Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің жасалуы. Дара және күрделі зат есімдер. Деректі, дерексіз зат есімдер

10 наурыз 2020, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жасалуы. Дара және күрделі зат есімдер. Деректі, дерексіз зат есімдер.
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша білім беруі, кеңейту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету;
Тәрбиелік: түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой - санасын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың өту әдісі: кесте, түсіндіру, тапсырмалар беру, сұрақ - жауап,
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптың тазалығына назар аудару.
3. Оқушылардың назарын тақтаға аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
103 - жаттығу. «Ұлттық салт – дәстүрлер» тақырыбында қазақ салт - дәстүрлері туралы шағын әңгіме жазыңдар.
Сұрақ – жауап:
1. Сөз таптары дегеніміз не?
2. Сөз таптары нешеге бөлінеді?
3. Зат есім дегеніміз не? Мысал келтіру, сұрақтарын атау,
4. Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
5. Құрамына қарай қалай бөлінеді?
6. Жалпы және жалқы есімге мысал келтіру
7. Деректі және дерексіз зат есімдер дегеніміз не? Мысал келтіру.

ІІІ. Жаңа тақырып: Зат есімнің жасалуы. Деректі, дерексіз зат есімдер.
Мәні бойынша
1. Жалпы есім.
Біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер.
М: тау, құс, адам, өсімдік, жануар, аң, ауыл,

2. Жалқы есім.
Бір затқа ғана берілген атау. Біркелкі заттарды, құбылыстарды жекелей атайтын, арнайы берілген есімдер мен атаулар.
М: Алатау, Ақерке, Жетісу, аю, сауысқан, Алатау,

Танылуы бойынша
1. Деректі зат есім. Нақтылы тануға болатын, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат атаулары.
М: кітап, мектеп, дос, су, нан, дәптер, қалам, ине,

2. Дерексіз зат есім.
Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары.
М: Ақыл, ой, бақыт, арман, білім,

Дара зат есім
Бір сөзден жасалған зат есім дара зат есім деп аталады.
М: Ана, аға, әке, көл, өзен,
1. Негізгі зат есім.
Тек түбірден жасалған зат есімдер.
М: Отан, ер, есім, дос, жол, мал, ауыл

2. Туынды зат есім
Жұрнақ жалғану арқылы жасалады
М: қуан - ыш, сез - ім, шат - тық, ту - ыс, тоңазыт - қыш, қон - ақ, тара - қ, күре - к

Күрделі зат есім
1. Екі не бірнеше сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруынан жасалады.

Мысалы: Мұражай, аққу, баспасөз, дос - жаран, ата - ана, сан есім, сын есім, ҚазҰУ, ата заң, ҚазҰПУ, саябақ.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
104 - жаттығу. Зат есімдерді көшіріп жазып, мағыналық түріне ажыратыңдар. Қарамен жазылған сөздер жалпы есім бе, жалқы есім бе түсіндіріңдер.

105 - жаттығу. Берілген сөздерді төрт топқа (деректі, дерексіз, зат есім, жалпы есім, жалқы есім) бөліп жазыңдар.
Деректі зат есім: Жүзік, ақша
Дерексіз зат есім: Абырой, адамгершілік
Жалпы есім: Ақша, ықшам аудан
Жалқы есім: Зеңгі баба

106 - жаттығу. Зат есімдерді теріп жазып, мағыналық түрлеріне атап беріңдер.
V. Сабақты бекіту.
Сұрақ – жауап;
1. Зат есім дегеніміз не? Мысал келтіру, сұрақтарын атау,
2. Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
3. Құрамына қарай қалай бөлінеді?
4. Жалпы және жалқы есімге мысал келтіру
5. Деректі және дерексіз зат есімдер дегеніміз не? Мысал келтіру.

VІ. Үйге тапсырма. 107 - жаттығу. Төменде берілген сөздерге байланысты өз жандарыңнан жұмбақ, жаңылтпаш немесе шағын өлең құрастырыңдар. Жұлдыз, дос, арман, бәйтерек, қыран, бақыт.

Қостанай облысы, Арқалық қаласы,
№10 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Оспан Айдана Уақитқызы

Зат есімнің жасалуы. Дара және күрделі зат есімдер. Деректі, дерексіз зат есімдер. жүктеу
82 409
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен
Сын есім туралы түсінік. Дара және күрделі сын есімдер
Сын есім туралы түсінік. Дара және күрделі сын есімдер
Дара және күрделі сын есімдер туралы түсінеді Оларды бір - бірінен дұрыс ажырата білуге дағдыланады
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Семгалиевна Баршагул
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шахида Тохтахунова
Дара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдер
Алматы қаласы, Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп – гимназиясының қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Ешмагамбетова Гүлбахрам Сейткәрімқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×