Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтың бәрі жақсы. Зат есім тудырушы жұрнақтар

30 маусым 2017, Жұма
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Топ деңгейі: В1 - орта деңгей
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Зат есім тудырушы жұрнақтар
Сабақтың мақсаты: Берілген тақырып бойынша тіл үйренушілердің сөздік қорын кеңейтіп, сөз тіркесін, сөйлем құруға дағдыландыру. Аталмыш тақырып бойынша ойларын ортаға салуға, пікір алмасуға машықтандыру. Мамандықтар жөнінде мәліметтермен бөлісу, еңбек нарығында енді ғана пайда болған мамандықтар жөнінде мағлұмат беру.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап әдісі, ойын әдісі, проблемалық әдіс, топтық жұмыс әдісі, аударма әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бейнеролик, таратпа парақшалар, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
1. Сәлемдесу
2. Өзін - өзі таныстыру
3. Тыңдаушыларды ортаға шақырып, «Түймедақ» тренингін өткізу
4. Тыңдаушыларды топқа бөлу
5. ЭКСПО - ның эмблемасы туралы сөйлесу
Өткен материалды қайталау: Эмблеманың жапырақшасындағы тапсырманы орындау

Многонациональный – көпұлтты
Красивый – әдемі
Слово – сөз
Дело – іс
Полезный – пайдалы
природа – табиғат
надежда – үміт
Счастье – бақыт
след - із
Нежный – нәзік
Справедливый – әділ
Словосочетание – сөз тіркесі
Фундамент – іргетас
Мнение – пікір
Әр топ өзінің сөзін оқиды.
Сөздерді аудару арқылы «Кәсіп түбі - нәсіп» деген нақыл сөз шықты.
Осы нақыл сөздің басты тірек сөзі қандай? Иә, «Кәсіп», осы сөздің синонимі
«мамандық», ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Мамандықтың бәрі жақсы»
Жаңа сөздермен таныстыру.

Еңбекқор – трудолюбивый
Жалақы – зарплата
Еңбек өтілі – трудавой стаж
Кәсіпорын – предприятие
Жауапкершілік – ответственность
Тәжірибе алмасу – обмен опытом

1. Менің ағам бүгін жұмыстан... алды.
2. Ол... адам.
3. Оның...... 30 жыл.
4.... орталықта орналасқан.
5. Кез - келген жұмыста басты талап....
6. Жас мамандар...... үшін жиналды.

Оқылым.
Мәтін үш азат жолдан тұрады. Үш топқа бөлеміз.
(уақыттың аздығына байланысты мәтінді де қысқартып алып отырмын. тізбектеп оқыту)
Мәтін

(1 - топ) Бұл - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Оның әлемде 40 мыңға жуық түрі бар. Оның жаманы жоқ, бәрі де қажет, бәрі де пайдалы.
(2 - топ) Бұл – жасөспірім жақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдағанның ішінен өзіне лайықты біреуін табу міндеті тұрады. Бұл шешімнен қателесуге болмайды. Себебі болашағың осыған байланысты болмақ.
(3 - топ) Бұл – жақсы дайындықтың, жылдар бойғы еңбектің, еңбекқорлықтың жемісі. Ол уақыт өте келе жинақталады. Еңбек жолында онымен бөлісу, алмасу өте маңызды.

Жаңа сіздер мәтінде мамандықтың түрлері көп дедіңіздер, ал енді сол мамандықтардың атауына байланысты ойын ойнайық.
« Ыстық орындық» ойыны
Ойын «ыстық орындық» деп аталады. Әр топтан бір адам шығады, тақтада жазылып тұрған мамандық атауын атамай орындықта отырған адамға түсіндірулеріңіз керек. Орындық өте ыстық, жанып кетуі мүмкін сондықтан отырған адам мамандықтың атауын тез түсіну үшін топ мүшелері жақсылап түсіндіру керек. Ойын шарты түсінікті болса, ойынымызды бастайық. Бірінші көктер тобынан бір адам ортаға шықсын. Қане орындыққа отырыңыз. Ал көктер тобының мүшелері мамандықтың атауын айтпай түсіндіріңіздер.
( өте жақсы, осылай қалған топтармен де ойналады)
Сөздер: сәулетші, бағдарламашы, заңгер, ұшқыш, мүсінші, қаржыгер.
Дәрі+гер, етік+ші, ас+паз, құрылыс+шы
Зат есім тудырушы жұрнақтар
Ережемен танысайық
Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Туынды зат есімдер жұрнақ арқылы жасалады.
Мысалы: Менің анам тігінші.
жұрнақтар мысалы
- шы, - ші жұмысшы
Зат есім + - шылық,- шілік егіншілік
– лық,- лік, - дық, - дік, - тық,- тік мамандық
- кер, - гер саудагер
- кеш, - стан, - паз, - қой,- қор, - хана аспаз
Грамматикалық тақырыпты бекіту
Грамматикалық тақырыпты пысықтау мақсатында жаттығу жұмысын жүргізейік.
Менің қолымда үш конверт тұр, сол үшеуін қазір үш топқа беремін. Бұл конверттің ішінде сөздер мен жұрнақтар араласып жатыр, сіздер сөз бен жұрнақты қосып туынды сөз жасауларыңыз керек. 30 секунд уақыт беріледі, қай топ көп сөз құрайды сол топ жеңімпаз болғаны.

Осы аталған мамандықтарды таңдап алу әр адамның өмірінде кездесетін нәрсе. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Қазір «Мамандық таңдау» бейнеролигін көреміз.
Тыңдалым
Бұл тыңдалым болып табылады және осы тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап береміз
Бейнеролик «Мамандық таңдау»
Бейнероликті көрдіңіздер, жақсылап тыңдадыңыздар, енді тест сұрақтарына жауап берейік
Тест тапсырмалары
1. Негізгі ақпаратты көрсетіңіз.
А) мамандық таңдау В) достар таңдау
С) сыйлық таңдау Д) әріптестер таңдау
2. Дұрыс жауапты табыңыз.
Ең көп мемлекеттік грант қандай мамандықтарға беріледі?

А) педагогикалық
В) медициналық
С) техникалық
Д) ауыл шаруашылық

3. Мәтінде қандай жаңа мамандық айтылды?

А) дизайнер
В) нанотехнолог
С) бағдарламашы
Д) менеджер

Сөйлесім.
Көрген бейнероликтеріңізге байланысты пікірталас (әр топқа бір сұрақтан беріледі)
1. Қандай мамандықтар сұранысқа ие?
2. Қандай маман иелері жақсы табыс табады деп ойлайсыздар?
3. Мамандықты баланың өзі таңдағаны дұрыс па, әлде ата - ана таңдағаны дұрыс па?
Жазылым.
Мамандықтарға байланысты жұмбақ шешеміз. Жұмбақтар әртүрлі, қиыны да бар, оңайы да бар, сондықтан әділ болсын деп мынандай зырылдауықтың көмегімен жұмбақтарды аламыз. Алып оқисыздар, шешуін айтасыздар және осы сөзбен сөйлем құрып дәптерлеріңізге жазасыздар.
Қане бірінші жасылдар тобының бір мүшесі шығады.(ары қарай осылай жалғаса береді)
Жұмбақ. Қай мамандық иесі?

Құрып қойып өрмегін,
Ұршықтарын ойнатып.
Сәнді мата өрнегін,
Жасайтын кім жайнатып? (тоқымашы)
Шәкірттердің тірегі,
Мектептердің жүрегі. (Мұғалім)
Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын (шаштараз)
Бал татыған мәзір,
Ол бар жерде әзір. (Аспаз)
Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды. (етікші)
Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін? (Тігінші)

Әр топтың бір мүшесі 1 - 2 сөйлеммен бүгінгі сабақтың қорытындысын шығарсын. Жаңа сөйлемдерді қолдануларыңызға болады, оқылымда, тыңдалымда айтылған тірек сөздерді қосып сабақты қорытындылайық.
Үй тапсырмасы: өз мамандықтарыңызды қысқаша сипаттап жазып келіңіздер.

Сабақты қорытындылау
Мен бүгінгі сабақты Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен аяқтағым келіп отыр. Атақты жазушы: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»- деген екен. Сонымен таңдаған мамандықтарыңның жемісін көріңіздер.

Ақмола облысы, Бурабай ауданы,
Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Ж. Қ. Махметова

Слайдын жүктеу
3 935
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтар əлемінде
Мамандықтар əлемінде
Сабақтың мақсаты: Білімділік – бұл тақырып мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыруға, мамандықтар жөнінде мәліметтермен бөлісуге, еңбек нарығында енді ғана пайда болған мамандықтар жөнінде мағлұмат беруге көмектеседі;
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Болашақтың маманы - бәсекеге қабілетті
Болашақтың маманы - бәсекеге қабілетті
Топ жетекшісі: Аманова Меруерт Ашимхановна
Шона Смаханұлы "Он саусақ"
Шона Смаханұлы "Он саусақ"
Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймұханова Бақыткүл Издібайқызы
Мен мамандық әлеміндемін
Мен мамандық әлеміндемін
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Саухимова Жансая Серікбайқызы
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Атырау қаласы, Дамбы селосы, № 23 «Ынтымақ» балабақшасы әдіскері Ищанова Айтбике Махыбиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×