 сыныптар модульдері бойынша тақырыптарды қамтиды.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен жұмыс істеуге баулиды, ой еңбегімен айналысуына көздейді.
Деңгейлік тапсырмаларды өздігінен жаңа сабақты меңгерту, тақырыпты пысықтау, қайталау сабақтарында пайдалануға болады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын байытуға, тілін дамытуға бағыттайды.

Қазақ тілі
7 сынып.
Кіріспе бөлімінде «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

I деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңді мәнерлеп оқу, төл дыбыстарды орфоэпиялық нормаға сай айту.

Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен - тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!
(М. Жұмабаев)

II деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңді оқып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.
2. Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Бесікте, тілің, тілмен, ақылы, айтылады./түбір, I - II - жақ, жекеше, көпше т. б/
3. 1. Нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне...... жатады
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі.....
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Зеңгір көк..... белгісі
а/ адалдықтың, тазалықтың, аспанның
ә/ қуаныштың, жеңістің
б/ жамандықтың, бейбітшіліктің
4. Күнге табыну...... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста
5. Күн бейнесі...... белгісі
а/ татулықтың
ә/ байлық пен берекенің
б/ достықтың

III деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңнің мазмұнын айт.
2. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.
Туған тілім, тіл байлығы, мақтанышым, құдіретті, үлгі - өнеге.

Астана қалас , №43 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 412
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар Дыбыс және әріп
Ересектерге тіл үйрету сабақтарында деңгейлеп-саралап оқытуды қолдану жолдары.
Ересектерге тіл үйрету сабақтарында деңгейлеп-саралап оқытуды қолдану жолдары.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы дегеніміз – әр тұлғаны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Оқушыларға сабақ барысында деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша жұмыс орындайтындықтарын түсіндіру.
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар (7 сынып)
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар (7 сынып)
Оқушыларды деңгейлеп саралап оқыту, әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.
Менің инновациялық сабағым
Менің инновациялық сабағым
Қостанай қаласы, №11 орта мектебі Есингожина Зибагүл Пішенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×