Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күрделі сөздер туралы түсінік. Тейквондомен шұғылдану

23 қыркүйек 2017, Сенбі
Қазақ тілі 7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Тейквондомен шұғылдану. Күрделі сөздер туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Дене шынықтыру

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау. Пысықтау сұрақтарын қою:
- Термин сөздер дегеніміз не?
- Олар қалай жасалады?
- Етістің неше түрі бар?
- Ырықсыз етіс дегеніміз не?
- Ырықсыз етіс қалай жасалады?

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
Күрделі сөз - кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөз. Оның 4 түрі бар: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз. Мыс: ата - ана, бала - шаға, Ақмарал, ақбөкен, ҚазҰУ т. б.
2. Лексикалық тақырып бойынша жұмыс жасау
3. сөздікпен танысу:
Жау - враг жаттықтырушы - тренер
Шабуыл - нападение нұсқаушы - инструктор
Ұстамдылық - выносливость ресми - офицально
4. Мәтінді түсініп оқу, аудару.
5. Деңгейлі тапсырмаларды орындау

ІІІ деңгей
1. Сұрақтарға жауап бер
А) Тейквондоның адамға қандай пайдасы бар?
Ә) Қазіргі таңда осы спорт түрімен қанша адам шұғылданады?
Б) Тейквондоның Дүниежүзілік федерациясының « штаб пәтері» қай қалада, қай елде орналасқан?
2. Мәтіннен реттік сан есімдерді теріп, сөзбен жазыңдар.

ІІ деңгей
1. Тейквондо спорты туралы әңгімелеңдер. Осы спортқа қатысты пікірлесіңдер.
2. Спортқа қатысты термин сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құраңдар.

І деңгей
Тейквондо спорты туралы қосымша мәліметтер жинаңдар.

IV. Жаңа сабақты бекіту.
Мақал – мәтелдерді түсініп оқ, орыс тіліндегі аудармасын табу. 1 - тапсырма
1. Түсіңе сенбе, күшіңе сен.
2. Күшенген жеңбейді, күші көп жеңеді.
3. Әр нәрсе сынарда өзінен мықтыға жолығады.

V. Сабақты қорыту: пысықтау сұрақтарын қою:
- Тейквондо неге қызмет еткен?
- Тейквондомен шұғылданудың пайдасы неде?
- Қазір тейквондомен әлемде қанша адам шұғылданады?
- Тейквондоның Дүниежүзілік федерациясының « штаб пәтері» қай қалада, қай елде орналасқан?

VI. Үй тапсырмасын беру: мәтінді әңгімелеу 157 - бет 2 - тапсырма
VII. Бағалау

Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау
2 481
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Сырт киімдер
Сырт киімдер
Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Ғаламтор құрамының элементтері
Ғаламтор құрамының элементтері
«Ғаламтор құрамының элементтері» тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Мектепке немен барасың?
Мектепке немен барасың?
Мектеп туралы алған білімдерін толықтыра түсу. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×