Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қожа бейнесі

05 қыркүйек 2017, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қожа бейнесі
Мақсаты:
Б. Сокпақбаевтың шығармасын оқыта отырып шығарманың негізгі идеясын ашу. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың міндеті:
а) білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.
ә) дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту.
б) тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: пікірталас, СТО технологиялары
Көрнекілігі: флипчарт, АКТ, электрондық оқулық, Activstudio.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Амандасу, түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Психологиялық дайындық.

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
«Менің атым...» тақырыбында ой толғау.
- Сендерге қандай есімдер ұнайды?
- Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?
- Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?
Балаға ат қою дәстүрі
Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «Қырықтың бірі Қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Көбінесе молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойғызған. Балаға көз тиюден немесе жын-шайтаннан сақтасын деген наныммен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деп атаған. Адамның аты кейде тілек - мақсатқа орайлас болып келеді.
Дәулетті болсын деп: Байбол, Дәулет, т. б
Күшті де батыл болсын деп: Арыстан, Батырбек, Алпамыс, т. б
Сұлу да көрікті болсын деп: Айсұлу, Нұрсұлу, Әсем, Аруан, Әйгерім, т. б
- Бірақ, амал нешік, сен қызылшақа боп жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке - шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген (1 - тарау).
- Қандай дәстүр туралы айтылған?
- Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне дастархан жайылып, домбыра тартылып, ән салып, ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеретін той.
- Қазір бұл дәстүр сақталған ба?
- «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», - дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген)

Жаңа сабақ
I Қызығушылықты ояту сатысы.
«Ой қозғау» стратегиясы.
Жауап: Қожаға

«Түртіп алу» стратегиясы
II Мағынаны тану сатысы

1. «Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.
І топ – Жақтаушы топ. Қожаның ісі дұрыс деп, ойын дәлелдейді
ІІ топ – Даттаушы топ. Қожаның ісі дұрыс емес деп теріс шығарады да, дәлелдейді.

Пікірталас (екі топ өз тұжырымдарын дәлелдейді)

І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа
ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата - анасын күйдіреді.
Топтастыру
Қожа – жақсы бала
Қожа – тентек бала

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
2 280
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» атты повесі бойынша толық мәлімет беру. Оқушылардың өлең бойынша пікірлерін тыңдау, негізгі идеяны ашу. Оқулық бойынша жұмыс атқару, өз ойының айырмашылығын ескере отырып, есте сақтау кестесі арқылы оқушылардың
Б. Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" атты повесі бойынша әдебиетшілер сайысы
Б. Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" атты повесі бойынша әдебиетшілер сайысы
Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" атты повесі бойынша әдебиетшілер сайысы
Дулат Исабеков «Ата үміті»
Дулат Исабеков «Ата үміті»
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қарасу ЖОМ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Абишева Айсулу Даирбековна
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Қожа бейнесі «Түбінде адам болатын бала»
Қожа бейнесі «Түбінде адам болатын бала»
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кожанова Зинаида Курбанбаевна
Менің атым - Қожа
Менің атым - Қожа
Мақсаты: білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету. дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×