Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау

03 қазан 2017, Сейсенбі
Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау
(VІІ сынып )

Білімділік мақсаты: есімдердің түрленуінен алған теориялық білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты: Өтілген материалды тиянақты меңгертуге, жүйелі ойлау, ойын нақты жеткізуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал ету;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін дарыту, ізгілік, өзара сыйластық, достыққа тәрбиелеу, өнерге, өнер адамына деген құрмет сезімдерін шыңдау;
Түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың негізгі әдіс тәсілдері:
Оқыту әдісі іздену;
Сабақ өту әдісі қозғау салу, талдау;
Оқу әдісі ізденіс, талдау, дәлелдеу;
Пәнаралық байланыс: әдебиет, кино өнері, саз өнері, өмірмен байланыстылығы;
Сабақтың жабдықталуы: интербелсенді тақта, есімдердің түрленуіне схема таблица, сатылай кешенді талдау үлгілері папкасы № 1, 2, «Шәкен туралы естеліктер»
(авторы Кәукен Кенжетайұлы)

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу, түгелдеу.
2. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарына назар аудару.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі сабағымыз морфология тарауы, соның ішінде есім сөздердің түрленуінен өткенді қайталау мен бекітуге арналып «Білім керуені» деп аталады.
Ал керуен дегеніміз не?
Керуен дегеніміз алыс жерге жүк тасу немесе сапар жасап қайтуға арналған көлік тізбегі.
(Энциклопедия ІҮ том, 524 525бет)
«Қазақ киносының атасы» атанған, халқымыз мақтан тұтар Шәкен Кенжетайұлы Айманов атамыздың өнердегі, өмірдегі қайталанбас сара жолымен танысу.
(Грамматикалық тапсырмалар осы тақырып аумағында алынады)
Сабағымыз V турдан тұрады, бағалау шарттары:
1. «Қайталау оқу анасы», 0-2 ұпай
2. «Өзіндік ізденіс білім негізі», 0 10 ұпай
3. «Талдау табыс кілті», 0 5 ұпай
4. «Білімділер ордасы», 0 5 ұпай
5. «Жыр шашу», 0 5 ұпай.
Ескерту: тақтаға оқушылардың аттары мен сабақ турлары жазылған сызба сабақ басталмай ілінеді де, астына ұпайлар жазылған арнайы жапсырма қағаздар қойылады. Скиперлер ұпай санын ілуге көмектесіп отырады. Әр турдан кейін интербелсенді тақтадағы мадақтау сөздер көрсетіледі.

І тур; 0 2 ұпай.
«Қайталау оқу анасы»
(Қоржынға салған асықтардың саны сыныптағы оқушылар санына негізделеді, әр оқушы сол сұраққа жауап береді. Интербелсенді тақтадан жазылған сұрақтар көрсетіледі).

1. Сан есімнің түрленуі. Мысал келтіріңіз.
2. Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
3. Зат есімнің жіктелуі. «Оқушы» сөзін жекеше түрде жіктеңіз.
4. Сөйлемде есімдік қандай қызмет атқарып тұр?
Мен бала кезімдегі «Серектасымды» сағындым.
5. Сын есімнің түрленуі. Мысал кетіріңіз.
6. Септік жалғау.
7. Зат есімнің түрленуі. Мысал келтіріңіз
8. Өзен, сай, кереге, құйын, кітап сөздері жіктеле ме?
9. Жіктеу есімдіктерінің түрленуі.
10. Жалпылау есімдігінің түрленуі.
11. Салыстырмалы шырай дегеніміз не?
12. Көптік жалғау.
13. Шәкен айтты. Шәкен айтыпты дегенде қосымшадағы айырмашылық не?
14. Болымсыздық есімдігінің түрленуі.
15. Реттік сан есім жұрнақтары.
16. Зат есімнің мағыналық түрлері.
17. Шәкен Баянауыл топырағында дүниеге келген( кейінді ықпалды табыңыз)
18. Қосымша түрлерін атаңыз.
19. Жалқы есімге мысал ойластырыңыз.
20. Жинақтау сан есімге мысал айтыңыз.

Мадақтама сөздер: Жақсы! Тамаша! Бәрі ойдағыдай!
Ескерту: Әлі қол шапалақтауға ертерек...!

ІІ тур; 0 10 ұпай
«Өзіндік ізденіс білім негізі»
(Ескерту: интербелсенді тақтада 2 оқушы берілген сөйлемдерді кезектесіп талдайды, оқушылар деңгейлік тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды)

Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.
1. Ақбет таудың бауырында, Саржазықтың тап ортасында Айманбұлақтың бойында, Қызылшіліктің тау жақ бойында,
сары адырдың етегінде қарағайдан салынған екі бөлмелі аласа ғана қараша үйде 1914 жылы 15 ақпанда Шәкен (Шахкәрім) Айманов дүниеге келді.
2. Әкесі Кенжетай мойнына мылтық асынып, ит жүгіртіп, құс ұшырып, аң аулаған, қашанда домбырасы қолынан түспей ән мен күйге жаны құмар болған.

Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау жүктеу
1 473
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуін түсіндіру, зат есімнің жай түрі мен тәуелдеулі түрінің септелуін салыстыру арқылы өзгешеліктерін байқату.
Сан есім
Сан есім
Сан есім туралы мағлұмат беру, мәтін ішінен тауып, талдауға баулу; Жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төсілдіру;
Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Омарова Тамара Жетписбаевна
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Зат есімнің түрленуін қорытындылау
Зат есімнің түрленуін қорытындылау
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×