Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есімнен қайталау. Емханада

22 қыркүйек 2017, Жұма
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Емханада. Сан есімнен қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау. «Денсаулық» тақырыбына тапқан 5 мақалдарын жатқа сұрау
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2. Сабақтың құпиялылығы

Ем хана да
3. Сөздікпен танысу: емхана - поликлиника
Ауыру - болеть
Барлық - все
Мән бермеу - не обращать внимание
Өкіну - сожалеть
Дәрігер - врач
Тұрмыстық жағдай - бытовые условия
Экологиялық қолайсыздық - экологические неудобства
Сарапшылар - эксперты
Дерек - факт
Өмір салты - образ жизни
Қоршаған орта - окружающая среда
4. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» мәтінін оқу, аудару.

IV. Жаңа сабақты бекіту: А) Жазылым – 4 - тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып жазу
Жүрегің ауырса,... көрін.
Тісің ауырса,... бару керек.
Тұмауың болса,... бару керек.
Көзің ауырса,... бар.
Құлағың ауырса,... бару керек.
Дәрі керек болса,... бар.
Емделсең,... жазыласың.
Жазылсаң,... шығасың, сабаққа барасың.

Ә) Төмендегі сандарды топтарға біріктір.
Қырықтай, ондап, біреу, отыз бесінші, мың тоғыз, екіден бір, отыздай, екі мың он екінші, бесеу, оннан, тоғыздан, тоғыздай, жүздеген, он жарым, қырықтың екісі, жүздеп, бесінші, елу тоғыз, мың, екі мыңыншы, тоқсандай, алпыс алтыншы, үшеу, елуге жуық, оннан екісі.

V. Сабақты қорыту: А) Денсаулыққа кері әсер ететін жағдайларды атаңдар?
Дүниежүзілік деректер адам денсаулығының қанша пайызы өмір салтына қатысты деп көрсетіп отыр?
Экологиялық қолайсыздықтарға нені жатқызуға болады?
Адам науқастанса, кімнен көмек сұрайды?
Ә) Жазылым - 5 - тапсырма Грамматикалық тапсырманы орындау.
Мыс: Мен емханада ем аламын.
Сен емханада ем аласың.
Сіз емханада ем аласыз.
Ол емханада ем алады.

Біз емханада ем аламыз.
Сендер емханада ем аласыңдар.
Сіздер емханада ем аласыздар.
Олар емханада ем алады.

Сөздерді тәуелдеу.
Менің дәрігерім, денсаулығым.
Сенің...,...,
Сіздің...,...
Оның...,...
Біздің...,...
Сендердің...,...
Сіздердің...,...
Олардың...,...

VI. Үй тапсырмасын беру: 191 - бет 6 - тапсырмадағы суретті пайдалана отырып, сөйлем құрап жазу, оны әңгімелеу
VII. Бағалау. Рефлексия

Сан есімнен қайталау. Емханада жүктеу

Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау
1 415
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Сырт киімдер
Сырт киімдер
Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Ғаламтор қызметтер
Ғаламтор қызметтер
Ғаламтор қызметтері тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім
Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім
Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Мектепке немен барасың?
Мектепке немен барасың?
Мектеп туралы алған білімдерін толықтыра түсу. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×