Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атаулы сөйлем

16 қазан 2017, Дүйсенбі
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Атаулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жай сөйлемнің құрамдық түрлерінен сөздердің білімдерін жетілдіру, жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлем және оның жасалу жолдарын түсіндіру, атаулы сөйлемнің ерекшеліктерін меңгерту. үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: оқушыларды өз ойын еркін айта білуге баулу, ұжымдыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың тегі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау.
Интерактивті тақтаны пайдаланып, қажетті материалдарды, сызба - кестелерді көрсетіп, тақырыпты ашу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, сызбалар, семантикалық кесте, графикалық диктант, схемалы кесте, Венн диаграмма.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және топтық жұмысқа белсендіру
Сабақтың эпиграфы:
Кіршіксіз таза сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ананың тілі - ардақты
Аманат, саған, аманат.
Оқушыларды жыл мезгілдерін ұнатуына қарай 4топқа бөлу.
«Қыс». «Көктем». «Жаз». «Күз».

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
84 - жаттығу. Өз ойларынан екі жолдастың әңгімелескенін үйлестіріп жазу және әңгімеде толымды, толымсыз сөйлемдер болу керек.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Өткен материалдар бойынша сұрақтар.
Ой жинақтау
Синтаксис нені зерттейді?
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
Жай сөйлем дегеніміз не?
Жай сөйлемнің құрамдық түрлерін ата
Бастауыштың қатысу - қатыспауына қарай жай сөйлем нешеге бөлінеді?
Тұрлаулы мүшелердің қатысу - қатыспауына қарай жай сөйлем нешеге бөлінеді?
Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің қатысу - қатыспауына қарай жай сөйлем нешеге бөлінеді?
Семантикалық кестені толтыру

Атаулы сөйлем жүктеу
1 942
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атаулы сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Атаулы сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Кейбір жай сөйлемдер іс - оқиғаны баяндамайды, тек заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреді.
Құрмалас сөйлемді қайталау
Құрмалас сөйлемді қайталау
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбдіқалықова Индира Тұрсынбайқызы
Жай сөйлемге арналған жаттығу жұмыстары
Жай сөйлемге арналған жаттығу жұмыстары
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, "№17 Байқоңыр орта мектебі" КММ нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурпейсова Гулсим
Атаулы сөйлем
Атаулы сөйлем
Ш. Уәлиханов атындағы №26 мектеп Қармақшы аудандық білім бөлімі Аудандық «Шеберлік сыныбы»семинары Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: И. Әбдіқалықова
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Атаулы сөйлем
Атаулы сөйлем
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өтегенова Несіпкүл Жақсымұратқызы Сабақтың тақырыбы: Атаулы сөйлем. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.Оқушыларға атаулы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×