Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қос сөздердің түрлері. Ұйқының пайдасы

23 қыркүйек 2017, Сенбі
7 сыныптың қазақ тілі бойынша сабақтың жоспары
Қазақ тілі 7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Ұйқының пайдасы. Қос сөздердің түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
А) «Денсаулық» мәтінінің мазмұнын сұрау;
Ә) аударма диктант: драгоценный, даже, обращать внимание, запас, здоровый образ жизни, формировать, заниматься, вредные привычки

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2. Айтылым - жазылым. Жаңа сөздермен танысу:
Әдеттену - привыкать
Тынығады - отдыхает
Ынтасы артады - появляется желание
Аурулардан - от болезней
Ересек - взрослый
Желдеткіш - форточка
3. Оқылым - «Ұйқының пайдасы» мәтінімен танысу
IV. Жаңа сабақты бекіту: Деңгейлік тапсырмаларды орындау
ІІІ деңгей
1. Сұраулық шылауларды қатыстырып, мәтінге сұрақ құраңдар.
Үлгі: Ұйқы денсаулықты жақсарта ма?
2. Мәтіннен сан есімдерді теріп, топтау сан есім жасаңдар.
Үлгі: төрт - төрттен
ІІ деңгей
1. Тірек сызба бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімелеңдер.

2. Төменде берілген сұраққа жазбаша жауап беріңдер.
Ұйықтаған кезде адам өзін қалай сезінеді?
Ұйықтау ережелерін неге білу керек?
І деңгей
Өздеріңнің денсаулықты сақтауға қатысты ойларыңды баяндау мәтіні түрінде жазыңдар.

V. Сабақты қорыту: Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап айту.

Денсаулық, жақсы болу үшін, салауатты өмір салты, қалыптастыру, дене тәрбиесі, дұрыс тамақтану, тазалық шараларын сақтау.

VI. Үй тапсырмасын беру: 184 - бет 2 - тапсырма мәтінді әңгімелеу
VII. Бағалау. Рефлексия
Екі жұлдыз, бір тілек

Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау
2 236
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Сырт киімдер
Сырт киімдер
Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Судың пайдасы. Тіл дамыту. Топтау сан есімдері
Судың пайдасы. Тіл дамыту. Топтау сан есімдері
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Ғаламтор құрамының элементтері
Ғаламтор құрамының элементтері
«Ғаламтор құрамының элементтері» тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Мектепке немен барасың?
Мектепке немен барасың?
Мектеп туралы алған білімдерін толықтыра түсу. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×