Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Реттік сан есімнің жасалуы. Күрес

23 қыркүйек 2017, Сенбі
7 сыныптың қазақ тілі бойынша сабақтың жоспары

Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күрес. Реттік сан есімнің жасалуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлттық ойын туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
А) ұлттық спорт түрлеріне берілген мәтінді мазмұндау;
Ә) сөздік диктант: зеректік, аңға байланысты, бес түрге бөлінеді, икемділік, түрлі заттармен ойналатын, ойындар, ата - бабаларымыз, тоғызқұмалақ.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Интербелсенді тақтадан қазақша күрес туралы бейнекөрініс көрсету.
2. Сыныпты 3 топқа түстер бойынша біріктіру. Сары, қызыл, ақ түстер арқылы бөліп, оларға шағын мәтіндер тарату. Мәтіндерді оқу, түсіну.

Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек - рим күресі, еркін күрес, дзю - до және самбо сияқты жекпе - жек түрлері кең тараған. 1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 жылы республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.

Сарылар:
Грек - рим күресі, классикалық күрес - қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға т. б. болмайды. Грек - рим күресінің мақсаты - қарсыласының жауырынын жерге тигізу не күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу. Қазақ халқынан шыққан Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев сияқты Дүниежүзілік олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің есімдері көпшілікке белгілі.

Ақ:
Дзю - до (жапонша дзю - жұмсақ, до - жол)
19 ғасырдың аяғында Жапонияда джиу - джицу күресі негізнде пайда болған. 1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізілді. Дзю - дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері - кимоно, белбеу, шалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. 1995 жылдан Алматыда Ораз Жандосов атындағы халықаралық турнир өтіп келеді.

Қызылдар:
Самбо ( орыстың самозащита без оружия - қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі) Күрестің бұл түрін қазақ, грузин, татар, әзірбайжан халықтардың ұлттық күрестерінің айла - тәсілдері негізінде белгілі маман Аркадий Харлампиев (1938 ж) құрған. Самбоның спорттық және әскери түрі бар. Самбодан КСРО біріншілігі 1939 жылдан бастап өткізілген. Ал Еуропа чемпионаты 1972 жылдан өткізіледі. Асхат Шахаров әлемнің үш дүркін чемпионы, Қанат Байшолақов, Бауыржан Садықанов, Асқар Шайхиев әлем чемпионы.
3. Грамматикалық тақырыптарды бекіту, пысықтау мақсатында тапсырмалар орындау.

IV. Жаңа сабақты бекіту: Мәтіннен сан есімдерді теріп, оларды сөзбен жазу.
V. Сабақты қорыту: - Қазақстанда күрестің қандай түрлері жақсы дамыған?
- Қандай күрес түрін классикалық деп санайды?
- Қай жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданды?
- Грек - рим күресінде қандай әдістерді қолданбайды?
- Дзю - до күресі қай ойынның негізде құралған?
- Дзю - до күресінде қандай киім киеді?
- Самбо күресін кім құрған?
- Самбодан кімдердің есімін есте сақтадың? Т. б.

VI. Үй тапсырмасын беру: топтық тапсырма: мәтіндерді әңгімелеу
VII. Бағалау

Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау
2 068
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Сырт киімдер
Сырт киімдер
Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Реттік сан есім. Шахмат әліппесі
Реттік сан есім. Шахмат әліппесі
Шахмат әліппесі туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Мектепке немен барасың?
Мектепке немен барасың?
Мектеп туралы алған білімдерін толықтыра түсу. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Жинақтық сан есім. Алматыға барғанда.
Жинақтық сан есім. Алматыға барғанда.
- Сан есім дегеніміз не? - Сан есімдер қалай топтарға бөлінеді? - Есептік сан есімдерге мысал келтіріңдер. - Реттік сан есім қалай жасалады? - Жинақтық сан есімнің жұрнақтарын ата.
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×