Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын қақпа ойыны

04 қазан 2017, Сәрсенбі
Сөздік қорға – төрт түліктің пайдасы
«Алтын қақпа» ойыны (6 - сынып)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың төрт түлік мал туралы білгендерін бір жүйеге келтіріп, толықтыру. Олардың адам баласына тигізер пайдасы туралы айту.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, білімге деген белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: төрт түлік малды күтіп баптауға, қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау, сергіту сәті.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, төрт түліктің суреттері, оқулық.
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Мұғалімнің кіріспе сөзі;
ІІ. Негізгі кезең:
- Үй тапсырмасын тексеру;
- Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ. Қорытынды кезең.
Көшпелі қазақ халқының өмірі, тіршілігі төрт түлік малмен тығыз байланыста болған. Малды қастерлеп, күтіп - баққан. Өйткені, жесе – азық, кисе – киім, мінсе – көлік болды. Малдың адамға пайдасы көп. Олай болса, бүгінгі сабағымызды төрт түліктің пайдасы тақырыбын ойын түрінде өткізбекпіз.
Ойын бірнеше кезеңнен тұрады. Олар – «Темір қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа». Әр қақпаны ашу үшін түрлі тапсырмалар орындау керек. Ал, «Алтын қақпаны» ашқан соң оның ішінен «Алтын сандық» шығады. Ал сандықты ашу үшін мақалдар айту керек. Сандық ашылса, онда «Білім қазынасы» бар. Ал сендердің мақсаттарын – «Білім қазынасына жету».
Әр қақпаны ашу үшін берілген тапсырмалардың орындауына қарай 3 түрлі фишкамен бағалаймыз. Қызыл фишка –«5», көк фишка –«4», сары фишка –«3».

І сайыс. «Темір қақпа».
Интерактивті тақтада – «Темір қақпа». Бұл қақпаны ашу үшін бірнеше тапсырма орындаймыз. Кім білгіш? бәсекесі. Интерактивті тақтада жұмыс.
Мал баққан халық әр жануардың өзінің пірі бар деп санаған. Сол пірлерге сиынған халық мал күтуді ең зор қасиетті іс - әрекет деп таныған. Енді, балалар, сол төрт түлік мал пірлері туралы не білеміз?
Түйенің пірі -... Ойсыл қара
Сиырдың пірі -... Зеңгі баба
Жылқының пірі -... Қамбар ата
Қойдың пірі -... Шопан ата
Ешкінің пірі -... Шекшек ата
Балалар, біз сөйлейміз, күлеміз, айқайлаймыз, ренжиміз, осы күйімізді біз белгілі бір дыбыспен, қимылмен білдіреміз ғой, ал енді малдың қалай дыбыстайтынын есімізге түсірейік.
Қой маңырайды
Жылқы кісінейді
Сиыр мөңірейді
Түйе боздайды
Енді, осы төрт түлікті шақырып көрейік.
Биені -... Құрау - құрау
Түйені -... Көс - көс
Сиырды -... Аухау - аухай
Ешкіні -... Шөре - шөре

ІІ сайыс. «Күміс қақпа».
Бұл қақпаны ашу үшін әр оқушы өз білімін көрсетеді.
«Кім білімпаз?» бәсекесі.
1. Интерактивті тақтада жұмыс
2. Сөзжұмбақты шеш.

Алтын қақпа ойыны жүктеу
2 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Төрт - түлік
Төрт - түлік
М. Әбенова атындағы жалпы орта мектеп Орындаған: 1 сынып оқушысы Қасымова Несібелі Ануарбекқызы. Ғылыми жетекшісі: Алмурзаева Баян Куралбаевна
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау қаласы, Талғайраң селосы, Талғайраң негізгі мектебі Шағын орталық тобы тәрбиешісі Елеусинова Бибігүл Қанатбайқызы
Төрт түлігім - ырысым
Төрт түлігім - ырысым
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шалхар Рухия
Төрт түлік мал
Төрт түлік мал
ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джандаралова Жанар Ахметқанқызы
Түліктің пайдасы. Етістік
Түліктің пайдасы. Етістік
Тараз қаласы, А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Инкарбаева Жанар Ержанқызы Түліктің пайдасы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×