Білімділер поралы

Тұрлаулы мүшелер

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру.
Дамытушылығы: Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, ойын
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, семантикалық карта, сауалнама
Пәнаралық байланысы: Ана тілі, дүниетану

Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру бөлімі
А) Психологиялық дайындық: Қазақ тілім - өз тілім, дана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым қазақ тілім.

ІІ. Өткенді қайталау: «Қына тасқа бітеді. Білім басқа бітеді»
1. Сөйлем нені білдіреді?
2. Сөйлем неден құралады?
3. Сөйлемнің қандай түрлері бар?
4. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
5. Сөйлем мүшелерін ата.
6. Бастауыш дегеніміз не?
7. Баяндауыш дегеніміз не?
8. Қандай жағдайда бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады?

ІІІ. Көркем жазу. ЛЛЛЛ лллл
Кітап – білім бұлағы.
Білім – өмір шырағы.

ІV. Жаңа сабақ: 1. Қызығушылықты ояту. «Сөз қуаласпақ» ойыны
1 топ. Бастауыш 2 топ. Баяндауыш
Шарты: Бастауыш сөз ойлау, баяндауыш сөйлемді аяқтау.
2 Мағынаны тану.
Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш

Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі?
Баяндауыш

Не істеді? Не қылды? Қайтті? Не? Кім? Қандай?
Ереже: Сөйлем құруға негіз болатын сөздер сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталады.
Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп атаймыз.

Атырау облысы, Жылыой ауданы
Тұрғызба ауылы №4 мектеп
бастауыш пәні мұғалімі
Байсеуова Жанаргүл Таңжарқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 22
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 22
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика