Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Диктант «Жыл мезгілдері»

20 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Қарағанды облысы,
Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы,
№74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы

6-сынып
І. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Жыл мезгілдері»
ІІ. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: модуль бойынша өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптардан алған білім деңгейлерін тексеру, оқушылардың тілдесім әрекеттерін арттыру, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап сауатты жазуын арттыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы қазақ сөздерін дұрыс жазуға үйрету;
б) тәрбиелік: бір-біріне бөгет болмай, жазба жұмысын жазудағы тәртіпті қатаң сақтауға баулып, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың түрі: білімді тексеру сабағы (жазба жұмысы)
ІҮ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, грамматикалық тапсырма
Ү. Сабақтың көрнекілігі: мәтін, тақта
ҮІ. Пәнаралық байланыс: табиғаттану, орыс тілі
ҮІІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. Жазба жұмысының тақырыбын ребус шешу арқылы анықтау.
Ж----жылан
Ы-----ыдыс
Л-----лақ
М----мысық
Е----- есік
З-----зәкір
Г-----гүл
І------із
Л-----лилия гүлі
Д-----доп
Е-----ет
Р-----радио
І-----ілгіш

3. Тақырып бойынша білетіндерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.
1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
2. Бір мезгілде неше ай бар?
3. Қыс айларын атаңдар.
4. Көктем айларын атаңдар.
5. Жаз айларын атаңдар.
6. Күз айларын атаңдар.
4. Жазба жұмысының мәтінімен таныстыру.

Жыл мезгілдері
Бір жылда төрт мезгіл - көктем, жаз, күз және қыс бар. Көктем айлары – наурыз, сәуір, маусым. Қар наурыз айында ери бастайды. Сәуір айында барлығы көктей бастайды.
Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жаз маусымнан басталады, қыркүйекке дейін созылады. Шілде - ең ыстық ай. Тамызда кейде жаңбыр жауады.
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазан мен қараша айлары жауынды және салқын болады.
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыстың ең суық айы – қаңтар. Желтоқсанда күн қысқарып, түн ұзарады.

5. Мәтіннің мазмұнына түсінгендерін анықтау мақсатында қойылатын сұрақтар.
1. Жыл мезгілдерін атаңдар.
2. Қай айда қар ери бастайды?
3. Қай айда барлығы көктей бастайды?
4. Жаз қай айдан қай айға дейін созылады?
5. Қазан мен қараша айларында ауа райы қандай болады?
6. Ең суық ай.
6. Оқушыларға жазба жұмысы барысында қойылатын талаптарды естеріне салу.

1. Мұғалімнің диктантқа байланысты берген тапсырмаларын орындау керек.
2. Сабақ барысында зейін қоя тыңдап, асықпай, қатесіз жазуға тырысу керек.
3. Шала тыңдап, қалай жазу керектігін қасындағылардан, мұғалімнен сұрап, басқаларға кедергі жасамау керек.
4. Таза, ұқыпты жазуды естен шығармау керек.

7. Тілдік дайындық.
1. Қазақ тілінің төл дыбыстарының емлесі.
2. Тәуелдік және септік жалғаулары.

8. Мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс.
Ери, қысқарады, ұзарады.

9. Грамматикалық тапсырма.
Мәтіннен тәуелдіктің ІІІ жағында тұрған сөзді тауып алып септеңдер.

ІІІ. Үйге тапсырма
Өтілген ережелерді қайталау.
66 103
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5 - 11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Үй құстары
Үй құстары
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану
Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Мекен үстеу
Мекен үстеу
Өткен сабақта алған білімдерін әрі қарай тереңдету, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету, мекен үстеу тақырыбымен танысу;
Үстеу
Үстеу
Оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, сөйлеу мен жазуды қалыптастыру. Шығармашылықты дамыту, сауаттылық пен қызығушылықты арттыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×